Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Пән:Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:8

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі

Сабақтың тақырыбы

Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

Бастапқы білім

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Оқыту мақсаттары

8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

- топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

 

Период, топ, ядро заряды, энергетикалық деңгей, сыртқы деңгей, валенттілік электрондар, атом радиусы, металдық қасиеттері, бейметалдық қасиеттері, негіздік/қышқылдық қасиеттері.

Топта ядро заряды, энергетикалық деңгей саны, атом радиусы артады/ кемиді

Периодта солдан оңға қарай ядро заряды артады/ кемиді, энергетикалық деңгей саны ........ , атом радиусы өседі/азаяды.

Металдық/ бейметалдық қасиеттері топтарда жоғарыдан төмен қарай артады/кемиді, себебі .......

Металдық/ бейметалдық қасиеттері периодтарда солдан оңға артады/кемиді, себебі .......…

Құндылықтарды

дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Ұлт денсаулығын нығайту

Оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру

Топпен, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Жаһандық азаматтық

Пәнаралық байланыстар

Пән

Физика

Кезең

Атом құрылысы

 Дифференциация

Барлық оқушылар:

Металдық, бейметалдық қасиеттерінің, атом радиусы, электртерістігі, электронтартқыштық, иондану энергиясының период бойынша өзгерісін біледі

Көпшілік оқушылар:

Металдық, бейметалдық қасиеттерінің, атом радиусы, электртерістігі, электронтартқыштық, иондану энергиясының период бойынша өзгерісін біледі болжайды

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPointжәне де оның мүмкіндіктерін көре алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Бөлмені желдету.

2.Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

3-5 минут

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Сабақ тақырыбын анықтау.

Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

Сабақтың мақсатын анықтау.

8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Сабақтың ортасы

5-8 минут

8-16 минут

16-29 минут

29-37 минут

Оқушыларға бос кесте ұсыныңыз:

(Ж)Оқушылардан үлгідегі металдар мен бейметалдардың орналасу аймағын әр түрлі түспен белгілеуді сұраңыз:

(Б)Қатты заттар, сұйықтық, газдардың орналасу аймағын үлгіде әр түрлі түспен көрсетуді оқушылардан сұраңыз.

(Э) Оқушыларға металдар мен бейметалдардың кейбір физикалық қасиеттерін(агрегаттық күйі, түсі, жылтыры, иісі, морт сынғыштық, иілімділік, электрөткізгіштік) зерделеуді ұсыныңыз

Мұғалім электрон тартқыштық, электртерістік, иондану энергиясы қасиеттерін түсіндіру

Қорытынды жасаңыз:

«Металдар өздерінің сыртқы қабатындағы электрондарын беретін элементтер.

Бейметалдар өзінің сыртқы қабатына сегізге дейін жетпей тұрған электрондарын қосып алуға тырысатын элементтер

Металл өзінің сыртқы қабатындағы электрондарын жеңіл берген сайын, олардың металдық қасиеттері басым болады. Керісінше бейметалл сегізге дейін жетпей тұрған электрондарын жеңіл қосып алатын болса, оның бейметалдық қасиеттері басым келеді».

Оқушыларды 2 топқа бөліңіз. (бос кесте бойынша)

І топ1 топ негізгі топша элементерінің;

ІІ топ3 период элементтерінің мысалында

- ядро заряды, энергетикалық деңгей саны, сыртқы деңгейіндегі электрондар саны, атом радиусы, электрон тартқыштығы, иондану энергиясы

- жай заттардың металдық, бейметалдық қасиеттері

- қосылыстардың негіздік/қышқылдық қасиеттері қалай өзгеретіндігін анықтауды ұсыныңыз.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

(Т) (Б)Оқушыларға топтарда химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты түрде қайталану себебін талқылауды ұсыныңыз.

Элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерімен байланысты заңдылықтар:

http://qps.ru/5lFvX

Д. И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық кестесі:

http://scienceland.info/chemistry8/periodic-system1

Элементтерді жүйелеудің алғашқы қадамдары http://www.physchem.chimfak.rsu.ru/Source/History/Sketch_5.html

Сабақтың соңы

37-40 минут

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?