Металл мен бейметалдардың оттекпен реакциясы. Оксидтер. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A Химиялық реакциялар

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Металл мен бейметалдардың оттекпен реакциясы. Оксидтер

Сабақ типі

Жаңа материалды игеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.4.4 металдар мен бейметалдардың оттекпен реакцияларын білу және металдар оксидтер негіздік, ал бейметалдар оксидтер қышқылдық болатынын түсіну

 Сабақ мақсаттары

  • металдар мен бейметалдардың оттекпен реакцияларын білу және металдар оксидтер негіздік, ал бейметалдар оксидтер қышқылдық болатынын түсіну

Бағалау критерийлері

-жай заттардың жануы реакциясының нәтижесінде оксидтер түзілетінін біледі

-алынған оксидтердің табиғатын анықтайды

-бейметалл оксидтері қышқылдық, ал металл оксидтерінің негіздік екендігін біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Металдар мен бейметалдарға мысалдар келтіре алады, олардың жануы кезіндегі химиялық реакцияларды жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

оттек, тотығу, оксид, индикатор түсінің өзгеруі, қышқылдық және сілтілілік орта

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

…-сыз заттар жана алмайды, себебі ...

Х металы оттекте ауадағымен салыстырғанда ..... жалынмен жанады/күшті жанады.

Металл /бейметалл оксидтерінің сулы ортасының pH-ы … көмегімен сыналады

Универсал индикатор қышқылдық ортада ...түске боялады.

Құндылықтарды дамыту

 

 

Сабақ барысында үштілділікті дамыту (1 тапсырма),

денсаулықты бағалау (қауіпсіздік ережелері, көрсетілім),

оқуға жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттерді бағалауға көңіл аударылады.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Биология

Оттектің биологиялық жүйелер үшін маңыздылығы жөнінде жаңа тақырыыпты ашу кезеңінде сөз ету.

География

Табиғи ресурс көздері. Дидактикалық мәліметтер.

АКТ қолдану дағдылары

Power point презентацияны дайындау

Бастапқы білім

6-класс, Жаратылыстану 3.2. Заттардың жіктелуі

7.1В Зат күйінің өзгерісі

7.2В Ауа. Жану реакциясы

Дифференциация

Барлығы:

-жай заттардың жануы реакциясының нәтижесінде оксидтер түзілетінін біледі

-алынған оксидтердің табиғатын анықтайды

-бейметалл оксидтері қышқылдық, ал металл оксидтерінің негіздік екендігін біледі

Көпшілігі:

Металл оксидтеріне және бейметалл оксидтеріне тән ерекшк және ортақ қасиеттерді келтіре алады.

Кейбірі:

Қышқыл жаңбырлар неден түзілетінін түсіндіре алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1мин

1-3 мин

3-6 мин

Сабақтың ортасы

Саламатсыздар ма? Бүгінгі күндеріңіз сәтті өтсін

Оқушылардың көңіл күйін білу

Мына суретке қарап отырып айтыңыздаршы, өткен сабақта қандай тақырып қарастырдық?

Сабақты өткен сабақты қайталаудан бастайық:

«Сұрақтар»

1.Жану реакциясы дегеніміз не?

2.Жануды не қолдайды?

3.Ауа құрамында оттегі неше процент?

4.Зат жану үшін қандай шарт орындалу керек?

5.Зат ауада жақсы жанады ма, әлде таза оттегінде жақсы жанады ма?

6.Заттарды жану жағдайына байланысты неше топқа жіктейі?

7.Үйде табиғи газ жанғанда реакция өнімі ретінде не түзіледі?

8.Жай заттар (элементтер) жанғанда қандай өнім түзіледі?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарды айқындау

Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын меңгеру үшін алдымызға мынадай мақсат қоямыз:

  • Жану реакциясы өнімдері қышқылдық немесе сілтілік орта түзетінін білу
  • Бейметалл оксидтері қышқылдық, ал металл оксидтерінің негіздік болатынын білу
  • Д.И.Менделеева кестесінде металдар мен бейметалдарды табыңыздар.
  • «Бас қатырғы»

Өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы

bilimland.kz/index.php/kz/

Презентациялар

http://www.chemport.ru/data/chemipedia/article_5891.html

http://www.youtube.com/watch?v=02tRpSw8_-I

bilimland.kz/index.php/kz/

6-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-38 мин

(G)Оқушыларға металдар мен бейметалдар қатарын ұсыныңыз. Оқушылар олардан жану кезінде қышқылдық немесе негіздік оксидтердің түзілетіндігіне болжам жасайды.

Тапсырма 2.

Берілген реакцияны сөзбен жазып аяқтаңыз.

Көміртегі + оттегі =

Күкірт + оттегі

Барий + оттегі =

Мырыш + оттегі =

Сыныпқа сұрақтар:

  • Реакция барысында қандай заттар тзіледі?
  • Бұл оксидтердің қасиеті жайында не айтуға болады?
  • Өнімдердің әр қласқа жататыңдығын қалай дәлелдеуге болады.
  • Органикалық қосылыстардың қандай кластарын білесіздер?

Дәптерлеріңізге жазыңыздар:

Қышқылдық оксид + су → қышқыл

Негіздік оксид + су → негіз

Оксидтер тақырыбына тапсырмалар

(E және/немесе D) Ауада бірқатар элементтерді жағыңыз, қауіпсіздік тұрғысынан оттекке арналған газ банкаларын пайдаланыңыз. Түзілген өнімге су қосыңыз, сілкіңіз және әмбебап индикатормен тексеріп көріңіз

Жұппен жұмыс:

Оқытушымен бірге көрсетілім

Әр түрлі элементтердің ауада жануы.

