Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


8.2B Стехиометриялық есептеулер

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Оқу мақсаты:

-8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу

Сабақтың мақсаты

- қосылыстың молярлық массасын есептей біледі;

- реакцияны жаза және теңестіре біледі;

- осы типті есепті шығарудың алгоритмін құрастырады;

- химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, зат массасын есептейді;

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

- белгілі масса бойынша зат мөлшерін және зат мөлшері бойынша массасын табуға есептердің алгоритмін құрастырып, талдайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: реакция теңдеуі, теңестіру, коэффициент, стехиометриялық коэффициент, зат мөлшері, молярлық масса, зат массасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Есептің шартында берілген зат мөлшерін зат формуласының үстіне, ал зат формуласының астына – реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттер жазылады. Зат мөлшерін анықтау үшін реакция теңдеуі бойынша пропорция құрылады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар:

- есептер шығаруда зат мөлшерін есептеудің формуласын қолданады;

- зат мөлшері, моль ұғымдарын еске түсіріп, есептеулер жүргізеді;

- химиялық реакция теңдеуі бойынша өнімнің массасын анықтай алады;

- химиялық реакция теңдеуі бойынша табу керек заттын мөлшерін анықтай алады.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну, қолдану:

- зат мөлшері, моль ұғымдарын еске түсіріп, берілген заттын зат мөлшерін есептейді;

- химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазады;

- химиялық реакция теңдеуі бойынша реагенттердің немесе өнімнің зат мөлшерін немесе массасын анықтай алады.

Дескрипторлар

  • зат мөлшерінің массаға қатысты формуласын қолданып есеп жүргізген;
  • есеп шығару барысында атомдық және молярлық массаларды есептеген;
  • химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазған;
  • химиялық реакция теңдеуі бойынша табу керек заттын мөлшерін анықтаған;
  • зат мөлшерінің формуласы бойынша өнімнің массасын анықтаған;
  • жауабы жазылған;
  • өлшем бірліктері көрсетілген.

Құндылықтармен байланыс

Сабақта жұптық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-4 мин

5-10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1-тапсырма. Сұрақ-жауап. Өткенді қайталау

Оқушылар жауаптарын мини тақтайшаға жазады, мұғалім бақылайды.

  •  Зат мөлшерінің таңбасы
  •  Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
  •  Авогадро тұрақтысы
  •  Зат мөлшерін анықтауға арналған 3 формула.

2-тапсырма. Жеке немесе топтық жұмыс

Коэффициенттерді (стехиометриялық коэффициенттер) қойып, химиялық реакция теңдеуін теңестіріңіз.

Әр зат формуласының астына стехиометриялық коэфициентке сай келетін зат мөлшерін (моль санын) көрсетіңіз.

Әр заттың молярлық массасы мен массасын есептеңіз.

  ____Al2O3 +___H2SO4 =___Al2(SO4)3 +___H2O

n = _ моль n = _ моль n = _ моль n = _ моль

M = __ г/моль M = __г/ моль M = __ г/моль M = __г/ моль

m = __ г m = __ г m = __ г m= __ г

Өзара бағалау жүзеге асырылады.

Жасалынған жұмыстың нәтижесінде сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.

Ақ тақтайшалар

Слайд 1-3

Ортасы

11-16 мин

17-22 мин

23 -30 мин

31-36 мин

3-тапсырма. Жеке жұмыс – жұптық жұмыс – сыныппен бірге орындау форматы.

1-қосымшада №1 және №2 есеп берілген.

Есепті шығарудың дайын алгоритмі бойынша №1 есепті шығарады: А оқушысы

№2 есептің дайын шығарылуы бойынша есепке алгоритм құрастырады: В оқушысы

4-тапсырма. Жұптық жұмыс «Сұрақтар әлемі»

А оқушысы мен В оқушысы есепті шығару барысында туындаған сұрақтары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

Түсінбеген жағдайда сынып форматында талданады.

5-тапсырма. Жеке жұмыс

№3 есеп. 13 г мырыш тұз қышқылымен реакцияға түсті. Реакцияға жұмсалған қышқылдың массасын, түзілген тұздың массасын және бөлінген газдың көлемін анықтаңыз.

№4 есеп. Зат мөлшері 8 моль алюминий оксидін алу үшін қажет алюминийдің зат мөлшері мен массасын есептеңіз

Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.

Өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.

6-тапсырма. Жеке және жұптық жұмыс.

Жұбыңызға арнап есеп құрастырыңыз.

Қосымша есептер:

№5 есеп. Нәтижесінде 4 моль су алу үшін қанша грамм сутек қажет болады?

№6 есеп. 8г метан жанғанда түзілетін көмір қышқыл газының массасы қанша?

Слайд 4-7

1-қосымша

Бейне сабақ:

https://www.youtube.com/watch?v=EorZMwplb2g

Есептің шығарылуы:

http://www.alhimik.ru/abitur/abit43.html

http://qps.ru/CmcZS

http://www.bilimland.kz/ru/content/lesson/10115-raschety_po_uravneniyam_ximicheskix_reakczii

Соңы

37-40 мин

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта мен білдім....
  • Мен білгім келеді....
  • Мен ... түсінбедім

Слайд 8

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Барлық оқушылар: қосылыстар формуласын жаза біледі; қосылыстың молярлық массасын есептей біледі; реакцияны жаза және теңдестіре біледі

Көпшілік оқушылар: химиялық реакция кезінде зат мөлшерін, зат массасын есептей біледі

Кейбірі: қажетті есептеу алгоритмдерін құрай алады.

-Қалыптастырушы бағалау бағалау критерийіне сай

-өзін-өзі бағалау

- жұптағы өзара бағалау

жұптағы жұмыс барысында бір-бірін құрметтеу, адалдық, жауапкершілік

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?