Термохимиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ТЕРМОХИМИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін алдыңғы білімді жаңа сабақпен ұштастыру мақсатында оқушыларға зат күйімен берілген диаграмма арасында байланыс орнатуды және бір күйден екінші күйге айналу үшін қажетті жағдайды көрсетуді ұсыныңыз. Оқушылар жауабына сүйене отырып «Заттарды қыздырғанда бөлшектердің қозғалысы қалай өзгереді?, Заттарды қыздырғанда бөлшектердің энергиясы қалай өзгереді?» деген жетелеуші сұрақтар негізінде оқушыларға физикалық құбылыстарда энергияның өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясын қолдана отырып түсіндіруді ұсыныңыз. Оқушылармен өзара талқылап, объекті қыздырған кезде, бөлшектер энергия алатындықтан олардың қозғалысы анағұрлым жылдам болады. Суытқанда олар энергия жоғалтатындықтан бөлшектер қозғалысы азаяды деген қорытындыға келеді. Бұл тапсырма оқушылардың сыни ойлау, өз ойын еркін жеткізе білу, өзгелердің ойымен санасу дағдыларын және коллаборативті орта қалыптастыруға көп мүмкіндік береді.
Оқушылардың байланысты үзу кезінде энергия жұмсалатындығы, түзілу кезінде бөлінетіндігі түсінігіне өздігінен келу үшін белсенді оқыту әдістерін қолданыңыз. Мысалы оқушылардан үш топқа бірігуді сұраңыз. Бөлшектерді көрсететін екі топтың оқушылары, жұптарда бір-бірінің қолдарынан ұстап, мықты «байланыс» түзеді. Үшінші топтың оқушыларына «энергия» ролін атқаруды және оқушылардың әр жұбының «байланысын» үзуді ұсыныңыз. Жаңа заттар түзе «бөлшектер» қайта қосылады. Тапсырма орындау барысында оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойыңыз:
- байланысты үзу кезінде энергиямен не болады?
- жаңа байланыстар түзілу кезінде энергиямен не болады?
- егер байланысты үзуге жұмсалатын энергия, байланыс түзілгенде бөлінетін энергиядан көп болса қандай реакция болады?
Оқушылардың жауаптарын өткен сабақпен байланыстыра отырып оқушыларға экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың диаграммаларын салуды және байланысты үзу және жаңа байланыстар түзілу кезіндегі энергия өзгерісін диаграмма арқылы түсіндіруді сұраңыз. Сынып деңгейіне сәйкес диаграмманы дайын күйінде немесе толық емес күйінде де беруге болады ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Диаграмма салу барысында оқушылар егер жұмсалған энергиядан бөлінген энергия көп болса, онда реакция – экзотермиялықал егер жұмсалған энергиядан бөлінген энергия аз болса, онда реакция – эндотермиялық деген тұжырымдамаға келулері қажет. Тақырыпты толық меңгергендігін пысықтау мақсатында оқушыларға жұптық және жеке жұмыс орындауды ұсыныңыз.
Термохимиялық теңдеулер арқылы есептеулер жүргізу үшін оқушыларға топқа бөліңіз және өздігінен есептеуді жүргізуді ұсыныңыз. Оқушылар қателіктер жіберуі мүмкін, сіз бағыт –бағдар ұсыныңыз. Оқушылардың өздігінен есептеулер жүргізуі олардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына көп септігін тигізеді.
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?