Иондардың түзілуі. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.
«ИОНДАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 1 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы
Осы сабақ барысында оқушылардың өткен тақырыптарда алған білімдерін пысықтау мақсатында «Атом құрылысы» атты покер ойыны ойнатылады. Мұғалім алдын ала Қосымша 1 көрсетілгендей немесе өзінің қалауынша 32 карта дайындайды. Ол карталарда элемент таңбалары немесе олардың электрондық конфигурациясы көрсетіледі.Ойын басында мұғалім оқушыларға карталарды үйлестіреді және оқушыларға ойын ережесі түсіндіреді. Ойын ережесіне сәйкес бірінші ойыншы өз картасындағы элемент таңбасын немесе электрондық конфигурациясы дауыстап оқығанда басқа оқушылар өз карталарынан сәйкес жауапты іздейді, тапқан ойыншы ол картаны лақтырады. Ойынның мақсаты оқушыларды жылдам жауап беруге, нақтылыққа баулу.
Жаңа тақырыпты бейнебаянды көрумен бастауға болады (https://www.twig-bilim.kz/film/atom-structure-electron-shells-5627/). Бейнебаянды көріп болған соң оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Оқушылармен аяқталған сыртқы қабат атомды тұрақты (белсенді емес) ететінін талқылаңыз, оған мысал инертті газдар бола алады, олардың химиялық белсенділігінің төмендігіне назар аударыңыз. Натрий және фтор атомдарының құрылысы мысалында оқушылардан атомның тұрақтылыққа (октет ережесі) қалай жетуге болатынын сұраңыз, өз жауаптарын атом құрылысын немесе электрондық конфигурациясын қолданып түсіндіруді сұраңыз.Мысалы:
Бұл жұмысты жұпта немесе топта орындаған тиімді. Тапсырма нәтижесінде оқушылар атомдар электронды қосып алу немесе беру арқылы өзінің сыртқы қабатын толтыратындығын нәтижесінде қосылыстар түзіледі деген қорытындыға келулері керек.
Әрбір төрт оқушыға бірдей элемент атомдарының таңбасын беріңіз және осы элемент атомдарынан иондардың түзілуін көрсетуді сұраңыз. Оқушылар тапсырманы алғашқыда жеке орындайды, сосын бірдей тапсырма алған оқушылар бір топқа бірігіп ион түзілу кезінде бұл элементтер атомдарының толтырылған сыртқы қабаттары қалай түзілетінін бір бірімен талқылайды. Бұл әдіс тақырыпты толықтай түсінуге өз септігін тигізе алады.
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?