Экзо- және эндотермиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.С | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Экзо- және эндотермиялық реакциялар | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу 8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсіну | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | - көптеген реакциялардың қоршаған ортаға жылу бөле немесе сіңіре жүретінін түсінеді - жылу эффектісіне қарай термохимиялық реакцияларды ажырата алады - жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін сипаттай алады | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - Жану реакцияларының өнімдерінің көбінесе оксидтер болатының түсінеді; - Құрамында көміртек бар отындар жанғанда қандай өнімдер түзілуі мүмкін екенің түсінеді; - Атмосферадағы парникті әсерден пайда болатын (туындайтын) салдарларын негіздеп атайды және ұсыныстарын айтады; - Жаhандық жылыну туралы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру және оның оң және теріс әсерлерінің мүмкін болатын тізімін құрып ұсынады; - Көмірқышқыл газының өсу себебін және одан туындайтын салдарын (зардабы) біледі және түсінеді; - Атмосферада көмірқышқыл газының мөлшерін қалай тұрақтандырудың немесе азайтудың өзіңдік альтернативті жолдарын ұсынады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| энергия, температура, жылу, экзотермиялық, эндотермиялық, сіңіру/бөліну, термохимиялық теңдеулер Температура төмендеді/жоғарлады, яғни, бұл – экзо/эндотермиялық реакция. Экзо/эндотермиялық реакцияларда жылу бөлінеді/ сіңіріледі | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы: Ашықтық. Барлық іс-әрекеттер мен талқылаулар ашық түрде жүреді, өз білгендерін өзге достарымен ашық бөліседі. Құрмет. Сабақ барысындағы іс-әрекеттер өзара құрмет ұстанымы негізінде жүзеге асады, бір-бірінің пікірін құрметтеп, оларды соңына дейін тыңдайды, өз ойларын еркін айта алады. Ынтымақтастық.Сабақ барысында ынтымақтаса, бірлесе жұмыс атқарылады. Қорытындыға ақылдаса отырып келеді. Өмір бойы білім алу. Алған білім мен біліктері, дағдылары олардың өмірлік білім алуына, қолданылуына негіз болады. Сондай-ақ басқа да құндылықтар сабақ барысында енгізіліп барылады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика. Энергия, энергия типтері, энергияның ауысуына қатысты терминдер арқылы физикамен байланыс жүзеге асырылады. - География. Миграция. Жаһандық жылыну. - Экология. Қоршаған ортаның ластануы. Онымен күресу жолдары. - Биология.жануарлы мен өсімдіктер әлемі. Оларда аурулардың пайда болуы. Онымен күресу. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс. Ашық интернет ресурстары. | ||||||||||
Бастапқы білім | 7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі 7.2В Ауа. Жану реакциясы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0-3 мин 4-10 мин 11-15 мин 16-25 мин 26-32 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Мұғалім сабақты жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстырудан бастайды. ОЙ ҚОЗҒАУ А. Слайдта оқушыларға арналған тапсырма ұсынылады. Онда эксперимент барысындағы температура өзгерісі көрсетілген. Өзгеріс арқылы оқушылар температураның артқанын атай алады. Аталған құбылысты келесі ұсынылатын терминдермен сәйкестендіріп көруін сұраңыз Бұдан оқушылар экзотермиялық реакция жүргенін байқайды. Нәтижесінде оқушылармен бірге экзотермиялық реакцияның анықтамасын құрастырып көруді ұсыныңыз. В. Келесі слайдта ұсынылған сурет арқылы оқушыларға келесі мәлімет беріледі: Жылдам салқындатқыш пакеттерді спортшылардың жарақатын емдеуде қолданылады. Мұндай салқын пакеттердің бірінде полиэтилен ыдысында су, ал екінші кіші пакетте аммоний нитраты сақталады. Сыртқы ыдысты қатты қысқан сәтте ішкі пакет жарылып аммоний нитраты сумен әрекеттесіп, қатты мұздай бастайды. Оқушылар тыңдап отырып, оның салқындау себебін келесі тұжырымның ішінен таба алу қажет және сәйкес терминмен сәйкестендіреді. Жоғарыда көрсетілгендей оқушылармен біріге отырып, эндотермиялық реакцияның анықтамасын құрастырыңыз. Тақырыпты ашу мақсатында «Твиг-билим» сайтынан видео көрсетіледі. Сабақтың келесі бөлімі зертханалық жұмыс орындаумен жалғасады. Оқушылар экзотермиялық реакцияларды түсіну үшін натрий гидроксиді мен тұз қышқылының арасындағы, эндотермиялық реакцияларды бақылау үшін натрий гидрокарбонаты мен сірке қышқылы арасындағы реакцияны жұпта отырып бақылайды. Мұғалім осы реакцияларды активтену энергиясы бойынша диаграммалады қолдана отырып түсіндіруді жалғастырады. Яғни, активтену энергиясы бұл байланысты үзіп, реакцияны бастау үшін қажетті минимум энергия болып табылады. | https://twig-bilim.kz/kz/film/energy-change-of-reactions қосымша №1 | |||||||||
33-39 мин | ТЕРМОХИМИЯ реакцияның жылу эффектісін зерттейтін химия саласы болып табылады және ТЕРМОХИМИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРбөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшерін көрсететін химиялық теңдеулер арқылы өрнектеледі. Мысалы, 2HgO — 2Hg + O2 – 180 кДж, С(Қ) + O2(г) — СO2(г) + 394 кДж Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары А. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін пысықтау мақсатында слайд арқылы тапсырмалар ауызша орындатылады. В. Жұмыс парағын тарата отырып, оқушылар активтену энергиясының диаграммаларын дұрыс көрсете алулары қажет. | қосымша №2 | |||||||||
40 мин | Үй тапсырмасы:(оқушылар жұпта келесі тапсырмаға дайындалып келулері қажет) Жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсері туралы видеоролик немесе презентация жасап келу | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін біледі және түсінеді; Құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну; Жылыжай әсерінің не екенің біледі және одан туындауы мүмкін кері әсерлерді болжай алады. Көптеген оқушылар: Құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсінеді; Кейбір оқушылар: Оқу мақсатына толық жетеді және өздерінің алған білімдері мен дағдыларын талдап қорытынды шығара алады. Оқу мақсаты мен сабақтың мақсаттарына толықтай жетеді және өзінің білгендерін топпен, достарымен бөліседі. | Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?