Оттегі. Алыну жолы. Қасиеттері және қолданылуы. «Сутегі асқын тотығының айырылу реакциясы». Практикалық жұмыс № 6 «Оттегін алу және оның қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ТАБИҒАТТА ОТТЕГІНІҢ ТАРАЛУЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2 D Сутек. Оттек және озон
Сабақ жоспары оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа тақырыпқа ұштастыра отырып оқушылардың өздігінен ізденушілік қабілеттерін өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін алдыңғы білімге сүйене отырып оқушылар оттекпен сутектің физикалық қасиетттерін салыстырып, кестеге түсіреді. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Өндірісте көп мөлшерде оттегіні қайдан алады?» деген проблемалық сұрақ қойылады, бұл сұраққа жауапты оқушылар ауа құрамындағы оттегінің мөлшеріне сүйене отырып берулері қажет.
Практикалық жұмысты бастамас бұрын оқушылармен бірлесе отырып тәжірибенің қауіптілігін болжаңыз және содан кейін ғана оқушыларға оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу үшін практикалық жұмыс парағында көрсетілгендей аспапты жинауды ұсыныңыз. Қыздыратын құралдарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техника ережелеріне ерекше назар аударуды ескертіңіз. Барлық оқушылардың аспапты дұрыс жинақтағанына көз жеткізіңіз. Оқушылар топта нұсқаулыққа сәйкес оттекті сутек пероксидінен марганец (IV) оксидінің қатысында алады. Оқушылар газдың үлгісін сынауықта суды ығыстыру әдісімен жинайды, жалпы қасиеттерін анықтау үшін стандартты тәжірибелердің бірқатарын (топтамасын) жүргізеді. Сонымен оқушылар бұрын оқыған стандартты зертханалық тәжірибені, калий перманганатының айырылуын қайталайды. Оқушыларға практикалық жұмыс парағындағы бекіту сұрақтарын жеке орындауды тапсырыңыз. Оқушылар тапсырманы алғашқыда жеке орындайды, сосын топтағы оқушылармен өз жұмысының нәтижелесін талқылайды. Бұл әдіс тақырыпты толықтай түсінуге өз септігін тигізе алады.
Оқушыларға көміртекпен күкірттің оттекте жануын демонстрация(тартпалы шкафта) немесе бейнематериал арқылы көрсетеніз және олардың реакция теңдеулерін сөзбен және таңбамен жазуды сұраңыз. Егер оқушылар жай заттың жану реакция теңдеулерін қатесіз жазса, есепті күрделендіруге болады, күрделі заттардың жану реакция теңдеулерін жазуды мысалы: мырыш сульфиді, күкірттісутек және т.б. сұраңыз. Заттардың оттекте жану реакцияларының теңдеуін жазуды толық меңгергендігін тексеру мақсатында оқушылар ақ мини-тақталарға жай заттар: металдар мен бейметалдардың жану реакция теңдеулерін жазады тапсырыңыз. Уақыт беріңіз. Уақыт аяқталған соң оқушыларға ақ мини тақталарын көтеруін сұраңыз. Оқушылар бір- бірінің жауаптарын көретіндей болулары қажет. Дұрыс орындаған оқушыға өз нұсқасын түсіндіруді сұраңыз. Бұл әдіс оқушылардың өздігінен және өзара білім алуына, өз ойын нақты әрі тиянақты жеткізуге себеп болады.
Оттектің қолданылуын оқушылар топта ментальды карта құру негізінде зерттейді. Бұл тапсырма барысында оқушылар өзара пікір алмасады, ой таластырады. Бұл тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Шымыр болсаң шырмалаңнан шық» лабиринтін ұсынуға болады.
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?