Авогадро заңы. Молярлық көлем. Химия, 8сынып, қосымша материал.
«АВАГАДРО ЗАҢЫ. МОЛЯРЛЫҚ КӨЛЕМ» ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Сабақта ең бастысы сандық есептеулерді орындау дағдысын дамытуға арнау керек. Бірақ сабақ барысында алдымен оқушлыар келесі сабақ мақсаттарын орындаулары қажет:
- авагадро заңының мәнін ашу;
- «молярлық көлем» ұғымының мінін ашу;
- демонстрацияланатын материалдарды бақылау;
- молярлық көлемді анықтауға арналған есептерді шығару.
Сабақтың негізгі мазмұны: Авагадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Нормальные и стандартные условия.
Молярлық көлемді молярлық массамен анологияда 1 моль зат мөлшері алатын көлем деп түсіндірген абзал. Яғни көптеген заттардың қалыпты жағдайда (1 атм. қысымда және 273 К температурада) газ күйінде болатынын, оларды сипаттау кезінде массадан гөрі көлем ұғымы жиірек пайдаланылатынын білулері керек. Сосын Авогадро заңының негізіндегі қалыпты жағдайда кез келген газдың 1 молі тұрақты көлем алатынын, ондағы молекулалар саны бірдей екендігін түсініп, оқушылар өздері оның анықтамасын қорытып шығарулары тиіс. Сосын молярлық көлемді анықтаудың формуласы беріледі және одан әрі осы формуланың негізінде немесе кері есептер шығарылып машықтанады. Сосын барып оқушыларға стандартты жағдайды түсіндірген абзал.
Одан соң оқушылар химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары түсіндіріліп есептер шығарылады. Оқушылар қалыпты жағдайдағы газ күйіндегі заттардың көлемдік қатынастарын химиялық теңдеулер коэффициентіне қарап анықтауға болатынын түсінулері керек. Сосын барып оқушыларға түрлі комбинациядағы есептерді беруге болады.
Ең бастысы оқушылардың есептерді шығарудың саны емес, есептің шартын дұрыс түсініп шартын дұрыс орындай білуі. Бұл кезеңде зат мөлшері, Авогадро саны, масса мен көлем арасындағы байланысты орнату өзінің жалғасын табады. Сонымен қатар оқушылардың формулаларды құрастыру, реакция теңдеулерін жазу және оларды теңестіру, реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу дағдылары жалғасын табады. Сондықтан оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды байқаған сәтте бірден оларды жоюға кіріскен жөн, олай болмаған жағдайда оқушыларда болашақта қиындықтар туындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?