Тыныс алу процесі. Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Күні:
Сыныбы_____________________________________________________________________
Оқушының аты-жөні__________________________________________________________
Зертханалық жұмыс №10 Тақырыбы: Тыныс алу химизмін зерттеу Мақсаты:
Жетістік критерийлері:
Кіріспе:Тыныс алу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады. Өкпедегі газ алмасу –тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79 % – азот, 21% – оттек, 0,03 % – көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттегі – қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Оттегін тасушы – гемоглобин. Жасушалық тыныс алу Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмірқышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмірқышқыл газының сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Тынысалу мүшелері: мұрын қуысы, өкпе, аңқа, көмей, кеңірдек, бронхы. Реактивтер: әкті су Құралдар: сынауықтар, сынауық қоятын штатив, қорғаныс көзілдірігі, асбест тор, май шам, лабораториялық штатив, сіріңке, шұқырақ /воронка/, термометр,градусник. Жұмыс барысы мен нәтиже: Тәжірибе№1. Құйғы астында май шам жағу. Майшамды асбест тордың үстіне қойып жағады. Үстінен құйғымен жабады. Жану реакция теңдеуін сөз арқылы жазады: + + + = + + Тәжірибе №2. Әк суына үрлеу. Сынауықта құйылған әк суына түтікшені салып, (тыныс алу өнімін шығарады) үрлейді. Қандай өзгеріс байқалды? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылар әк суымен жұмыс жүргізу кезінде қорғаныс көзілдіріктерін киюлері керек. Тәжірибе №3. Айнаға үрлеу. Айнаны қолдарына алып, оған демалады. Қандай өзгеріс байқалды? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қорытынды: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?