Химиялық реакция типтері. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Химиялық реакция типтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

Сабақ мақсаттары

- химиялық реакция типтерін ажырату және жіктеу

- химиялық реакциялар типтерін әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу

Бағалау критерийлері

  • химиялық реакциялар типтерін әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктейді
  • қосылу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
  • айырылу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
  • орын басу реакциясын біледі және теңдеуін жазады
  • алмасу реакциясын біледі және теңдеуін жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Химиялық реакция типтері, қосылу, айырылу, орын басу және алмасу реакцияларын әрекеттесуші және түзілген заттардын саны мен құрылысы бойынша жіктейді.

Пәндік лексика және терминология

қосылу, айырылу, орын басу және алмасу

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Егер реакцияға түссе ….., онда …..түзіледі

Бұл металл орынбасу реакциясы нәтижесінде алынған.

Белсенділігі жоғары Х металы белсенділігі төмендеу Y металын тұз ерітіндісінен ығыстырады. Реагент, өнім.

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс және бір-бірін тыңдау және сыйлау, өмір бойы оқып білім алу құндылықтары

Пәнаралық байланыс

Математика, физика

Бастапқы білім

7.1А Химияға кіріспе. Таза заттар және қоспалар

7.1В Зат күйінің өзгерісі

7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар

7.3С Салыстырмалы атомдық масса .Қарапайым формулалар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

5-8 минут

9-14минут

Сабақтың басталуы

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақта зат массасының сақталу заңы бойынша үйге берілген есептердің шығарылуын оқушылардың дәптерлеріне шолу жасау арқылы тексеру

Өткенді еске түсіру мақсатында «пияз сақинасы» активитиін орындау. Оқушылар ішкі және сыртқы сақинаға бөлініп тұрады. Ішкі сақинада тұрған оқушылар өздерін қарама – қарсы сыртқы сақинада тұрған оқушылармен берілген сұрақтар төңірегінде диалог жасайды. Мұғалім қол шапалақ соққан кезде сыртқы сақина орын алмастырып жылжып отырады.

Топтарға берілетін сұрақтар:

  • «Бар нәрсе жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды. Бір жерде материя қанша азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген пікірге келісесіз бе?
  • Химиялық реакция кезінде атомдардың саны өзгермей сақталады. Ал атомдардың өздері өзгереді ме?

Жаңа сабақ тақырыбын болжау

Тақтадан слайд презентация арқылы топқа суреттер көрсетіледі. Немесе әр түрлі реакцияларды жарық, жылу, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі) демонстрация түрінде көрсетуге болады.

Оқушылар химиялық реакция белгілері туралы алдыңғы сыныпта өткендерін естеріне түсіре отырып жаңа сабақ тақырыбын ашу керек. Оқу мақсатымен таныстыру

Оқушыларға БББ (KWL) кестесі таратылады.

Осы кестенің «Білемін» бөліміне оқушылар бұрыннан химиялық реакция туралы білетін ақпараттарын жазады.

«Білгім келеді» бөліміне бүгінгі сабақта химиялық реаекциялар туралы не білгісі келетіндігін жазады

Презентация,

оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.

8 сынып химия оқулығы мен есептер жинағы

1-қосымша

БББ кестесі

15- 25минут

26-30минут

31-33минут

34-39минут

Жаңа сабақты меңгеру

Топтық жұмыс

Оқушылар төрт топқа бөлініп зертханалық жұмыс орындайды.

  • тәжірибе:

Қызыл фосфордың жануы (сіріңке)

  • тәжірибе:

Сутек асқын тотығының ыдырауы

  • тәжірибе:

Темірдің мыс тұзы ерітіндісімен әрекеттесуі

  • тәжірибе:

Мыс сульфаты ерітіндісіне аздап натрий гидроксиді ерітіндісін қосу

Әр оқушыға бақылау нәтижесін жазу үшін кесте ұсынылады. Оқушылар өз тобымен ақылдаса отырып, тәжірибе нәтижесін талдайды.

Содан соң әр топтан бір оқушыдан шығып, жасаған тәжірибелерінің тиісті реакция теңдеулерін тақтаға жазады: 1-топ бірінші тәжірибе, 2-топ екінші тәжірибе т.с.с.

