Энергетикалық деңгейлер. Лабораториялық жұмыс №1 «Атомдардың модельдерін жасау». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«АТОМДА ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ» ТАҚЫРЫБЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Атомда электрондардың қозғалысы

Бұл сабақтағы оқушының мақсаты атомдардың күрделенген сайын электрондық деңгейлер, деңгейшелер мен орбитальдардың қалай толтырылатынын білу болып табылады.

Орбитальды диаграмма деп аталатын электрондық деңгейлер ммен деңгейшелерді көрсететін шартты сызба қолданылады. Мұндай диаграммаларда орбитальдарды шартты түрде ұяшықтар түрінде, ал электрондарды бағдаршалар түрінде бейнелейді.

Гелий атомында 2 электрон бар, екеуі де 1-деңгейге орналасады. Ұяшықтағы электрондардың санын көрсету үшін оларды 1s2 деп жазады. Бұл қысқа жазба гелий атомының электрондық құрылысын көрсетеді. Сондықтан мұндай жазбаны электрондық формула деп атайды. Бұл деңгеййде оқушыларға «спин» деген ұғымды таныстырудың қажеттілігі жоқ, себебі онымен 10-сыныпта танысады.

Литий атомын қарастырайық:

Литий атомында 3 электрон бар, алғашқы 2 электрон бірінші қабатта орналасады, ал сыймаған үшінші электрон екінші қабатқа орналасады. Сондықтан литийдің электрондық конфигурациясы 1s2 2s1 болады.

Осылайша энергетикалық деңгейлерде орналасатын элетрондарды анықтау және электрондық конфигурацияны жазу ары қарай жалғасады.

1s, 2s, 2p, 3s, 3p, 4s, 3d, 4p, 5s, 4d, 5p, 6s, 4f, 5d, 6p, 7s, 5f, 6d, ...

Қорытынды ретінде алғашқы 20 элементтің атом құрылысын, энергетикалық деңгейлер санын, электрондық конфигурациясын, графиктік электрондық формулаларын және орбитальдардың суретін салу тапсырмасы беріледі. Оқушылар осы жұмысты толық қатесіз орындағанға дейін тапсырмалар беріліп машықтанады. Сыртқы электрон қабатындағы жұптаспаған электрондар санына сай элементтің белсенділігін жобалап анықтай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?