Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, презентация.


Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы

Оқу мақсаттары:

8.2.3.3 –реагенттердің формулаларын және реакция өнімдерін жаза, химиялық реакциялар теңдеулерін құрастырады

8.2.3.4 –зат массасының сақталу заңын білу.

Сабақтың мақсаттары

- заттың массасын сақтау заңын түсініп, оны тәжірибе жүзінде дәлелдей білу;

заттың бастапқы белгілі массасы бойынша - реакция өнімінің массасын болжай білу;

- эксперименттік деректердің қателерін түсіндіру.

Бағалау критерийі

зат массасының сақталу заңын түсінеді және оны эксперименталды түрде дәлелдей алады;

көрсетілген экспериментті бақылайды (ҚЕ ережесін сақтай отырып) және деректерді өздігінен өңдейді;

зат массасының сақталу заңы бойынша қорытынды жасайды;

реакция теңдеулерін жазады;

химиялық теңдеу арқылы зат массасының сақталу заңның түсінігін көрсетеді.

Химиялық теңдеулер құру

Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

Теңдеудің сол жағына әрекеттесуші заттардың формуласын , ал оң жағына жаңадан түзілген заттардың формуласын жазады. Әрекеттесуші заттар-жұмсалған заттар немесе реагенттер деп аталады, олардың арасына «қосу» таңбасы, ал теңдеудің оң жағындағы жаңадан түзілген заттар немесе өнімдер деп аталады, олардың арасына да «қосу» таңбасы жазылады. Теңдеудің сол және оң жағынын арасына жаңа өнімге айналу бағытын сілтейтін бағдарша қояды.

Химиялық теңдеу – химиялық формулалар мен белгілердің көмегімен химиялық реакцияны шартты түрде жазу.

Бастапқы

заттар

Өнімдер

1-демонстрациялық тәжірибе

1. Өлшеуіш цилиндірмен 20 мл сірке қышқылын өлшеп алыныз (абай болыныз!).

2. Өлшеуіш цилиндірден сірке қышқылын кәрлен табақшаға құйып алып, таразыға қойып өлшеніз.

3. Басқа кәрлен табақшасына 10 грамм ас содасын өлшеп алыныз.

4. Ас содасы салынған табақшаны, ішіндегісін төгіп алмай аузы жабылатың пластикалық пакетке салып таразыға қойыңыз.

5. Абайлап, сірке қышқылы құйылған табақшаны ас содасы салынған пакетке, екеуін қоспай бірге таразыға қойыңыз. Пакеттің аузын жабыныз. 

6. Пакеттің аузын ашпай, соданы сірке қышқылымен араластырыңыз. 

7. Реакция аяқталғаннан кейін, пластикалық пакеттің аузын ашпай салмағын өлшеніз.

2-демонстрациялық тәжірибе

Магнийді тұрақты массаға айналғанға дейін қыздырыңыз, оны жабық табақшада жағыңыз.

Реакцияға дейін және реакциядан кейін өлшей отырып, олар магний мен оттегінің сәйкес келетін массасын табады.

Неліктен заттардың массасы реакцияға дейін және реакциядан кейін тең болады?

Әкті сөндіру

Зат массасынын сақталу заңы

Р + О2

Са + О2

СН4 + О2

Мg + O2

Fe + Hl →

Химиялық теңдеулерді құрып, коэффициенттерін қойындар, зат массасынын сақталу заңын тұжырымдандар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?