Атом құрылысы және атом ядросының құрамы. Химия. 7 сынып, қосымша материал.


Атом – затты құрайтын бөлшек. Ол тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады.

Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе

1021, әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Атом неден тұрады?

Атом ішкі құрылысын біз көре алмайтындай кішкентай болғандықтан, ғалымдар атомның құрылысын сипаттайтын түрлі моделдерді жасады. Қазір біз қолданып жүрген атом моделі жиырмасыншы ғасырдың басында жасап шығарылды, бірақ оны әлі де дамытып келеміз. Атомның құрылысын түсіну арқылы, біз заттың неліктен солай әрекет ететінін түсіндіре аламыз.

Атомның орталығы ядро деп аталады. Ядро атоммен салыстырғанда өте кішкентай, бірақ атом массасының 99%-дан астам бөлігі осы жерде жинақталған. Ядрода протон деп аталатын оң зарядталған бөлшектер және әдетте бейтарап болатын нейтрон атты бөлшектер бар. Нейтронның заряды нөлге тең, ал массасы протонның массасымен шамамен бірдей.

Ядроны теріс зарядталған электрон бұлты қоршап тұр. Электронның заряды теріс: протонның зарядымен бірдей, бірақ таңбасы қарама-қарсы. Ал массасы өте аз, шамамен протон массасының 1/1836 бөлігіндей.

Атомда әрдайым электрон мен протон саны тең болады, себебі протон электронды өзіне оң зарядпен тартады. Теріс заряд пен оң зарядтың мөлшері тең болатындықтан, барлық атомдар бейтарап болады.

Қосымша сұрақ: Ғалымдар атомның құрылысын қалай анықтады?

Қазіргі замандағы атомның зерттеулері Томсон электронды ашқаннан кейін (1897) басталды, ол атомның мейіз қосылған пудинг моделін ұсынды. Гейгер мен Марсденнің (1909) тәжірибелері мен оларды Резерфордтың түсіндіруі (1911) ядроның, ядродағы протондардың (Резерфорд, 1919) және нейтрондардың ашылуына (Чедвик, 1932) алып келді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?