Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


ЭМ «ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІН ҚҰРУ. ЗАТТАР МАССАСЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакциялардың теңдеулері

Бұл сабақта оқушылар заттардың формулаларының сипаттамасы және реакция тңдеуіндегі таңбалар мен сандардың барлығын білуі керек. Сол үшін алдымен оқушыларға реакция барысындағы әрбір таңба мен сандардың нені білдіретіндігін жақсылап біліп алуға қажетті тапсырмалар орындатқан тиімді. Немесе оны сыныптан сұрақтар күйінде сұрап анықтауға болады. Содан соң ғана реакция теңдеуін біртіндеп жазып, оны теңестіру ұсынылады. Реакция теңдеулерін жазу «Зат құрамының тұрақтылық заңы» және «Зат массасының сақталу заңының» негізінде жүзеге асырылады.

 Реакция теңдеуін жазуды асықпай кезеңімен біртіндеп түсіндіру ұсынылады. Тек содан кейін ғана оқушылар машықтанып, химиялық реациялардың теңдеулерін жазу дағдыларын машықтандырады. Осы сабақта әрбір оқушының түсінгендігіне назар аудару керек, себебі осы сабақтағы оқушылардың алған білімдері мен дағдылары келесі сабақтарға негіз болып табылады.

 Мысалы зат массасының сақталу заңы тұрғысынан темір мен күкірттің реакция теңдеуін оқушылар келесі күйде біледі:

 Темір + күкірт → темір сульфиді

 Алайда химияда сөздер химиялық таңбалар мен формулалар түрінде бейнеленеді.

  Fe + S → FeS

 Сосын барып теңестіру жұмысы жүргізілтіндігі түсіндіріледі.

 Псықтау ретінде алдымен бинарлы қосылыстар түзілетін реакция теңдеулерін жазу ұсынылады, мысалы:

P + Cl2 →PCl5

Na + S → Na2S

HCl + Mg →MgCl2 + H2

N2 + H2 →NH3

H2O → H2 + O2

 

Одан соң бинарлы емес заттардың формулалары кездесетін реакция теңдеулерін теңестіріп машықтандыру ұсынылады. Осы кезеңде өте қиын теңдеулерді берудің қажеттілігі жоқ.

bilimland.kz сайтындағы ресурстарға сілтеме:

Химия→ Жалпы химия →Бастапқы химиялық түсініктержЖаЖ

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ehmpirikalyq-zhane-molekulalyq-formulalar

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ximiyalyq-tengdeuler

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ximiyalyq-reakcziya-tengdeulerin-tengestiru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?