Химиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы. Қоректік заттарға тест. Химия, 7 сынып, қосымша материал 4
Тағамдық заттардың әр түрін анықтауға арналған стандартты тесттер.
Қант: Бенедикт немесе Фелинг ерітіндісімен
- Қантты суды ерітіңіз;
- Мыс гидроксидін дайындау үшін , мыс тұзына сілті ерітіндісін қосыңыз;
- Қант ертіндісіне дайындалған көк түсті мыс гидроксиді тұнбасының бірнеше тамшысын қосып араластырыңыз;
- Пайда болған ерітіндінің түсіне назар аударыңыз;
- Жасалған тәжірибеде жүретін реакциялар:
- Мыс+сілті=көк тұнба
- Қант ерітіндісі+мыс гидроксиді (тұнба)=қанық көк ерітінді
Крахмал: йод ерітіндісі
- Крахмал иодтың қатысында қою-көк түске боялады.Қыздырғанда түс өзгеріп, суытқанда қайта пайда болады.
- Жасалған тәжірибеде жүретін реакциялар:
крахмал+ иод ерітіндісі=крахмал қою-көк түске боялады.
Нәруыз: биурет реакциясы
Берілген ақуызды анықтау үшін Биурет реакциясын жүргіземіз.
1. Ақуыз ерітіндісін дайындау:
- жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп аламыз;
- бөліп алынған жұмыртқаның ағына бірнеше су құйып араластырып ерітеміз;
2.Мыс гидроксиді ерітіндісін дайындап аламыз:
Мыс гидроксидін дайындау үшін , мыс тұзына сілті ерітіндісін қосыңыз;
3.Ақуыз ертіндісіне дайындалған көк түсті мыс гидроксиді тұнбасының бірнеше тамшысын қосып араластырыңыз;
Жасалған тәжірибеде жүретін реакциялар:
- Жұмыртқаның ағы+ су= ақуыз ерітіндісі
- мыс тұзының ерітіндісі + сілті ерітіндісі -----> көк тұнба
- ақуыз + көк мыс тұнбасы -----> күлгін түс ерітінді
Майлар: қағазда үйкеу, Судан III
- Қан құрамындағы майды (холестеринді) анықтау үшін Судан III бояуын қолданады.
- Қан үлгісін 1-3 минут бойы формалинді спирт ерітіндісіне араластырып қояды;
- Судан ІІІ бояуын қосып, 10 минуттан кейін қызыл түсті қан сары түске өзгереді.
- Қағазға үйкеу әдісімен сынау.
- Майлы тағамды қағазға үйкеңіз;
- майланған қағазға су тамшысын тамызыңыз.
- майланған қағаздың суды сіңірмейтініне назар аударыңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?