file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Химиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы. Қоректік заттарға тест. Химия, 7 сынып, қосымша материал 3.


Бағалау критерийі

кейбір қоректік заттарды: көмірсулар (қант, крахмал) нәруыз, майларды ажырату және оларды анықтай білу;

Жұмыс барысы:

А. Биурет реакциясы - ақуызға тест жүргізу.

Суда жұмыртқа ақуызының ерітіндісін дайындау.

2 мл ақуыз ерітіндісін сынауыққа құю.

Тамшуырмен 2мл 2Н натрий гидроксидінің ерітіндісін және 5 тамшы 1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосу.

Бақылау жүргізу.

В. Күміс айна реакциясы - глюкозаға тест жүргізу.

1. Бірінші сынауыққа балдың су ерітіндісін дайындау.

2. Екінші сынауыққа 2мл 0.1М күміс нитратының ерітіндісін құю және ерітіндінің түсі өзгергенге дейін бірнеше тамшы 1%-дық аммиак ерітіндісін қосу.

3. Бал ерітіндісі бар сынауыққа екінші сынауықтың ішіндегісін құю.

4. Сынауықты ыстық су құйылған стақанға салу.

5 Бақылау жүргізу.

Ескерту: Қантты анықтауды Бенедикт реактивімен жүргізуге де болады.

С. Майларға тест жүргізу.

Күнбағыс дәнін немесе қарақұмық жаңғағын сүзгіш қағазға немесе майлыққа орналастыру.

Қасықты алып, дәнге басу.

Бақылау жүргізу.

Жүргізілген тест нәтижелерін жұмыс парақтарына ресімдеу.

Уақыт: 30мин

1 оқушыға

Реактивтер:

мыс сульфатының ерітіндісі 1%-10мл

2Н натрий гидроксиді-2мл

Аммиак 1%-1мл

Күміс нитраты 0,1М-10мл

жұмыртқа ақуызы, бал, жаңғақ немесе күнбағыс дәні.

Жабдық және ыдыс:

Сынауықтар-6шт

Тамшуырлар-6шт

Стақан-1шт

Қасық-1шт

қағаз майлық немесе сүзгіш қағаз-2шт

Бағалау дескрипторлары:

- зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдана алу;

- барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу;

- зерттеу бойынша жазбаша есеп дайындау, ол нәтижелер кестесін құра білу;

- зерттеу кезінде алынған дәлелдерге негізделген қорытындыны жаза алу.

Практикалық жұмыс Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?