Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ЗАТ МӨЛШЕРІ. МОЛЬ. АВОГАДРО САНЫ. ЗАТТАРДЫҢ МОЛЯРЛЫҚ МАССАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 2-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А Зат мөлшері

 Бұл сабақ бірінші сабақ болғандықтан тек қана «зат мөлшері», «моль», «Авогадро саны», «молярлық масса» ұғыымдары таныстырылады. Алдыңғы тарауда химиялық реакцияларды жазу және оларды теңестіру қарастырылды, сондықтан бұл сабақта сол білімдер негіз болады. Әрин сабақты түсіндіру үшін қарапайым және таныс реакцияны алған жөн. Мысалы, бізге белгілі А және В заттары өзара С затын тұзіп әрекеттеседі. Басқа сөзбен айтқанда химиялық реакция теңдеуі:

А + В = С

Реакцияның мысалы ретінде бізге кездескен реакцияны алуға болады:

СаО + Н2О = Са(ОН)2

 А (CaO) және В (H2O) заттарының тиісті мөлшерін алып реакцияны жүргізу керек. Сонымен реакция соңына дейін жүру үшін және бастапқы заттар артылып қалмас үшін заттарды қалай өлшеуге болады? – деген сұрақ қоюға болады. Егер біз А және В заттары үлгілерінің бірдей массаларын алатын болсақ, онда өнім С заты бастапқы заттардың брімен ластанады. Бұл неге бұлай болады?

 Оның себебі А заты мен В затының құрылымдық бірліктері әртүрлі атом жиынтығынан тұрады – CaO және Н2О. Бұл атом жиынтықтарының массалары әртүрлі. Демек, 1 г CaO-дағы бөлшектер саны 1 г Н2О-дан бөлек болып келеді. Бұлардың арасындағы реакцияның нәтижесінде бастапқы заттардың бірінің бөлшектері жұмсалмай қалады. Сондықтан химияда заттарды молекулалар саны сай келетін порциялармен алған ыңғайлы деп «зат мөлшері» ұғымына шыққан дұрыс. Содан соң барып Авогадро саны таныстырылады.

1 бөлшектің (массасы 1 м.а.б.) салмағы – 1,67.10-24 г

N бөлшектер – салмағы1 г.

Бұдан шығатыны: 

бөлшек.

 Содан әрі қарай моль ұғымы жалғасын табады. Яғни, 1,8 г су 5,6 г СаО-мен, 180 г Н2О қалдықсыз 560 г СаО-мен әрекеттес деп оқушылар қорытындыға келулері керек. Басқа сөзбен айтқанда 0,1 моль су 0,1 моль кальций оксидімен, ал 10 моль су 10 моль кальций оксидімен әрекеттеседі.

 Бұл деңгейде оқушылар міндетті түрді ұғымдарды жете түсіну керек, олай болмаған жағдайда оқушылардың басқа тақырыптарды меңгеруіне қиындық туады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?