file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Көлемдік қатынас заңы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ГАЗДАРДЫҢ КӨЛЕМДІК ҚАТЫНАСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 2-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Стехиометриялық есептеулер

 Химиялық реакцияға қатысатын реагенттер немесе алынатын өнімдер газ тәрізді заттар болса, реакция теңдеуі бойынша олардың көлемдік қатынастарын анықтауға болады.Мысалы, сутек газының хлормен әрекеттесу теңдеуін алайық:

 

  H2 + CL2 = 2HCL

 1 моль 1 моль 2 моль

 22,4 л 22,4 л 22,4 л

 

 Мысал.10 м3 сутек газы жанғанда оттектің қандай көлемі жұмсалады?

 Реакция теңдеуін және мысалдың шартын жазайық:

  2H2 + O2 = 2H2O

 2 көлем 1 көлем

  2 м3 - 1 м3

  10 м3 - х м3

 

 10/2=х/1 х = 5 м3

 

 Жауабы: V= 5 м3

 

 Осы мәліметтерге қарасақ, заттардың көлемдерінің қатынастары теңдеудегі газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттерінің қатынасындай болады екен.

 Реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің қатынасы (бірдей жағдайда өлшенген) кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Бұл заңды Гей-Люссак ашқан.

Мысалы, N2 + 3H2 = 2NH3

v, моль 1 3 2

V, л 22,4 22,4 22,4

V(N2):V(H2): V(NH3) = 22,4 : 67,2 : 44,8 = 1:3:2.

 Бұл заңнан шығатын қорытынды: есеп шығарған кезде көлемдер қатынасы үшін газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттер қатынасын алуға да болады.

Қайталауға арналған сұрақтар:

 Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?

 Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?

 Газдардың салыстырмалы тығыздығы деген не?

 Қалыпты жағдайда газдардың тығыздығын қалай анықтайды?

 Газдың тығыздықтарын табудың формуласы?

 Кез келген газдың бір молі нешеге тең?

 Ауаның орташа молярлық массасы нешеге тең?

 Авогадро заңын кім,қай жылы ашты?

 Көлемдік қатынас заңын кім ашты?

 Кез келген бір моліндегі молекула саны нешеге тең?

 



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды