Химиялық элементтердің периодтық кестесінің (ХЭПЖ) құрылымы. Химия, 7 сынып, қосымша материал 4.


Тапсырма №1. «Айқыштар мен нөлдер» ойыны.

1) Бір период ішіндегі; 2) бір топ ішіндегі элементтерді анықтап, тік, көлденен немесе диагональ бойынша түзу сызыңыз.

А)

Be

N

Si

Al

Na

C

Cl

Mg

Ge

Ә)

Zn

Cl

Al

Be

Mg

Ca

Si

S

Na

Дескриптор: периодтық кестенің құрылымын біледі және элементтерді адресі бойынша анықтай алады.

Тапсырма №2. «Жұмбақты кесте». Берілген элементтерді бос кестеге толтырыңыздар. Элементтің реттік нөмірін, агрегаттық күйін, метал/бейметалл екенін болжап кестеге жазыңыз:

Li-бірінші топ, екінші период;

C- он төртінші топ, екінші период;

Se-он алтыншы топ, төртінші период;

H-бірінші топ, бірінші период;

Br-он жетінші топ, төртінші период;

Zn-он екінші топ, төртінші период;

As-он бесінші топ, төртінші период;

Au-он бірінші топ, алтыншы период;

Al- он үшінші топ, үшінші период;

Дескрипторлар:

- периодтық кестенің құрылымын біледі және элементтерді адресі бойынша тиісті орнына орналастыра алады.

-элементтің ХЭПЖ-де орналасуы бойынша реттік нөмірін, агрегаттық күйін, металл/бейметалл екенін болжай алады.

Тапсырма №3. «Сарапшы» ойыны. А, В және С элементтерінің реттік нөмірлері сәйкесінше: n, n+2 және n+4 (мұндағы n кез келген сан). Элементтерді анықтаңыз егер:

  • Егер химиялық элемент А – ең жеңіл галоген болса, В қандай элемент болғаны?
  • Егер элемент С – инертті (салғырт) газ, ал В – металл болса, А – қандай химиялық элемент?
  • Егер А және В элементтері бір топқа кірсе, онда С қандай элемент болғаны?
  • А, В және С элементтерінің үшеуі де кәдімгі жағдайда газ бола ала ма?

Дескрипторлар:

- периодтық кестенің құрылымын біледі және элементтерді адресі бойынша тиісті орнын тауып, белгісіз элементті анықтай алады.

- белгісіз элементке берілген сипаттамаларға талдау жасай отырып, элементтің ХЭПЖ-де орналасуын болжай алады.

Тапсырма №4

Тапсырма №4

Тапсырма №4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?