Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Күні: 8.2А Зат мөлшері | Мұғалімнің А.Ә.Т: | |||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы | |||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу 8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарымен таныстыру және заттардың молярлық массаларын есептеу дағдыларын қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар: жаңа сөздерді өз түсінгендіктерін көрсету үшін қатесіз пайдалана аладыПән бойынша арнайы лексика және терминология:моль, молярлық (= 'мольге), артықДиалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің жинағы:Бір моль массасы... бұл... Молярлық масса... бұл Ештеңе қалмады/ артық Салмақтар арақатынасы ... құрайды Егер біз Х грамм (1 затке) ие болсақ, онда бізге У грамм (2 зат) қажет болады X грамм(1 зат) нақты У граммен (2 зат) реакцияға түседі | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Білу және түсіну Сабақ барысында өз көзқарасын білдіре отырып, әртүрлі элементтерінің атомдары әртүрлі массаға ие болатындығы туралы білімді көрсетеді; «өлшеу арқылы есептеу» қағидасын біледі; қағиданы түсіндіреді және оны тиісінше қолданады | |||||||||||||||||||||||||
Дескриптор | -зат мөлшерінің бірлігі-моль екендігін біледі; -мольдер санын есептейді; - тиісті формулаларды қолдана отырып, есептеулер жүргізе алады; -жаңа түсініктерді тұжырымдай алады. | |||||||||||||||||||||||||
Алғашқы білім: | Қосылыстар мен қоспалар (7.1В) Атомдық массаға қатысты қарапайым формулалар (7.2 В) Қосылыстар формулаларын жаза білу (8.2A) | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтармен байланыс | Сабақта жұптық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар. | |||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Басы 1-6 мин | Ұйымдастыру кезеңі Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Ой қозғау Оқушыларға «Литр, килограмм, грамм, тонна, милилитр, метр деген сөздерді не топтастырады?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар заттың мөлшері, ұзындық өлшемі деп жауап берулері мүмкін. Нәтижесінде сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты нақтыланады. | Слайд №1 | ||||||||||||||||||||||||
Ортасы 7-17 мин 18-20 мин 20-30 мин | Ой қозғау -Химиялық зертханада немесе заводта өнімнің белгілі бір мөлшерін алу үшін бастапқы заттардың қатаң түрде анықталған мөлшерін алу керек. Затты қалай өлшеуге болатынын ойланып көріңдер. - Бізде бір үйме картоп бар деп ойлап көрейік. Оны қалай санаған ыңғайлы? Әрине, қабымен. 1 қапта - 6 *1023 картоп бар деп есептейік, ал қаптардың саны 20, ендеше картоптың санын есептеу үшін қаптың санын әр қаптағы картоп санына көбейту арқылы табамыз. N = 20 қап* 6 *1023 картоп = 120 * 1023 картоп - заттың мөлшерін есептеу үшін қап деп емес, МОЛЬ атты өлшем бірлігі қолданылады. Ал заттың 1 молінде осы заттың 6 *1023 бөлшегі бар. Химия ғылымында сандық қатынастар жиі колданылады. Мысалы, затта қанша моллекула бар, ал молекулаларда қанша атом болады деген сұрақтардың шешімін табу үшін химияда «моль» деген түсінік қолданылады. Моль - зат мөлшерінің өлшемі, ол ν ("ню") грек әрпімен белгіленеді. Сендер физика курсынан «Авогадро саны» деген түсінікпен таныссыңдар: NA = 6,022 141 29(27)×1023 моль−1 Бұл сан 1865 жылы анықталып, итальян ғалымы Авогадро құрметіне сан атауын алды. Бұл өте үлкен сан: 6.022 × 1023.
Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері. Олай болса 64 г мыста, 18 г суда, 44 г көмірқышкыл газындағы құрылымдық бөлшектердің саны 12 г көміртекте болатын атомдар сандарымен бірдей, сондықтан моль дегеніміз - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар) болатын заттың мөлшері. Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, өлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массаға тең. Сергіту сәті және топқа бөлу. Оқушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Мұғалім белгілі бір санды айтқанда, атомдар молекулалар құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды. Осылайша 3 топқа бөлінеді. Бекіту тапсырмалары
Топ арасында өзара бағалау. (Дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі) Дұрыс / Бұрыс 1.Сынаптың 1 молі 1 моль гелийге қарағанда көбірек атомдардан тұрады (бұрыс). 2.Авогадро саны заттың 1 моліндегі бөлшектер санын сипаттайды (дұрыс). 3. Сұйық заттың бір молі қатты күйдегі тура сондай заттың бір моліне қарағанда әр түрлі бөлшектер санын құрайды (бұрыс). | Слайд №2-10 Таратпа материал Таратпа материал Слайд №11-12 | ||||||||||||||||||||||||
Соңы 35-40 мин | Үйге тапсырма: 9-есеп, 49-бет. Рефлексия Шығуға билет: әрбір оқушы шығу билетін алады, ол үшін екі заттың молярлық массаларын дұрыс есептеу керек.
Шығу билеті Сізге не ұнады? Сізге не ұнамады? Сіз әлі де не білгіңіз келеді? (ұсыныс) | Таратпа материал Слайд №13 | ||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен Байланыс физика, биология. | ||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар химияда заттың бірдей массасынан гөрі, «атомдардың бірдей санына» қол жеткізудің маңыздылығын түсінеді; Көпшілік оқушылар «өлшеу арқылы есептеу» заңын қолданады; Кейбірі мольді атомдардың Авогадро саны ретінде түсінеді | -топ арасында өзара бағалау, өзін-өзі бағалау. | өмірмен байланыс жұптағы, топтағы жұмыс барысында бір-бірін құрметтеу, адалдық, жауапкершілік | ||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?