Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Мектебі

Пәні: Химия

Мұғалімніңаты-жөні: 

Сабақтың тақырыбы

Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс

Сынып:

Қатысқандар саны:

Күні:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

8.1.4.1 электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • Электртерістілік ұғымының анықтамасын айқындай алады;
  • электртерістілік заңдылықтарының өзгерісін сипаттай алады;
  • электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасында түзілген ковалентті байланыстың полюсті және полюссіз екендігін ажырата алады;

Жетістік

критерийлері

  • Электртерістілік ұғымының анықтамасын айқындайды;
  • электртерістілік заңдылықтарының өзгерісін сипаттайды;
  • электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасында түзілген ковалентті байланыстың полюсті және полюссіз екендігін ажыратады;

Тілдікмақсаттар

Оқушылар жаңа сөздерді түсінгенін көрсету үшін, оларды қатесіз пайдалану қажет

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Атомдық, молекуалалық, иондық, металдық. кристалл торлар.

Атомдық/ молекулалық/ иондық кристалл торлардың түйіндерінде атомдар/молекулалар/иондар орналасады.

Металдық кристалл тор кристалл торлардың түйіндерінде атомдар/ иондар орналасқан тор, олардың арасында бос күйінде ............. қозғалады.

Х затының кристалдық торы ....... , яғни физикалық қасиеттері төмендегідей ..................

АКТ қолданудағдылары

Powerpoint

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланғаніс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру.

І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру

Презентация

Миға шабуыл

2-4 мин

5-9 мин

Сабақтың ортасы

9-20 мин

20- 26 мин

26-33 мин

34 -38 мин

Проблемалық сұрақ:

Берілген Н2 және НСl молекулаларының электрон бұлттарын салыстырыңыз. Неліктен олар ерекшеленеді?

Оқушылар Н2 молекуласында электрон тығыздығы теңдей таралған, ал НCl молекуласында электрон тығыздығы хлор атомына қарай ығысқан деген қорытындыға келуі қажет.

Мұғалім осыған байланысты ковалентті байланыс полюсті және полюссіз болып екіге бөлінетіндігін айтады.

Мұғалім: Ковалентті байланыстың полюсті немесе полюссіз екендігін қалай ажыратамыз? Оқушылар жауаптарына сүйене отырып мұғалім жаңа ұғымды «электртеірістілік» енгізеді.Оқушылармен бірлесе отырып электртерістілік ұғымының анықтамасын құрастырады.

Электртерістілік – химиялық байланыс кезінде атомдардың өзіне электрон тарту қабілеті.

Элементтердің салыстырмалы электртерістілігі

Элетртерістілік период және топ бойынша қалай өзгеретіндігін сиптаттаңыз?

Оқушылар жұпта өзара ақылдасып, электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай артады және топ бойынша жоғарыдан төменге қарай кемиді деген қорытындыға келеді.

Оқушылар түсінігін толықтыру мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады.

Электртерістілігі ең жоғары элемент _______

Электртерістілігі ең төмен элемент_______

Электртерістілік мәні нөлге элементтер тобы ____

Жұптық жұмыс: Оқушылар жұпта элементтердің салыстырмалы электртерістілік мәндерін пайдаланып молекуланың ковалентті полюсті немесе полюссіз екендігін анықтайды.

Активити : Оқушыларға қызыл және жасыл түсті карточкаады ұсыныңыз. Оқушылар егер молекула құрамында

ковалентті полюсті байланыс болса қызыл түсті ,

ал ковалентті полюссіз байланыс болса жасыл түсті көрсететінін ескертіңіз.

Жеке жұмыс:

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды жеке орындайды.

http://foxford.ru/wiki/himiya/zakonomernosti-izmeneniya-svoystv-elementov-i-ih-soedineniy-po-periodam-i-gruppam

Сабақтың

соңы

38-40 мин

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- ненібілдім, неніүйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қ

андай міндет қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылар:

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?