Отынның жануы және энергияның бөлінуі. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.С | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Отынның жануы және энергияның бөлінуі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1 - заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну; 8.3.1.2 - парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | - Жану реакцияларын ажырата алады- Жану реакцияларының өнімдерінің көбінесе оксидтер болатының түсінеді; - Құрамында көміртек бар отындар жанғанда түзілетін өнімдерді атай алады; - Парниктік әсердің шығу себебін түсініп, оның шешу жолдарын ұсына алады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - Жану реакцияларының өнімдерінің көбінесе оксидтер болатының түсінеді; - Құрамында көміртек бар отындар жанғанда қандай өнімдер түзілуі мүмкін екенің түсінеді; - Атмосферадағы парникті әсерден пайда болатын (туындайтын) салдарларын негіздеп атайды және ұсыныстарын айтады; - Жаhандық жылыну туралы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру және оның оң және теріс әсерлерінің мүмкін болатын тізімін құрып ұсынады; - Көмірқышқыл газының өсу себебін және одан туындайтын салдарын (зардабы) біледі және түсінеді; - Атмосферада көмірқышқыл газының мөлшерін қалай тұрақтандырудың немесе азайтудың өзіңдік альтернативті жолдарын ұсынады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| энергия, температура, жылу, экзотермиялық, эндотермиялық, сіңіру/бөліну, термохимиялық теңдеулер Температура төмендеді/жоғарлады, яғни, бұл – экзо/эндотермиялық реакция. Экзо/эндотермиялық реакцияларда жылу бөлінеді/ сіңіріледі | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы: Ашықтық. Барлық іс-әрекеттер мен талқылаулар ашық түрде жүреді, өз білгендерін өзге достарымен ашық бөліседі. Құрмет. Сабақ барысындағы іс-әрекеттер өзара құрмет ұстанымы негізінде жүзеге асады, бір-бірінің пікірін құрметтеп, оларды соңына дейін тыңдайды, өз ойларын еркін айта алады. Ынтымақтастық. Сабақ барысында ынтымақтаса, бірлесе жұмыс атқарылады. Қорытындыға ақылдаса отырып келеді. Өмір бойы білім алу. Алған білім мен біліктері, дағдылары олардың өмірлік білім алуына, қолданылуына негіз болады. Сондай-ақ басқа да құндылықтар сабақ барысында енгізіліп барылады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика. Энергия, энергия типтері, энергияның ауысуына қатысты терминдер арқылы физикамен байланыс жүзеге асырылады. - География. Миграция. Жаһандық жылыну. - Экология. Қоршаған ортаның ластануы. Онымен күресу жолдары. - Биология.жануарлы мен өсімдіктер әлемі. Оларда аурулардың пайда болуы. Онымен күресу. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс. Ашық интернет ресурстары. | ||||||||||
Бастапқы білім | 7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі 7.2В Ауа. Жану реакциясы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін келесідей сұрақтар қойылады:
Оқушылардың жауабын тыңдай отырып, келесі суретті ұсынуға болады.
