Қарапайым химиялық реакциялар. Сұйылтылған қышқылдардың кабонаттарымен реакциясы. №2 Практикалық жұмыс: "Сұйылтылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі". Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Фамилия, имя учащегося/Оқушының аты-жөні/ Name of student:

Бөлім\ Тақырып

7.2ВҚарапайым химиялық реакциялар/ Сұйылтылған қышқылдардың кабонаттарымен реакциясы

№2 Практикалық жұмыс: "Сұйылтылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі"

Оқу мақсаттары

7.2.2.4 сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттеу;

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану, зерттеу

Бағалау критерийі

  • Сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттейді
  • Көмірқышқыл газының сапалық реакциясын түсіндіреді

Тапсырма №1

№9 Лабораториялық жұмыс Көмірқышқыл газын алу және оны анықтауға арналған тест

Реактивтер: Кальций немесе магний карбонаты, 0,5М күкірт/тұз қышқылы, әк суы, мыс сульфаты, кобальт хлориді

Жабдық және ыдыс: Сынауықтар, газ жүретін түтігі бар тығын, металл штатив, сағат шынысы

Тәжірибе №1.

Жұмыс барысы:

Байқалған құбылыс

Қорытынды

Сынауыққа 3г кальций карбонатын салыңыз да, үстіне 3мл тұз қышқылын құйыңыз. Не байқалады?

Тез арада шыраны жағып, жанып жатқан шыраны сынауық ішіне апарыңыз. Не байқадыңыз?

Сынауық ауызына сағат шынысын апарып, қабырғасын бақылаңыз. Не байқадыңыз?

Тәжірибе №2.

Жұмыс барысы:

1. Көмірқышқыл газын алу құрылғысын суретте көрсетілгендей жинау.

2. Сынауыққа 7г натрий карбонатының мөлшерін салу, 6 мл тұз қышқылының ерітіндісін құю.

3 Газ жүретін түтігі бар тығынмен жабу, екінші ұшын 3 мл әк суы (Ca(OH)2 ерітіндісі) бар сынауыққа орналастыру.

4.Бақылау жүргізу.

5. Жұмыс бойынша қорытынды шығару. Жүргізілген реакциялардың теңдеуін сөзбен жазу.

6. Көмірқышқыл газын сынауыққа қалай жинау керек? Ойланыңыз!

Бақыланған құбылысты және жалпы реакция теңдеуін сөзбен жазу

Қорытынды

Тапсырма2

a)Суретте көмір қышқыл газын газын жинаудың қандай әдісі берілген?

__________________________________________________

b) Сұйылтылған тұз қышқылымен кальций және магний карбонатымен реакциясын сөзбен жазыңыз

1-реакция: __________________________________________________________________

2-реакция: ___________________________________________________________________

c) Cуретте берілген қай әдістермен көмір қышқыл газын жинауға болады. Себебі:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

d)Жиналған көмір қышқыл газыны екенін қалай, немен дәлелдеуге болады? Жауабыңды толық түсіндіріп жаз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Дескриптор

Сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттейді

Тәжірибеге бақылау жүргізе алды.

Сұйытылған қышқылдардың карбонатпен реакциясын сөзбен жазды

Көмірқышқыл газының сапалық реакциясын түсіндіреді

Газды қалай жинауды түсіндірді

Бөлінген газды сапалық анықтай алды.

Жасалған тәжірибеден қорытынды шығара алды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?