Элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеру заңдылықтары. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Химиялық элементтердің

периодтық жүйесі

Мектеп: ХББ, НЗМ Қызылорда қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Талқанбаева Г.К

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеру заңдылықтары

Осы сабақта

қолжеткізілетін

оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме)

8.2.1.3 элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары мен міндеттері

  • элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын түсінеді

Жетістік

критерийлері

Барлық оқушылар:

- элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын біледіі

Көптеген оқушылар:

- элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын түсінеді

Кейбір оқушылар:

-элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын басқаларға түсіндіріп бере алады

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Period- период

Group - топ

Alkali metals – сілтілік металдар

Alkaline Earth metals – сілтілік-жер металдары

Block – блок

Halogen – галоген

Chalcogen- халькоген

Noble gas – асыл газ

Properties - қасиеттер

Liquid –сұйық

Solid- қатты

Gas – газ

Non-metal - бейметалл

Metal – металл

Amphoteric – амфотерлі (екідайлы).

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең

Неге (элемент) осы топқа жатады?

 Құндылықтарды дамыту

Нақтылық, шынайылық, азаматтық сауаттылық

Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы:

Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Олар өздерінің білгендерін өзге құрбыларымен де бөлісіп отырады.

Ынтымақтастық. Сабақ барысында топтық жұмысты орындағанда, берілген тапсырмаларды орындағанда олардың ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды.

Өмір бойы білім алу. Оқушылардан бүгінгі сабақтан алған білімдерін өмірде де қолдану мүмкіндігі айтылып өтіледі

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика

АКТ қолдану дағдылары

Powerpoint

Бастапқыбілім

Атом құрылымы туралы барлық тақырыптар қаралады:

Атомдағы электрондар қозғалысы (8.2А)

Формулалар және химиялық теңдеулер (8.3А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 мин

Ұйымдастыру.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын қалыптастыру

Сұрақтар:

Топ дегеніміз не?

Периодтық жүйеде неше топ бар және период саны қанша?

Период дегеніміз не?

Бейнетаспа көрсетіледі

Сабақтың ортасы

8-36мин

Элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері тікелей атом құрылысына тәуелді. Топтарда барлық элементтердің электрондық құрылыс ұқсас болады. Электрондармен сыртқы энергетикалық деңгейді толтыруда айырмашылық жоқ.

Оқушылар алтыншы топ мысалында (оттек топшасы) келесі сұрақтарды талқылау үшін үш топта жұмыс жасайды

Топтық жұмысқа ұсынылатын сұрақтар

- Топ бойынша атомның радиусы төменнен жоғары қарай қалай өзгереді?

- Атом ядросына электрондар күшті немесе әлсіз тартыла ма?

- Атомның электрондарды беріп жіберу қабілетті арта ма, әлде кеми ме?

- Қандай жағдайда элементтің металдық қасиеттері болады?

Топтық жұмысты бағалау критерийлері:

  • Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасау;
  • Топ бойынша элементтер мен олардың қосылыстары химиялық қасиеттерінің заңдылықтарының өзгеруі ережесін дұрыс құрастырады.
  • Қорытындылай алады;
  • Уақытты тиімді пайдалана алады.

Топтар бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.

Топ бойынша қорытынды жасалады, қосымша слайдан көрсетіледі (дәптермен жұмыс )

  • ядро заряды артады
  • атом радиусы артады
  • энергетикалық денгей саны артады
  • элементтердің металдық қасиеттерінің жоғарыдан төмен қарай артады және олардың қосылыстарының негіздік қасиеттері күшейеді
  • сыртқы энергетикалық денгейдегі электрон саны өзгермейді

Жұптық жұмыс

Жұптар екінші период элементтерінің мысалы ретінде (Li-Ne)

элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерінің период бойынша өзгеруін қарастырады

Жұптарға ұсынылатын сұрақтар:

- Период бойынша атом радиусы қалай өзгереді?

- Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондарда қандай өзгеріс болады?

Жұптық жұмысты бағалау критерийлері:

  • Жұпта ынтымақтастықпен жұмыс жасау;
  • Период бойынша элементтердің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын дұрыс құрастырады
  • Қорытындылай алады;
  • Уақытты тиімді пайдалана алады.

Дәптермен жұмыс

Период бойынша:

  • Ядро заряды артады
  • Атом радиусы кемиді
  • сыртқы энергетикалық денгейдегі электрон саны артады
  • металдық қасиет кеміп, бейметалдық қасиет артады
  • солдан оңға қарай элементтердің бейметалдық қасиеттері артады және олардың қосылыстарының қышқылдық қасиеті күшейеді
  • энергетикалық денгей саны өзгермейді

Мұғалім сонымен қатар екідайлы қосылыстарды түзуші элементтердің де бар екеніне оқушылардың назарына ұсынады. Олар металдық та, бейметалдық та қасиет көрсете алады. Оқушылардан төменде көрсетілген элементтер ішінен дәптерлеріне теріп жазуды сұраймыз:

Zn, Cr, Al, Sn, Pb, Mn, Fe, Be.

Оқушыларға периодтық кестенің көшірмелері таратылады

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Периодтық кестенің көшірмелеріне:

а) период бойынша тотықтырғыш және бейметалдық;

б) период бойынша тотықсыздандырғыш және металдық;

в) топ бойынша тотықсыздандырғыш және металдық қасиеттерінің өзгеруін бағдарша арқылы

көрсетіңіз

Қорытынды

Атом ядросы зарядының және сыртқы деңгейдегі электрондардың артуы нәтижесінде элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері металдықтан типтік бейметалдыққа біртіндеп ауысатынын бақылауға болады.

2-тапсырма

(i) Период бойынша элементтердің атом радиусы солдан оңға қарай ....................... , себебі .................... .......................................................

(ii) Топ бойынша элементтердің атом радиусы солдан оңға қарай........................ , себебі .................... ........................................................

3-тапсырма

Элементтердің период және топ бойынша өзгеретін қасиеттерін кестеге толтырыңыз (жауабы: артады немесе кемиді, өзгермейді)

Период бойынша элементтердің қасиеттері

(артады немесе кемиді, өзгермейді)

Топ бойынша элементтердің қасиеттері

(артады немесе кемиді, өзгермейді)

Ядро заряды

Атом радиусы

Сыртқы қабатындағы электрон саны

Энергетикалық денгей саны

Металдық қасиет

Бейметалдық қасиет

Электртерістілік

Периодтық кестедегі заңдылықтар:

http://serc.carleton.edu/sp/mnstep/activities/19801.html

Элементтер және олардың қосылыстары химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары:

https://distant-lessons.ru/ximiya/zakonomernosti-izmeneniya-ximicheskix-svojstv-elementov-i-ix-soedinenij

Периодтық кестенің құрылымын түсіндіру ХЭ: http://prosto-o-slognom.ru/chimia/09_Periodicheskaya_tablitsa.html

Сабақтың

соңы

36 -40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма:

2- және 3-период элементтерінің қасиеттері солдан оңға қарай қалай өзгеретінін жазыңдар

  • Электрондық қабат саны
  • Сыртқы қабаттағы электрондар саны
  • Металдық қасиеті және бейметалдық қасиет
  • Атом радиусы

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Барлық оқушылар:

- элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын біледіі

Көптеген оқушылар:

- элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын түсінеді

Кейбір оқушылар:

-элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын басқаларға түсіндіріп бере алады

Керібайланысжасауарқылы;

Тапсырмаларорындатуарқылы

Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?