Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 2-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Стехиометриялық есептеулер

 Бұл сабақта химиялық реакцияларды теңестіру, химиялық реакцияның типтері және зат мөлшері ұғымдарын қалыптастыру жалғастырылады. Оқушылар бұл сабақта реакция теңдеулері бойынша есептеулар жүргізіледі. Алдыңғы өтілген тақырыптарды қорытындылап жүйелеуге және қайталауға, білімді бекітуге мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім реакция теңдеулері бойынша есептердің түрлерін көптеп шығарта алады.

 Алдымен өткен сабақтарды қайталап, оқушылар реакция теңдеулерін жазып теңестіру керек. Сонымен қатар химиялық реакцияның типтерін анықтауға арналған тапсырмалар, заттың массасының негізінде зат мөлшерін анықтау немесе кері есептерді шығара алады.

  • Реакция теңдеулерін аяқтаңдар және теңестіріңдер.

Mg + O2 =

H2O =

Zn + HCl =

P + O2 =

H2SO4 + KOH=

Fe2O3 + H2 =

  • Берілген реакция теңдеулерін теңестір және реакция типін анықта.

Al + Cl2→ AlCl3

NaHCO3 →Na2CO3 + CO2↑+ H2O

Na2O + P2O5=Na3PO4

CaO + HCl= CaCl2 + H2O

BaCl2 + H2SO4= BaSO4 + 2HCl

Al + Cl2→ AlCl3

NaHCO3 →Na2CO3 + CO2↑+ H2O

Na2O + P2O5=Na3PO4

  • Есептерді шығарыңдар.
  • Оттегінің 2 молі берілген, оттегінің массасын және молекула санын табыңдар?
  • 8 моль азот қышқылы айырылғанда бөлінетін оттектің мөлшері қанша?
  • Көмірқышқыл газының 3,01∙1023 молекуласының алатын массасын есептеңдер.
  • Массасы 28 г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж.) қанша көлемі түзілетінін есептеңдер.
  • 3 моль алюминий оксидімен 294 г күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін тұздың зат мөлшерін табыңдар.
  • Құрамында 90% кальций карбонаты бар 500 г ізбес тасты күйдіргенде түзілетін көміртек (ІV) оксидінің массасын табыңдар.
  • Массасы 4,6 г натрий 150 г суда ерігенде алынған натрий сілтісінің массалық үлесін табыңдар. Натрий гидроксидінің зат мөлшері қандай болады?
  • Құрамында w(Ғе) – 51, 9%, w(О) – 45, 3%, w(Н) – 2, 8% бар қосылыстың формуласын табыңдар. Осы қосылыстың 3 молінің массасы қандай болады. Осынша масса қосылысты қыздырғанда түзілетін темірдің оксидінің массасы қандай болады?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?