Суреттің қандай құбылысқа жататынын сұрап, күнделікті өмірден бірнеше мысалдар келтіруін сұраңыз. Содан соң келесі видеоны ұсынуға болады. Оқушыларға сабақ тақырыбы және оқу мақсаты таныстырылады. | https://twig-bilim.kz/kz/film/oxygen-and-combustion | |||||||||
Сабақтың ортасы
| Жаңа сабақты оқушыларға тапсырма беруден бастауға болады. Келесі заттардың жану реакциясының теңдеуін аяқтап, түзілген заттарға назар аударыңыз: Магний + оттек → Күкірт + оттек → Метан (СН4) + оттек → Сутек + оттек → Фосфор + оттек → Спирт (С2Н5ОН) + оттек → Қант (С12Н22О11) + оттек → Тапсырма орындалып болған соң, келесі сұрақтар ұсынылады. 1 Жану реакциясының өнімдері қандай заттар болып табылады? 2 Құрамында көміртек атомдары бар қосылыстардың жану өнімдері бойынша қандай қорытынды жасауға болады? 3 Барлық жану реакциялары термохимиялық реакциялардың қай түріне жатады? Неліктен? Оқушылар жану реакцияларының өнімі оксидтер болып табылатынын және жану реакциялары барысында энергия бөлінетінін түсінгеннен соң КӨМІРСУТЕКТЕР + ОТТЕК → КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ + СУ + энергия сызбасын дәптерлеріне жазып алуларын сұраңыз. Толық және толық емес жану реакциялары ұғымын қалыптастыру үшін метанның әр түрлі жағдайда берілген жану реакцияларын ұсыныңыз. СН4 + О2 → СО2 + Н2О + энергия СН4 + О2 → СО + Н2О + энергия СН4 + О2 → С + Н2О + энергия және төмендегі тапсырмаларды орындауын сұраңыз. А) реакция теңдеуін теңестіріңіз Б) метанды жағуға жұмсалған оттектің мөлшеріне назар аударыңыз В) метанның жану өнімдерінің әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз Оқушылар толық және толық емес жанудың айырмашылығын түсінген соң, көмірсутек өкілі бензолдың толық емес жануын демонстрациялайтын видеоны ұсыныңыз. Оқушылар білімін пысықтау үшін тапсырма орындау қарастырылады. Парниктік әсер туралы кіріспе жасау үшін суреттер көрсетіледі. Оқушылар бұл суреттерден жану реакциялары табиғаттағы СО2 мөлшерінің көп болуына алып келетінін түсінулері қажет және осы салдар нәтижесі табиғатта туындайтын кейбір факторлардың пайда болуына алып келетінін тұжырымдай алулары қажет. Парниктік әсер туралы видео ұсынылады. Жердегі тіршілік “парниктік әсер” ретінде танымал табиғи процеске тәуелді. Жер атмосферасындағы кейбір газдар “парник” немесе “жабын” ретінде жұмыс істейді, олар болмағанда Жер бетінің темперарурасы қазіргіден 33°C-қа суығырақ болатын еді, сондықтан парниктік газдар жылуды ұстап тұрады. Дегенмен бұл жай құбылыс емес. Күн энергиясы Жермен жұтылады да, атмосфераға қайта шағылады. Оның толқын ұзындығы оңай жұтылатындай болып өзгереді (бастапқыдағысымен салыстырғанда). Парниктік газдар фильтр секілді жұмыс істейді, энергияны жұтқаннан кейін оны қайта ғарышқа жібермеуге тырысады. | http://orgchem.ru/chem2/vid/C6H6_burn.htm қосымша №1 https://twig-bilim.kz/kz/film/the-greenhouse-effect | |||||||||
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасы: Жаһандық жылыну туралы мини проект орындап келу. Мұғалім сабақ мақсаттарын оқушылардың деңгейлерін, жекелей ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп береді. Топтарға ұсынылатын тақырыптар: 1 топ Жылыжай әсерінің қайсы ғылым саласы (салалары) зерттейді? (оқушыларға мұның әлемдік проблема екені, ол нақты бір ғана ғылым саласының емес бірнеше ғылымның (химия, биология, экология, география) тоғысқан саласы екені айтылады) 2 топ Жылыжай әсерінің артудан Қазақстандық және Жаһандық деңгейде қандай басты проблемалар туындауы мүмкін? (Басты екпін жаһандық жылынуға және оның оң әсері мен теріс салдарларына тоқталады) 3 топ Жылыжай әсерінің артуымен қалай және кім болып (қандай деңгейде) және қалай күресуіміз қажет? (Атмосферада көмірқышқыл газының және басқа да зиянды қосылыстардың мөлшерін қалай тұрақтандырудың немесе азайтудың өзіңдік альтернативті жолдарын ұсыну) | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін біледі және түсінеді; Құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну; Жылыжай әсерінің не екенің біледі және одан туындауы мүмкін кері әсерлерді болжай алады. Көптеген оқушылар: Құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсінеді; Кейбір оқушылар: Оқу мақсатына толық жетеді және өздерінің алған білімдері мен дағдыларын талдап қорытынды шығара алады. Оқу мақсаты мен сабақтың мақсаттарына толықтай жетеді және өзінің білгендерін топпен, достарымен бөліседі. | Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?