Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. № 2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі». Химия, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.№ 2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары:
8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау; 8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу.Терминология:
жемірілу
жемірілген
химиялық белсенді
орташа белсенді, инертті.
жылдамдық (реакция)
коррозия
түсін жоғалту
Ой қозғау
(3 минут)
Топтық жұмыс
(10 минут )Мақсаты: металдардың қоршаған ортаның жағдайларына байланысты коррозияға әртүрлі жылдамдықта ұшырайтынын білу;
Бес сынауыққа 1/4 көлемде құйыңыз:
1. дистилденген су
2. құбыр суы
3. 10% натрий хлориді ерітіндісі
4. 10% магний хлориді ерітіндісі
5. 10% натрий гидроксиді ертіндісі
Әрбір сынауыққа бір уақытта бір темір шегеден салыңыз.
Тәжірибе нәтижесін келесі сабаққа қалдырамыз.
Бағалау дескрипторлары:
Коррозия анықтамасын еске түсіреді;
Коррозияға әсер ететін факторлармен танысады;
Шегенің әр түрлі ерітінділерде коррозияға ұшырауын зерттейді;
Әр түрлі ерітіндіде шегенің коррозияға ұшырауын қорытындылай алады.
Сыныппен жұмыс
(5 минут)Металдардың коррозиясы– қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы.
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.
Металдардың белсенділік қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен (ең алдымен, оттекпен және сумен) оңай әрекеттеседі.
Mg, Zn, Al, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады.
Lі, К, Ca, Na, Mg, Al, Mn, Zn, Cr, Fe, Cd, Nі, Sn, Pb, Н, Сu, Hg, Ag, Pt, Au
Коррозияның болуына әсер
ететін факторларОттегі және атмосфера ылғалы
Көмір қышқылы және атмосфера құрамындағы күкірт оксиді
Химиялық заттар: қышқылдар, негіздер, тұздар т.б.
Жер асты суы
Мұғалім көрсетілімі
(10 минут )2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
2K + 2H2O = 2KOH + H2
Сілтілік металдар мен судың арасында жүретін реакцияларды видео арқылы бақылаңыздар. Төмендегі кестеге бақылауларды жазыңыздар.
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Коррозия түрлері, коррозиядан сақтаудың негізгі әдістері туралы оқып, дәптерлеріне маңыздыларын жазып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?