Дағдылар:

- мұғалім көрсеткеннен кейін ғылыми әдістерді пайдалану;

-барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізу.

Оқу мақсаттары:

-металдар мен бейметалдардың оттекпен реакцияларын білу және металдар оксидтер негіздік, ал бейметалдар оксидтер қышқылдық болатынын түсіну

-жану реакциясының нәтижесінде алынған оксидтердің табиғатын анықтау;

Көрсетілімді мұғалім немесе лаборант жүргізеді.

Ұсынылатын реактивтер: темір,магний, көміртек, күкірт, қызыл фосфор. Қажет болған жағдайда натрий, кальцийдің жануын оқушыларға бейне материал арқылы көрсету қажет.

Химиялық ыдыс және жабдық: колба, өнімдерді жандыруға арналған қасық, сіріңке, индикаторлар.

Жұмыс барысы: Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ауада бірқатар элементтерді жандырыңыз, колбаны пайдаланыңыз. Су қосып, шайқаңыз және әмбебап индикатормен тест өткізіңіз.

Индикатор түрлерінің қышқыл мен сілтіге әсері (Презентация бойынша)

Ортасы\ Индикатор

Лакмус

Бром-

тимол көгі

Метил-

оранж

Фенол-

фталеин

Қышқылдық орта

Қызыл

Сары

Қызғылт

Түссіз

Сілтілік(Негіздік орта)

Көк

Көк

Сары

Таңқурай

(I) Оқушылар ауада, оттекте жануды (қажет жағдайда) бақылау, әмбебап индикатормен сынау нәтижелерін параққа толтырады

Оқушыларға бағалау критерийлері көрсетілген қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріледі, металл және бейметалл оксидтерінің сумен реакцияласуы нәтижесінде түзілген ерітінділерінің индикатор түстеріне назар аудара отырып, нәтижелерге қатысты қорытынды жасап, кестеге толтырады

Қорытындысын бағалау критерийі бойынша алдымен өзін - өзі бағалау және өзара бағалау

(f) Оқушыларға металл және бейметалл оксидтерінің сумен реакцияласуы нәтижесінде түзілген ерітінділерінің индикатор түстеріне назар аудара отырып, нәтижелерге қатысты қорытынды жасау ұсынылады

(G) Оқушыларға бірқатар металдар мен бейметалдарды ұсыныңыз. Оқушылардың негізгі мақсаты жанған кезде қайсы бірі қышқылдық оксид, қайсы бірі негіздік оксид түзетінін анықтау.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

15 мин

Тапсырмалар:

Дифференциация

Барлығы:

Сөйлемдегі бос жерді толтыр:

................. оттегінде жанғанда ............. түзеді. Мысалы, ............. оттегінде жанғанда .................................. оксидін түзеді. ............... оксидтердің судағы ерітіндісі ...................... қасиет көрсетеді. Сондықтан, лакмус индикаторының түсін ................... түске бояйды.

Көпшілігі: Кестені толтыр:

оксидтер

Бөлме температурасында көбіне қандай заттар

Суда ерігенде не түзеді

Екі оксидке де ортақ қасиет не?

Металл оксиді

Бейметалл оксиді

Сабақты қорытындылау мақсатында “Kahoot”

Ойналатын болады.

https://create.kahoot.it/#quiz/e3313868-7104-4cc8-8ab1-e232e4d35af2

Қышқыл жаңбырлар

Қышқылдық оксидтер қышқыл жаңбырлардың түзілуіне маңызды рөл атқарады.

Қышқыл жаңбырлар туралы не білесіздер?

Олар қалай түзіледі?

Слайд бойынша жұмыс.

Мүмкін болатын элементтер: магний, темір, көміртек, күкірт, қызыл фосфор. http://www.chemport.ru/data/chemipedia/article_5891.html

http://www.youtube.com/watch?v=02tRpSw8_-I

Мүмкін элементтер магний, темір, мыс, көміртек, күкірт, қызыл фосфор, кремний. Химиялық ыдыс және жабдықтар.

http://www.chemport.ru/data/chemipedia/article_5891.html

http://www.youtube.com/watch?v=02tRpSw8_-I

Презентация

Формативті бағалау

https://create.kahoot.it/#quiz/e3313868-7104-4cc8-8ab1-e232e4d35af2

Сабақтың соңы

38-40 мин

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма?

Рефлексия жүргізу:

Үйге тапсырма: Натрий, мыс, темір, көміртек, фосфордың жану реакцияларының сөз жүзіндегі теңдеуерін жазу. Олардың орта реакциясына дұрыс болжам жазу.

https://prezi.com/eiomxbqva2qg/metal-and-non-metals-oxides/

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

-жай заттардың жануы реакциясының нәтижесінде оксидтер түзілетінін біледі

-алынған оксидтердің табиғатын анықтайды

-бейметалл оксидтері қышқылдық, ал металл оксидтерінің негіздік екендігін біледі

Көпшілігі:

Металл оксидтеріне және бейметалл оксидтеріне тән ерекшк және ортақ қасиеттерді келтіре алады.

Кейбірі:

Қышқыл жаңбырлар неден түзілетінін түсіндіре алады.

Таратылған жеке тапсырмаларды орындаулары арқылы.

Сабақ барысында қойылған сұрақтар мен тапсырмалар арқылы тексеріледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?