Зат массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Әрекеттесуші заттардың арақатынасы
Жұмыс мақсаты: 8.2.3.2-әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
Қауіпсіздік ережесі:қорғау көзілдірігін міндетті түрде кию қажет, тәжірибе аяқталған соң қолды мұқият жуыңыз.
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: 0,5М, 1М мыс сульфатының ерітіндісі- 30 мл, 0,5М, 1М калий гидрооксиді ерітіндісі – 30 мл, сынауықтар– 6 дана, сынауыққа арналған тұрғы – 1 дана, сызғыш – 1дана.
Жұмыс барысы
- Әрбір реагенттен 1литрде 0,5моль болатындай етіп алыңыз.
- 5 см3калий гидрооксиді ерітіндісі бар сегіз сынауық дайындаңыз.
- Сынауыққа мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінен 0,5 см3, 1,0 см3 және т.с.с. қосып шығыңыз.
- Заттар толық әрекеттесіп болғанда түзілген тұнбаның биіктігін өлшеңіз.
- (1:2 арақатынастағы заттар үшін биіктік тұрақты 2,5 см және одан жоғары)
- Кестені толтырыңыз.
№ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мыс (ІІ) сульфаты см3 | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2,5 | 3 |
Тұнба биіктігі,см |
(і) Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, реакцияласушы заттардың арақатынасы анықтаңыз:
....................................................................................................................................
(іі) Мыс (II) сульфаты пен калий гидроксиді арасындағы реакция теңдеуін жасалған тәжірибенің қорытындысы негізінде теңестіріңіз.
Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?