Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Мектебі

Пәні: Химия

Мұғалімніңаты-жөні: 

Сабақтың тақырыбы

Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс

Сынып:

Қатысқандар саны:

Күні:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

8.1.4.1 электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • сыртқы қабатты аяқтау үшін атомдар қанша электрон қосып немесе беріп жібере алатындығын анықтай алады;
  • ковалентті байланыстың анықтамасын жаза алады;
  • «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып ковалентті байланыстың түзілу механизмін көрсете алады.

Жетістік

критерийлері

  • сыртқы қабатты аяқтау үшін атомдар қанша электрон қосып немесе беріп жібере алатындығын анықтайды
  • ковалентті байланыстың анықтамасын жазады;
  • «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып ковалентті байланыстың түзілу механизмін көрсетеді

Тілдікмақсаттар

Оқушылар жаңа сөздерді түсінгенін көрсету үшін, оларды қатесіз пайдалану қажет

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Атомдық, молекуалалық, иондық, металдық. кристалл торлар.

Атомдық/ молекулалық/ иондық кристалл торлардың түйіндерінде атомдар/молекулалар/иондар орналасады.

Металдық кристалл тор кристалл торлардың түйіндерінде атомдар/ иондар орналасқан тор, олардың арасында бос күйінде ............. қозғалады.

Х затының кристалдық торы ....... , яғни физикалық қасиеттері төмендегідей ..................

АКТ қолданудағдылары

Powerpoint

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланғаніс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру.

І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру

Презентация

Миға шабуыл

2-4 мин

5-9 мин

Сабақтың ортасы

9-20 мин

20- 26 мин

26-33 мин

34 -38 мин

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін сурет ұсынылады.

Оқушылар суретте элемент атомдарының өзара байланыс түзгендерін анықтағаннан кейін,сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады.

Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады «Не себепті атомдар байланыс түзеді?»

Оқушы жауабы: тұрақтылыққа жету үшін;

Мұғалім сұрағы: Атомдар тұрақтылыққа қалай жетеді?

Оқушы жауабы: Аяқталған сыртқы қабат атомды тұрақты етеді.

Оқушылар жауабын нақтылау мақсатында келесі суретті ұсыныңыз, хлор атомы мен аргон газы қай атом тұрақты? Неліктен? Хлор атомы тұрақтылыққа қалай жетеді?

Жеке жұмыс: Шағын ақ тақта

Оқушылар әртүрлі атомдардың қанша электрон бере немесе қосып ала алатындығын айқындайды. Оның жауабын ақ тақтаға жазып көрсетеді.

Проблемалық сұрақ:

- Хлор атомының электрондық конфигурациясын жазыңыз.

- Хлор атомы тұрақтыма?

- Не себептен хлор табиғатта атом түрінде кездеспейді?

- Хлор атомы тұрақтылыққа қалай жете алады?

Әрбір хлор атомына сыртқы электрон қабатын толтыру үшін бір электрон қажет.

Хлор атомдары өзара қалай байланысады?

Оқушылар атомдар арасында ортақ электрондық жұп пайда болады, сол арқылы хлор атомдары химиялық байланыс түзеді деген қорытындыға келулері қажет. Мұғалімнің бұл байланыстың ковалентті байланыс деп аталады нақтылайды.

Ковалентті байланыстың анықтамасы айтылғаннан кейін, байланыстың түзілу диаграммасын көрсету үшін «айқыштар мен нүктелер диаграммасы» қолданылатынын түсіндіріңіз.

(сыртқы қабатындағы барлық электрондардың жазылуына мән берініңз)

Оқушыларға түсінікті болу мақсатында сутегі және хлорсутек молекуласының түзілуінің айқыштар мен нүктелер диаграммасынын анимация түрінде көрсетіледі.

Жұптық жұмыс: Оқушыларға берілген молекулалардың:

  • оттегі (O2) молекуласы
  • аммиак (NH3) молекуласы
  • метан (CH4) молекуласы
  • азот (N2) молекуласы
  • су (H2O) молекуласы
  • түзілу механизмінің «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салыңыз;
  • осы молекулаларды модельдеуді ұсыныңыз

Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрастырыңыз.

Бағалау критерийлері:

1. Элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондарын дұрыс көрсете алды.

2. Электрондарды «айқыш пен нүкте» арқылы көрсетті.

3. Ортақ жұп электрондарды дұрыс көрсетті

Топтық жұмыс

Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топ постерде SCl6 , C2H4 , PCl5, SO3 молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын салуды ұсыныңыз.

Топтар бірін-бірін тексеріп бағалайды (егер жазған диаграмаларымен дұрыс деп келіссе, онда жасыл карточкаларын көтереді, келіспесе қызыл немесе стикер береді).

Жеке жұмыс:

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды жеке орындайды.

http://foxford.ru/wiki/himiya/zakonomernosti-izmeneniya-svoystv-elementov-i-ih-soedineniy-po-periodam-i-gruppam

Сабақтың

соңы

38-40 мин

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- ненібілдім, неніүйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қ

андай міндет қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылар:

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?