Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Химия, 8 сынып, презентация.
ОЙ ҚОЗҒАУ
Бос орындарға қажетті мәндерді қолдана отырып, кестені толтырыңыз
ОЙ ҚОЗҒАУ
Бос орындарға қажетті мәндерді қолдана отырып, кестені толтырыңыз
O2
Cl2
CO2
H2
CH4
He
Келесі газдардың қайсысы
ауыр екенін тауып көріңіз?
Бір газдың келесі газдан
қаншалықты ауыр/жеңіл
екенін есептеуге мүмкіндік бола ма?
Сабақтың тақырыбы:
ГАЗДАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
ТЫҒЫЗДЫҒЫ
Оқу мақсаты:
8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу
газдардың салыстырмалы тығыздығын есептей алады;
заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептей алады;
есептеулерді дұрыс жүргізе алады.
Бағалау критерийлері:
Стандарт /қалыпты
жағдайда газдардың тығыздығын есептеу формуласыКез-келген газдың 1 молінің көлемі (VМ- молярлық көлем) қалыпты жағдайда 22,4 л екенін пайдаланып, берілген газдың тығыздықтарын келесі формула бойынша есептейді
р═ m/V
мұндағы
р(ро) –заттың тығыздығы
m- заттың массасы
V- заттың көлемі
ВИДЕО (BILIM LAND)
ТАПСЫРМА Оттек газының қалыпты жағдайдағы тығыздығын есептеңіз
Біріншіден, оттек газының молекулалық массасын табамыз М(О2) =32г/моль
Қалыпты жағдайда оттектің көлемі 22,4л/моль
Масса/көлемге қатынасы тығыздықты берсе,
32 г/моль/22,4л/моль=1,4г/л
Әртүрлі газдардың бірдей мөлшері бірдей көлемге, бірақ әртүрлі масса мен молярлық массаға ие болады. Сондықтан да олардың тығыздығы да әртүрлі болады. Қалыпты жағдайдағы 1 моль екі түрлі газдың тығыздығын салыстырып көрейік:
бұдан
Мұндай қатынас газдардың салыстырмалы тығыздығы деп аталады және D әрпімен белгіленеді. Ол өлшемсіз шама, бір газдың екіншісінен қанша есе ауыр немесе жеңіл екенін көрсетеді
D = M1/M2;
M1 = D · M2
Тапсырма
Көміртек (ІҮ) оксидінің оттекпен салыстырғандағы тығыздығын есептеңіз
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
1 Азот газының сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз
2 Метан газының (СН4) оттек бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз
3 Хлор газының сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз
4 Гелий бойынша салыстырмалы тығыздығы 7,5ке тең газдың молекулалық массасын есептеңіз
5 Азот бойынша тығыздығы 10,5ке тең газдың молекулалық массасын есептеңіз
6 Оттек бойынша тығыздығы 1,235ке тең газдың молекулалық массасын есептеңіз
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
Озон газының оттекпен салыстырғандағы тығыздығын есептеу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?