Металдардың оттекпен және сумен реакциясы. Коррозия. Химия, 8 сынып, презентация.
Тарихи экспонаттар
Металдардың оттекпен және сумен реакциясы. Коррозия.
Сабақ тақырыбы:
8.2.4.1 - кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 - белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау
8.2.4.3 - металдар коррозиясына әсер ететін факторларды зерттеу
Оқу мақсаттары:
Сабақ мақсаты:
Көпшілік металдар және құймалар қоршаған орта факторлары әсерінен біртіндеп бұзылады. Металдардың ауадағы және атмосферадағы жауын – шашын заттарымен әрекеттесуі кезінде, олардың үстінде оксидтерден, сульфидтерден, карбонаттардан және басқа қосылыстардан қабат түзіледі.
Бұл қосылыстар түрлі қасиеттерге ие. Күнделікті өмірде темір және оның құймаларынан жасалған бұйымдарда қоңыр –қызғыш қақтарды көргенде, біз «тотбасу», «таттану» сөздерін жиі қолданамыз.
Коррозия - металдар және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен өздігінен бұзылу үдерісі. (латынша corrosio - жемірілу дегенді білдіреді)
Темір құймаларынан жасалған бұйымдар коррозиясы
Қоңыр - қызғыш- қақтар, темір (III) оксидінен және гидроксидінен тұрады.
Гипотеза
Бақылау
Қорытынды
«Металдар коррозиясының туындауына әсер ететін факторларды зерттеу».
Сынауық №1:
Коррозиялаушы орта су болғандықтан, темір шеге сумен жанасып, әлсіз тоттанған. Дистилденген су – құрамында қоспасы жоқ таза су, бірақ онда еріген оттек бар (сынауық жабық емес). Сондықтан, №1 сынауықта темір коррозиясы жүреді, бірақ баяу жүреді.
Бақылаулар бойынша қорытынды:
Сынауық №2:
Темір шеге коррозиялаушы орта - құбыр суымен жанасқандықтан әлсіз тоттанған. Құбыр суында түрлі қоспалар (мысалы, хлор) болады, сонымен қатар, мұнда еріген күйде оттегі болады (сынауық жабық емес). №2 сынауықта темірдің коррозиясы №1 сынауыққа қарағанда жылдам жүреді.
Сынауық №3:
Темір шеге тоттанбайды, коррозия туғызушы ортамен жанаспаған. Бұл қайнаған суда еріген оттегінің аздығымен және оттегінің сұйық май қабаты арқылы өтпейтіндігімен түсіндіріледі. Оттексіз ортада коррозия жүрмеді. Сондықтан, №3 сынауықта темір коррозияға түспеді.
Сынауық №4:
Темір шеге белсенді орта – тұз ерітіндісіне салынғандықтан қатты тоттанған. Ол темірді тез бұзады.
Сынауық №5:
Темір шегені тот басқан, себебі, ол темірді бұзатын сілті ерітіндісіне салынған.
Сынауық №6:
Темір шеге қатты тоттанады. Ол темірді тез бұзатын агрессивті орта – қышқылға батырылған.
Бекіту
Кутуб колоннасы
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі
Көпшілік металдардың сыртқы энергетикалық деңгейінде электрон саны (1-3) аз болады, сондықтан олар көптеген реакцияларда «тотықсыздандырғыш» болып табылады, яғни, өз электрондарын береді.
Металдардың көпшілігі белсенді заттар, олар бейметалдармен қосылу реакциясына, сумен, қышқылдармен, тұзбен орынбасу реакциясына жеңіл түседі.
Металдардың химиялық қасиеттерін нақты мысалдармен қарастырамыз
Көрсетілім
Оқу мақсаты:
8.2.4.1 - кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 - белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау
8.2.4.3 - металдар коррозиясына әсер ететін факторларды зерттеу
Сабақ рефлексиясы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?