Қазақстанның пайдалы қазбалары. Химия, 7 сынып,дидактикалық материал.
Қосымша 1
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кен орындары ашылған. Біздің қасиетті де қасіретті жеріміз қазына байлыққа бай ел. Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:1. Жанатын2. Рудалы3. РудасызЖанатын пайдалы қазбалар Мұнай мен газ. Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Мұнай фонтаны бірінші рет 1899 жылы Жайық — Жем бассейніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылды. Кейін олардан асазор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау), Кеңқияқ пен Жаңа-жол (Ақтөбе) және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. Көмір. Қазақстанда көмір қорымол. Мұнда тас көмірдің 10 бассейіні, 155 кен орыны бар. Көмір кен орындарының басым көбі Орталық Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары жерінде орналасқан.Қазіргі кезде Қарағанды бассейні 3000 км2 жерді алып жатыр. Бұл — Қазақстанның негізгі көмір базасы.Екінші орын алатын — Екібастұз көмір бассейні, Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Кенді пайдалы қазбаларТемір. Қазақстан темір кені қоры жөнінен елімізде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады. Темірдің кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барланған темір кені қорының 85% -ы шоғырланған. Әсіресе, Қашар, Соколов, Сарыбай кен орындарының маңызы зор. Марганец. Марганецтің ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы кендерде 27% -ға жуық марганец болады. Марганец кендері Ұлытауда, Сарыарқада, Қаратауда, Маңғыстауда табылды. Хром. Хромит кен орындары Мұғалжар тауларында кездеседі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өнім мөлшерінен дүниежүзінде бірінші орынға шықты, ол 40 елге шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. Никель. Никельдің қоры Мұғалжар таулы ауданында жыныстардың үгілу қыртысында қалыптасқан. Никельдің 30-дан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кенішінің үгілу қыртысында пайда болып, Бұрақтал кен орнында шоғырланған. Алюминий. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты — боксит. Негізгі кен орындары — Сарыарқаның солтүстік — шығысында Ақмола және Торғай маңында. Мыс. Қазақстанда мыс кенінің аса бай қоры бар. Мыс өндіретін кендердің негізгі типтері — мысты құмтастар (71 %), мысты профилер. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны — Жезқазған. Жезқазған кен орны елімізде бірінші, дүниежүзінде екінші орында.Мысты профилі кен орындарының ең ірілері — Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ кенде металл мөлшері аз. Полиметалдар. Полиметалл кенінде қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс тағы басқа металдар болады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары - Кенді Алатайдағы Риддер, Зырян және басқа да жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалым сайдабар. Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қасқайғыр және басқа жерлерде) барланды. Алтын. Қазақстанның бірқатар аудандарында алтын кен орны бар. Бұлар Республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде. Солтүстік шет аймағында алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, қайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасы ауданында да кварцты желі мен шашыранды алтын кен орындары бар. Шағын кварцты — желілі кен орындары Жоңғар және Іле Алатауында да бар. Сирек кездесетін металдар. Бұл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сурьма жөне басңалар жатады. Кенінің мөлшері және өнеркәсіптік маңызы жөнінен Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап және басқалар) сондай-ақ, полиметалл кен орындары -Жоңғар Алатауы мен Алтайда кездеседі. Кенсіз пайдалы қазбаларАсбест. Асбестің бірнеше кен орны магмалық (өте негізгі) жыныстарға байланысты. Ең ірі кен орны — Жітіқара Жезқазған аймағында. Мүғалжардың оңтүстігіндегі Бөгеттісай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбесттің едәуір қоры бар. Фосфорит. Қазақстан фосфориттің қоры жөнінен Ресейден кейін екінші орын алады. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Қаратауда фосфорит кең орындары бар.Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұл кең орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Тұз. Қазақстан аумағында тұз қоры өте көп. Әсіресе, тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз-қабаттарының қалыңдығы 2 км-ден астам. Кейбір қабаттарда ас тұзына қоса калий және басқа тұздар болады. |
Қосымша 2
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?