Бір топта орналасқан элементтерге сипаттама. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«БІР ТОПТА ОРНАЛАСҚАН ЭЛЕМЕНТТЕР СИПАТТАМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Сынып:8, 3тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты жарияланады. Сонымен қатар, осы тақырыпқа қажетті терминологиялық сөздіктерді ұсынуға болады.

Келесі кезекте мұғалім тарапынан периодтық кестеде тік бағаналардың топтар деп аталатынын, топ нөмірі ауыспалы металдардан басқа элементтерде топ нөмірімен сәйкес болатынын айтып өтуге болады. Толығырақ ақпарат беру үшін мысал ретінде бірнеше топтарға тоқталып, атомдардағы электрондардың таралу диаграммасы мен валенттік электрондар санын, топ бойынша орналасқан барлық элементтердің сыртқы электрондық қабатында бірдей электрондар болатынына көз жеткізіңіз. Нәтижесінде бір топта орналасқан элементтердің ортақ қасиеттерге ие екендігін түсінулері қажет. Мысалы,

«Сілтілік металдар»

«Сілтілік жер металдары»

«Галогендер»

«Өтпелі металдар»

«Инертті газдар» топ элементтерінің ортақ қасиеттерін талқылау арқылы оқушылардың дәптерлеріне жазып алуларын ескерулеріңіз қажет.

Тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларға өзіндік жұмыс ұсынылады. Олар берілген электрондық конфигурация арқылы жалпы сипаттаманы таба алулары қажет. Мысалы,

«Электрондардың таралуы көрсетілген атомдардың қайсысы сумен белсенді әрекеттеседі?

а) 2.5

б) 2.1

с) 2.8.4

а) Осы элементтің сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңыз

в) Конфигурациясы 2.5 элементтің табиғи ұяластарына мысал келтіріңіз»

Сонымен қатар тапсырманың басқа да түрлерін ұйымдастыра отырып оқушылардың ортақ тұжырым жасауларына бағыт берулеріңіз қажет.

Үйге тапсырма ретінде «ІІІ период элементтерінің мысалында валенттік электрондардың санын ескере отырып элементтердің оттекті, сутекті және хлоридтерінің формуласын құрастыруға» кесте ұсынып толтыруларын сұрауға болады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?