Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. № 2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1.С Металдардың белсенділігін салыстыру | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. № 2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі» | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу; 8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау; 8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Металдардың оттекпен және сумен реакциясының жүру барысын ауызша сипаттау; Пәнге тән лексика мен терминология: жемірілу, жемірілген, химиялық белсенді, орташа белсенді, инертті, енжар, жылдамдық (реакция), коррозия, түсін жоғалту | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өзіне, өзгеге құрмет көрсету және ынтымақтастық – жұппен, топпен жұмыстану барысында, академиялық адалдық – өз бетімен жұмыстану барысында, ашықтық – оқушылар өз бетімен сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтай алуда көрсету. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, география және физика | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану арқылы білімін қолдану және тыңдалым дағдылары қалыптасады. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Металл мен бейметалдар Коррозия туралы түсінік (7.4A) | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут 2-5 минут | Сыныпты ұйымдастыру Сабақ басында: Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары айтылады. «Миға шабуыл» Мақсаты: 7-сыныпта өтілген коррозия ұғымын еске түсіру. Оқушыларға 7.4A-бөлімнен коррозия туралы білімдерін тексеру үшін презентациядан суреттер көрсетіледі. Оқушылардың берілген суретті талдауын бақылап, қажет жағдайда қолдау көрсетіліп отырады. Оқушылар берілген суреттерді сипаттап, коррозияға анықтама береді. Оқушылардың берген сипаттамалары бойынша кері байланыс беріліп қателіктер айтылып жөнделеді. Сосын оқуушылар эмодзилер арқылы бірін- бірі бағалайды. | Презентациядағы суреттер, немесе шығарылған суреттер, бағалауға арналған эмодзилер | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 минут
15- 20 минут 20-30 минут 30-35 минут | Топтық жұмыс Мақсаты: металдардың қоршаған ортаның жағдайларына байланысты коррозияға әртүрлі жылдамдықта ұшырайтынын білу; Оқушыларды топқа бөліп, оқушыларға жұмыстың нұсқаулығы таратылып, №2 Сарамандық жұмыс орындалады. Жұмыстың барысы: Бес сынауыққа 1/4 көлемде құйыңыз: 1.дистилденген су 2.құбыр суы 3. 10% натрий хлориді ерітіндісі 4. 10% магний хлориді ерітіндісі 5. 10% натрий гидроксиді ертіндісі Әрбір сынауыққа бір уақытта бір темір шегеден салыңыз. Тәжірибе нәтижесін келесі сабаққа қалдырамыз. Тәжірибе нәтижесін келесі сабақта оқушылармен талқыланады және кері байланыс беріледі. Бағалау дескрипторлары:
Сыныппен жұмыс Тапсырма сипаты: Презентация арқылы коррозияға анықтама беріледі. Металдардың белсенділік қатарын пайдалана отырып, коррозияға төзімді және коррозияға тез түсетін металдармен таныстырылады. Коррозияның болуына әсер ететін факторлар. Коррозияның анықтамасы презентация арқылы көрсетіледі және коррозияға тез және баяу түсетін металдармен таныстырылады. Кейін коррозияға әсер ететін факторларды айтылады. Оқушынлар анықтаманы дәптерлдеріне жазады және металдардың белсенділік қатарымен танысады. Оқушылармен кейбір металдардың басқа металдарға қарағанда жемірілуге төзімді екендігі туралы талқыланады және кері байланыс беріледі. Мұғалім көрсетілімі №2 көрсетілім «Белсенді металдардың сумен рекциясы» Мақсаты: Өте белсенді металдардың салқын сумен реакциясын зерттеу; Ең белсенді металдар таңдалады (натрий, калий). Суық сумен реакциясы көрсетіледі. Оқушылардан пайда болған ерітінділердің pH сутекті көрсеткіші туралы сұралады, олар ерітіндінің сілтілі болатыны туралы білуі тиіс. Оларды тексеріп, олардың сілітілік екендігін дәлелденеді. Тәжірибені бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесі айтылады. Өте белсенді натрий және калий металдарының сумен реакциясын демонстарция арқылы көрсетіледі. Көрсету барысында сұрақтар қойылады. Оқушылардан пайда болған ерітінділердің pH сутекті көрсеткіші туралы сұралады. Оқушылар көрсетілген тәжірибені көреді және мұғалім қойған сұраққа жауап береді. Оқушылар жасалған жұмыстардың реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазады. Оқушылардың дәптерлеріне жазылған теңдеулері тексеріледі және кері баайланыс беріледі. Тез дұрыс жазған оқушылар мадақтау сөздері арқылы бағаланады. Сыныппен жұмыс Мақсаты: Өте белсенді металдардың сумен реакциясын видео арқылы көрсету Оқушыларға сілтілік металдардың сумен реакциясын видео арқылы көрсетіледі. Кейін оқушылар сол металдардың реакция теңдеулерін жазады. Видео көргеннен кейін талқылау жасады. Оқушылар видеода көрсетілген реакциялардың теңдеулерін жазады. Видеодан көрген тәжірибелерге байланысты тапсырма парақтары таратылып, орындалады. Оқушылардың тапсырма парағына жазылған теңдеулері тексеріліп, келесі сабақта қателіктері айтылады. | Металдардың жемірілуі жайлы видео https://www.youtube.com/watch?v=EhUm9-zyKJw сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы . Дистилденген су, 10% натрий хлориді ерітіндісі 10% магний хлориді ерііндісі 10% натрий гидроксиді ертіндісі Темір шеге Презентация Металдар: натрий, калий, кальций. Индикаторлар: фенолфталеин, метилоранж немесе лакмус. Су, сынауықтар, сынауықтар үшін штатив, спирт шам, түтік ұстағыш | |||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия
Қорытынды. Үй тапсырмасы: Коррозия түрлері, коррозиядан сақтаудың негізгі әдістері туралы оқып, дәптерлеріне мағыздыларын жазып келу. | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?