Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс. Химия, 8 сынып, қосымша жатериал.


«КОВАЛЕНТТІ БАЙЛАНЫС»

ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Химиялық байланыс түрлері

 Сабақ жоспары оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа тақырыпқа ұштастыра отырып өздігінен оқушыларыдың ізденушілік қабілеттерін өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Оқушыларға сабақ тақырыбын өздері айқындау үшін сурет көрсетіледі. Сурет арқылы оқушылардың элементтердің өзара байланыс түзіп отырғандығын айқындап, сабақ тақырыбы химиялық байланыс деп тұжырымдайды. Мұғалім жалпы тараудың «Химиялық байланыс түрлері» және бүгінгі тақырып «Ковалентті байланыс» екендігін нақтылап, сабаұ мақсаттарымен оқушыларды таныстырады. Оқушылар қызығушылығын арттыру ммақсатында оқушыларға «не себепті атомдар байланыс түзеді?» деген мәселе сұрақ қойылады. Оқушылар жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, мұғалім жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды байланыс түзі арқылы атомдар тұрақтылыққа жетеді деген қорытындыға әкеледі. Мысал ретінде 5-слайдта хлор мен аргон атомдары ұсынылған, оқушыларға олардың қайсысы химиялық байланыс түзуге белсенді қатысады және неліктен деген сұрақтар қоюға болады. Оқушылардың алдыңғы білімін пысықтау мақсатында шағын ақ тақтаға берілген атомдар тұрақтылыққа жету үшін қанша электрон жоғалтатынын және қосып алатынын жазуды ұсыныңыз. Уақыт беріңіз. Уақыт аяқталған соң оқушыларға ақ мини тақталарын көтеруін сұраңыз. Оқушылар бір- бірінің жауаптарын көретіндей болулары қажет. Дұрыс орындаған оқушыға өз нұсқасын түсіндіруді сұраңыз. Бұл әдіс оқушылардың өздігінен және өзара білім алмасуына, өз ойын нақты әрі тиянақты жеткізуге себеп болады.

Оқушыларға жаңа тақырыпты диалогтық оқыту элементтерін қолдана отырып, хлор молекуласының түзілуі мысалында түсіндіріңіз. Оқушыларға хлор атомының электрондық конфигурациясын жазуды ұсыныңыз. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Хлор атомы тұрақтыма? Не себептен хлор табиғатта атом түрінде кездеспейді? Хлор молекуласын түзу үшін қанша хлор атомы қажет? Хлор атомы тұрақтылыққа қалай жете алады?» деген бірқатар сұрақтар қойылады, бұл сұрақтарға оқушылар хлор атомының электрондық конфигурация сүйене отырып, әрбір хлор атомына сыртқы электрон қабатын толықтыру үшін бір электрон керек деп жауап берулері қажет. Осыдан кейін оқушыларға «хлор атомдары өзара қалай байланысады?» деген проблемалық сұрақ қойыңыз. Оқушылар атомдар арасында ортақ электрондық жұп пайда болады, сол арқылы хлор атомдары химиялық байланыс түзеді деген қорытындыға келулері қажет. Мұғалімнің бұл байланыстың ковалентті байланыс деп аталады нақтылайды. Ковалентті байланыстың анықтамасы айтылғаннан кейін, байланыстың түзілу диаграммасын көрсету үшін «айқыштар мен нүктелер диаграммасы» қолданылатынын түсіндіріңіз.

 

Оқушыларға нақыт әрі түсінікті болу мақсатында сутегі және хлорсутек молекуласының түзілуінің айқыштар мен нүктелер диаграммасынын анимация түрінде көрсетіледі. Осыдан кейін оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқушыларға оттегі аммиак, метан, азот молекулаларындағы байланыстың түзілу механизмінің «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салуды және осы молекулаларды модельдеуді (шар стерженді модельді, болмаған жағдайда пластилин мен шырпы таяқшаларын қолдануға болады) ұсыныңыз. Оқушылармен бірлесе осы жұмыстың бағалау критерийлерін құрыңыз. Оттегі молекуласында қос байланыстың, ал азот молекуласында үш байланыстың болатынына оқушылардың назарын аударыңыз. Бұл оқушылардың өзара бағалау үрдісіне қатысуына және жауапкершілігін арттыруға өз септігін тигізеді. Оқуушылардың жұмысты толық игергендігін нақтылау мақсатында күрделі қосылыстардың (SCl6 , C2H4 , PCl5 , SO3) түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетуін ұсыныңыз.

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.

 

 

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?