Металдардың белсенділік қатары. № 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Металдардың белсенділік қатары
Оқу мақсаты:
8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 -металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау;
Топтарға бірігейік!
Металдардың белсенділік қатары
Металдардың белсенділік қатары металдардың қалай реакцияға түсетіндігін болжауға пайдаланылады. Белсенділік қатарында ең белсенді элементтер ең жоғарыда орналасды. Белсендірек элементтер электрондарын оңай беріп иондарға айналады.
Белсенділік артады
Топтық жұмыс
Аялдамаларда берілген тапсырмаларды сағат тілімен ауысып отырып орындаңдар. Әр топқа бір аялдамада тұруға 3 минут уақыт беріледі. Барлығы 5 аялдама бар. Топтар аялдамада 3 минуттан аз уақыт тұруға болады.
1-аялдама
А сынауығындағы көгілдір сұйықтыққа темур шегені салғанда шегенің бетінде қою кірпіш қызыл түсті қабат пайда болған және ерітінді түссі өзгерген. Сынауықта жүрген реакцияға қандай заттар қатысқан? Реакция теңдеуін жазыңдар және теңестіріңдер.
2-аялдама
Оқушы зертханада cынауыққа сұйылтылған тұз қышқылын құйған және әрбір сынауыққа натрий, магний, мырыш, темір және мыс металдарын салған. Суреттегі ақпаратты қолданып, қай сынауықта қандай металл бар екендігін анықтаңдар. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар және теңестіріңдер.
3-аялдама
Суретте берілген металдардың коррозия тудырушы факторларына сипаттама беріңдер? Қай сынауықта коррозия үдерісі жүреді және неліктен? Себебін түсіндіріңдер.
4-аялдама
Металдардың ауамен және сумен әрекеттесу реакцияларының жалпы теңдеулерін жазып мысал келтіріңдер. Реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер. Реакция нәтижесінде бөлінетін газға сапалық реакция қалай жасалады?
5-аялдама
Берілген реакция теңдеулерімен танысыңдар. Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып жүретін реакцияларға болжам жасаңдар. Жүзеге асырылатын реакция теңдеулерін жазыңдар және теңестіріңдер.
алюминий + мырыш оксиді
натрий хлориді + алюминий
мырыш сульфаты + мыс
кальций хлориді + темір
магний + күміс нитраты
Бағалау
Топтар тапсырманың жауаптарын сағат тілімен алмастырып тексереді және берілген балл негізінле бірін-бірі бағалайды.
Металдардың белсенділік қатарын пайдалану жайлы хабарлама жазу.
Үй тапсырмасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?