Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ЭЛЕКТРТЕРІСТІЛІК. КОВАЛЕНТТІ ПОЛЮСТІ ЖӘНЕ ПОЛЮССІЗ БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 В Химиялық байланыс түрлері.

Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін «Берілген Н2 және НСl молекулаларының электрон бұлттарын салыстырыңыз. Неліктен олар ерекшеленеді? » деген проблемалық сұрақ қойылады. Оқушылар Н2 молекуласында электрон тығыздығы теңдей таралған, ал НCl молекуласында электрон тығыздығы хлор атомына қарай ығысқан деген қорытындыға келуі қажет. Мұғалім осыған байланысты ковалентті байланыс полюсті және полюссіз болып екіге бөлінетіндігін айтады. «Ковалентті байланыстың полюсті немесе полюссіз екендігін қалай ажыратамыз?» деген жаңа проблемалық сұрақ ұсынады. Оқушылар жауаптарына сүйене отырып мұғалім жаңа ұғымды «электртеірістілік» енгізеді. Оқушылармен бірлесе отырып электртерістілік ұғымының анықтамасын құрастырады. Бұл әдіс оқушылардың негізгі ұғымдар анықтамасын жаттауына емес, түсінуіне септігін тигізеді.

Оқушыларларға жұпта элементтердің салыстырмалы электртерістілік мәндеріне сүйене отырып период және топ бойынша қалай өзгеретіндігін сипаттауды ұсыныңыз. Бұл білім алдағы уакытта байланыстың полюстілігін анықтауда периодтық жүйе жеткілікті деген түсінік қалыптастырады. Оқушылар түсінігін толықтыру мақсатында төмендегідей сұрақтарды ұсыныңыз: Электртерістілігі ең жоғары элемент, Электртерістілігі ең төмен элемент, Электртерістілік мәні нөлге элементтер тобы .

Осыдан кейін оқушыларға жұпта атомдардың салыстырмалы электртерістілік мәндерін пайдаланып молекуланың ковалентті полюсті немесе полюссіз екендігін анықтауын сұраңыз. Оқушылар жауаптарының негізінде электртерістілік мәндері бірдей атомдар арасында ковалентті полюссіз байланыс, ал электртерістілік мәндерінің айырмасы азғантай болса ковалентті полюсті байланыс түзілетінін нақтылап кетіңіз.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызыл немесе жасыл» атты белеснді оқыту тәсілін қолдануға болады. Оқушыларға қызыл және жасыл түсті карточканы ұсыныңыз. Оқушылар егер молекула құрамында ковалентті полюсті байланыс болса қызыл түсті, ал ковалентті полюссіз байланыс болса жасыл түсті көрсететінін ескертіңіз. Бұл әдіс оқушылардың жылдам логикалық ойлауын қабілетін арттырады. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты игергендігін анықтау мақсатында жеке жұмыс ретінде жұмыс парағын ұсыныңыз.

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?