Энергетикалық деңгейлер. Лабораториялық жұмыс №1 «Атомдардың модельдерін жасау». Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

Аты-жөні__________________________________________ Сынып:_______

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу мақсаттары:

-атомдағы электрондардың ядродан арақашықтықтары алыстай түсетін орбиталдар бойында орналасатындығын түсіну;

- әрбір электрондық қабат белгілі электрон сиымдылығына ие екендігін түсіну.

Бағалау критерийлері:

-ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсетеді;

-бейнеленген әр деңгейдегі толық (максимальды) орналасқан электрон сандарын кесте арқылы толтырады;

Тапсырма 1. Бос орындардың мәнін толтырыңыз.

Элемент таңбасы

Атомдық масса

Ядро заряды

Протон саны

Нейтрон саны

Электрон саны

Электрондардың қабат бойынша орналасуы

Электрондық конфигурациясы

Аяқталған қабат саны

Период және топ нөмірі

23

+11

16

2,6

20

1s22s22p6

Тапсырма 2.

Ядроны және электрондарды көрсете отырып, берілген элемент атомдарының сызбасын суреттеңіз:

Литий, көміртек, кальций, хлор.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Оқушы

-ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсетеді;

1. Элементтің таңбасын жаза алады.

2. Элементтің ядро зарядын көрсетеді.

3. Элементтің протон санын көрсетеді.

4. Элементтің нейтрон санын көрсетеді.

5. Элементтің электрон санын көрсетеді.

6. Элементтің электрондық қабаты бойынша орналасуын көрсетеді.

7. Элементтің электрондық конфигурациясын жазады.

8. Периодтық жүйедегі орнын және топ нөмірін көрсетеді.

9. Элемент атомдарының сызбасын суреттейді.

-бейнеленген әр деңгейдегі толық (максимальды) орналасқан электрон сандарын кесте арқылы толтырады;

Оқушының аты-жөні _________________________________________________ Сынып ____________

Лабораториялық жұмыс №2 Атомдардың модельдерін дайындау

Оқу мақсаты:

- меңгерілген білімдерді электрондардың электрондық қабаттарда орналасуының модельдерін салу үшін қолдану.

- әрбір электрон қабатындағы электрон сандары белгілі максимал мәннен аспайтындығын түсіну.

- алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын жаза білу.

Бағалау критерийлері:

- атом құрылысын білу және электрон санын дұрыс көрсетеді;

-периодтық кестедегі ақпаратты пайдалана алады;

-5-6 элемент атомының электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын дұрыс құрастырады;

-3-4 атом модельдерінің схемасын құрастыра алады;

Тапсырма 1. Мәтіндегі бос орындарды толтырыңыз:

Атом оң зарядталған –________________ және ядро сыртында айналып жүретін _________________, тұрады. Ядро ______________және ______________құралады. Реттік нөмірі бойынша _________________ және______________ анықталады. Нейтрон саны _________________________________________________анықталады.

Период нөмірі бойынша _____________________________________________анықталады.

Топ нөмірі бойынша _____________________________________________ анықталады.

Тапсырма 2. Ұсынылған атомдардың моделін суреттеңіз.

1 нұсқа. көміртек, күкірт,

2 нұсқа. гелий, фтор,

3 нұсқа. хлор, неон

4 нұсқа. алюминий, аргон

А) Атом моделін жасамас бұрын, кестені толтырыңыз:

Элемент атауы

Реттік нөмірі

Ядро заряды

Жалпы электрон саны

Энергетикалық деңгей саны

Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны

Энергетикалық деңгейлерде электрондардың орналасу схемасы

В) Ұсынылған атомдардың моделін суреттеңіз.

Элемент атауы, таңбасы

Атом моделі

Элемент атауы, таңбасы

Атом моделі

Тапсырма 3. Берілген элемент атомдарының электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын құрастырыңыз.

1 нұсқа. гелий, фтор, фосфор, литий, кальций, неон

2 нұсқа. азот, көміртек, күкірт, натрий, алюминий, оттек

Элемент атауы

Электрондық конфигурациясы және графиктік формуласы

Тапсырма 4. Модель схемасы бойынша элемент атомын анықтаңыз:

Элемент:_______

Элемент:_______

Элемент:_______

Элемент:_______

Қорытынды: (бос орындарға сөздерді/сөзтіркестерді қойыңыз және керек сөздің астын сызыңыз)

Атом бұл - .................................................................................................................................

Атомның заряд сомасы……………………., өйткені………………….................................

………………………... Атомда электрондар энергетикалық деңгей бойынша орналасады: электронның аз/көп энергия қорына ие болса, ядродан сонша алыс/жақын орналасады.

Бағалау критерийі

Тап.

Дескриптор

Оқушы

-атом құрылысын біледі, электрон санын дұрыс анықтайды;

1

Ядро протон мен нейтроннан тұратынын біледі;

Протон, нейтрон және электрон санын анықтай алады;

Период бойынша энергетикалық деңгей санын анықтай алады;

-периодтық кестедегі информацияны пайдалана алады;

2

Атом моделін суреттей алады;

-5-6 элемент атомының электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын дұрыс құрастырады;

3

Берілген элементтердің электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын жаза алады;

-3-4 атом модельдерінің схемасын құрастыра алады;

4

Атом модельдерін біле отырып, элемент атомын анықтай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?