Отынның жануы және энергияның бөлінуі. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ОТЫННЫҢ ЖАНУЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯНЫҢ БӨЛІНУІ»

ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 2 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2C Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

Сабақ оқушылардың химиялық реакциялар туралы білімін қайталаудан басталады. Олар жауап беру барысында «жылу және жарық бөле жүретін реакциялар» туралы айта алады. Осы ретте слайдта көрсетілген сурет арқылы жану реакциясы түсінігін қалыптастыра отырып, күнделікті өмірден мысалдар келтіруді сұраңыз. Тақырыпты ашу мақсатында «твиг-білім» ресурсынан видео көрсетіледі.

 Осыдан соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлайды. Осыдан соң жаңа сабақ оқушыларға тапсырма орындатудан басталады. Оқушылар берілген заттардың жану реакцияларының теңдеуін аяқтап, түзілген заттарға назар аударады, сондай-ақ барлық реакциялардың жану өнімдері оксидтер болып табылатынын ескереді. Тапсырма орындалып болған соң оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Нәтижесінде оқушылар құрамында көміртек бар қосылыстардың жану өнімдері көмірқышқыл газы және су болып табылатынын түсінеді және барлық жану реакциялары нәтижесі энергия бөлінумен жүретініне назар аударады.

 Сабақтың келесі бөлімі оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой қозғау» әдісі арқылы табиғи газ метанның жану реакцияларын көрсетуге болады. Реакция әр түрлі жағдайда жүргендіктен, олардың өнімдеріне және жұмсалған оттек мөлшеріне назар аударылады. Нәтижесінде оқушылар заттардың толық және толық емес жану реакцияларына түсетінін сипаттай алады. Олардың айырмашылығын көрсету үшін «Бензолдың толық емес жануы» видеосы ұсынылады. Сабақтың келесі бөлімі тақырыпты қайталау мақсатына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын алумен жалғасады.

  Жану реакциялары нәтижесінде бөлінетін көмірқышқыл газының қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттау мақсатында оқушыларға суреттер ұсынылады және сурет бойынша қандай да бір тұжырым жасап көруі сұралады. Оқушылардың пікірін тыңдау арқылы «парниктік әсер» ұғымы ұсынылып, оның салдары айтылады және видеокөрсетіліммен жалғасады.

 Сабақтың соңы оқушыларға «Жаһандық жылыну» туралы мини проект орындап келу тапсырылады. Оқушылар шағын топтарда өздеріне тапсырылған тақырыптар бойынша жұмыс жасайды. Үй тапсырмасының басқа да түрлерін ұйымдастыру қосымша ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?