Оқушылардан жасаған тәжірибелерінің қорытындысы мен реакция теңдеулеріне қарай отырып, реакция типтерін табуларын сұрау. Қиындық туындап жатырса, реакция типтерінің схемасын ұсыну

Оқушылардың болжамдарын қорытындылап, жалпы химиялық реакция типтері туралы ақпарат беру. Орынбасу реакцияның ерекшелігіне тоқталып кету.

Мұғалімнің түсіндіруі

Жаңа білімді бекіту

Жұптық жұмыс (1)

«Сәйкестендіру кестесі»

Химиялық реакция типтерін анықтамасымен сәйкестендіріңіздер

Реакция типтері

Анықтамалары

Қосылу

қүрделі заттың жай заттарға ыдырауы

Айырылу

жай зат пен күрделі зат арасында,атомдарының орнын ауыстыруы арқылы жүретін реакция

Орынбасу

екі күрделі заттың арасында жүретін , атомдарының алмасуы арқылы жүретін реакция.

Алмасу

екі немесе бірнеше жай заттан бір күрделі заттың түзілуі

Мұғалім жұптардың жұмысын тексереді.

Жұптық жұмыс (2)

Төменде берілген реакция теңдеулерін теңестіріп, типін анықтаңыз:

  • NaBr + Ca(OH)2 CaBr2 + NaOH типі : ______________
  • NH3+ H2SO4 (NH4)2SO4 типі: ______________
  • Pb + H3PO4 H2 + Pb3(PO4)2 типі : ______________
  • Li3N + NH4NO3 LiNO3 + (NH4)3N типі : ______________
  • HBr + Al(OH)3 H2O + AlBr3 типі : ______________

Тақтадағы жауаппен оқушылар бірін – бірі тексереді.

Жеке жұмыс:

Сұрақ белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып реакция теңдеуін теңестіріп, реакция типтерін анықтаңыз:1.Ba+ ? → BaO:2.Сa(OH)2 → CaO+?3.Mg+ ?→ Cu + MgBr24.?+ HCl→ NaCl + ?

Көрсетілген дұрыс жауап арқылы оқушы өзін өзі бағалайды.

Бейнежазба: Химиялық реакция типтері https://www.youtube.com/watch?v=NLxsyK1ptwk

https://www.youtube.com/watch?v=-pFGTO_cKYA

2-қосымша

Реакция типтері: https://www.youtube.com/watch?v=y4VV-V-Tmuk

Слайд презентация

Сабақтың соңы

39-40минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

«БББ» кестесінің « Білдім» бөлімін толтырады. Яғни бүгінгі сабақта нені білгенін жазады.

«Білгім келеді» бөлімін толықтырады.

Үй тапсырмасы: Химиялық реакция типтері бойынша берілген жұмыс парағы

БББ кестесі

3-қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар химиялық реакциялардың типтерін біледі, ажырата алады

Көпшілік оқушылар реакция типтеріне мысал келітіріп, анықтамасын айта алады

Кейбірі күрделі теңдеулерді теңестіріп, тиісті реагентті болжап, реакция типін ажырата алады

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау.

Сабақта қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың химиялық реакция типтерін дұрыс болжам жасап анықтауға, берілген жаттығуларды қатесіз орындауға септігін тигізеді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру- өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасайды.

1-қосымша

2-қосымша

Бақылау (тәжірибе нәтижесі)

Тәжірибе №

Реакцияға дейін

Реакциядан кейін

Тиісті реакция теңдеуі

Реакция типі

Анықтамасы

3-қосымша

Үй тапсырмасы

Берілген реакция теңдеулерін теңестіріп, реакция типін анықтаңыз:

    • Na3PO4 + KOH NaOH + K3PO4 _______________________
    • MgCl2 + Li2CO3 MgCO3 + LiCl _______________________
    • C6H12 + O2 6CO2 + H2O _______________________
    • Pb + FeSO4 PbSO4 + Fe _______________________
    • CaCO3 CaO + CO2 _______________________
    • P4 + O2 P2O3 _______________________
    • RbNO3 + BeF2 Be(NO3)2 + RbF _______________________
    • AgNO3 + Cu Cu(NO3)2 + Ag _______________________
    • C5H5 + Fe Fe(C5H5)2 _______________________
    • O3 O. + O2 _______________________


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу