Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Көлемдік қатынас заңы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ГАЗДАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Оқушылар есептер шығару кезінде газдардың салыстырмалы тығыздығын пайдалануға тура келетінін, яғни 1 моль газдың басқа екінші газдың 1 молінен неше есе ауыр немесе жеңіл екенін білу қажет болатынын түсінулері керек болады.
Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы – D деп белгіленеді.
Бірінші газдыңсалыстырмалы тығыздығы мен екінші газдың салыстырмалы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынастарына тең:
Мұндағы D - Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы деп аталады. Әдетте газдардың салыстырмалы тығыздығы сутек газы DН2, оттек газы DО2, ауа Dауа т.б. бойынша есептеледі. Ауаның орташа молярлық массасы Мауа═ 29. Осыған сәйкес әртүрлі газдардың молярлық массасын мына формулалар бойынша есептеледі:
М═ DН2*МН2; М═ DО2*МО2; М═ Dауа*Мауа
Аммиак газының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын табыңдар. Әуелі газдардың салыстырмалы молекулалық массасын табу қажет:
Мr (NН3)═17, Мr (ауа)═ 29.
Енді аммиактың салысиырмалы тығыздығын табайық:
Dауа(NН3)═ Мr (NН3)/ Мr (ауа)═ 17/29═0,59
Химиялық формула бойынша да газдардың тығыздығын табуға болады.
Кез-келген газдың 1 молінің көлемі (VМ- молярлық көлем) қалыпты жағдайда 22,4 л екенін пайдаланып, берілген газдың тығыздықтарын келесі формула бойынша есептейді:
р═ m/V
мұндағы р(ро) –заттың тығыздығы
m- заттың массасы
V- заттың көлемі
Егер зат массасы оның молярлық массасына тең болса, оның көлемі молярлық көлемге сай кемиді, сондықтан
р═ М/VМ
Мысалы: Ауаның қалыпты жағдайдағы тығыздығын есептеңдер:
р═ М/VМ
формулаға сүйеніп, мәндерін қоямыз:
р(ауа)═ 29 г/моль /22,4 л/моль═ 1,29г/л.
Оқушылар тақырыпты жете түсінуі үшін есептер шығарып шыңдалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?