Атом және молекула. Химиялық элемент. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А Атомдар. Молекулалар. Зат

Мектеп: Атырау қаласы, ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Косанов Р.П.

Сынып: 7-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атом және молекула. Химиялық элемент.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.3.1 атомды заттың ең кіші бөлшегі ретінде түсіну

7.1.3.2 атом мен молекуланың айырмашылығын білу

7.1.3.3 әрбір элементтің химиялық символмен белгіленетіндігін білу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Атом, молекула, химиялық элемент ұғымын қалыстастырады;

Атом, молекула, элементтерді бір-бірінен ажырата алатын болады;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Атом терминін түсіндіріп бере алады;

Молекула терминін түсінідіріп бере алады;

Атом, молекула, элемент түсініктерін ажырата алады.

Химиялық элементтің тек қана сол элементтің атомдарынан тұратынын біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика және терминология:

атом, молекула, элемент

 Құндылықтарды дарыту

Жеке жұмыстар арқылы оқушының академиялық адалдығын дамыту;

Жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ынтымақтастық, көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс – атомдар мен молекулалар туралы айтқанда көрсетіледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интернет желісі, bilimland.kz, twig-bilim.kz материалдары.

Бастапқы білім

Заттаржәне физикалық денелер (жаратылыстану 5 сынып) Химияға кіріспе. Элементтер, қосылыстар және қоспалар (7. 1 A бөлім)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-6 минут

7-10 минут

11-14 минут

15-19 минут

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушыларды сабаққа кірістіру үшін қандай химиялық элементтер жайлы білетіні, естігені, олардың қолданысы туралы сұралады.

Оқушылардың пікірлерін тыңдап болғасын бастапқы пікірлерін қалыптастыру үшін бейна баян ұсынылады.

https://twig-bilim.kz/film/glossary/element-5060/

бейне баянды тамашалап болғаннан соң оларға қандай терминдерді байқағандарын сұраймыз.

Күтілетін жауап: атом, протон.

Оқушыларға тағы да бір бейне баянды көру ұсынылады.

https://twig-bilim.kz/film/what-is-an-atom-5626/

Осы бейне баяннан соң оқушыларға KWL парақшасының бастапқы екі бөлігі (KW) толтыру ұсынылады

Интернет желісіне қосылған ноутбук, интерактивті тақта

Қосымша 1

20- 23 минут

24-28 минут

29-30 минут

31-40 жұмыс

Атом түсінігін беруші бейне баяны тамашаланады және негізгі термин сөздер мен тұжырымды ойды жазып алу ұсынылады.

Бейне баян «Атом туралы түсінік» тамашаланады.

Тұжырым:

Атомдар – химиялық элементтердің ең ұсақ бөлшектері. Бізді қоршаған барлық нәрсе заттан, ал зат осы ұсақ бөлшектерден тұрады.

Молекула – осы заттың қасиетін өзінде сақтайтын ең ұсақ бөлшек. Молекула – атомдардан құралады.

Мысалы, сутегі – химиялық элемент. Ол тек сутегі атомдарынан тұрады. Ал сутегі атомдары бірігіп сутегі молекуласын құрайды.

Сол сияқты оттегі элементі тек оттегі атомдарынан, темір элементі темір атомынан тұрады.

Көрсетілім: Молимод арқылы атомдарды көрсету және олардың ерекшеліктеріне назар аударту.

Төменде сілтеме арқылы өтіп, мәліметті орындап, тапсырмаларды орындау.

http://www.bbc.co.uk/bitesize/ks3/science/chemical_material_behaviour/atoms_elements/activity/

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Төмендегі химиялық элемент пен олардың атауларын сәйкестендіріңіз.

Химиялық элемент

Атауы

H

Темір

O

Оттегі

Fe

Сутегі

Үй тапсырмасы.

Атом молекула терминін түсіндіретін ертегі құрастырып келу.

Қосымша 1,2,3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Атом және молекула түсінігін қалыптастырады

Атом мен молекуланы салыстыра отырып, олардың ерекешеліктерін сипаттай алатын болады

Әрбір элементтің атомы тек сол элементті көрсететінін түсінеді.

Көпшілік оқушылар:

Атом құрылысына назар аудара отырып көптеген элементтің протон, нейтрон, электрон сандарын есептей алатын болады.

Кейбір оқушылар:

Элементтердің атом құрылысына негізделе отырып олардың периодтық кестедегі орналасуына назар аударады.

Ауызша және жұмыс парағы түрінде берілген сұрақтар мен тапсырмалар мен қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы бағаланады.

Молимодтармен жұмыс жасау кезінде құралдармен жұмыс жасау кезінде мұқият болуы. Өзіне немесе құралға зақып келмеуін қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылар оқу мақсаттарына жетті, оны оқушылардың ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаған жауаптарынан көруге болады.

Сабақтың уақыттық кезеңдері мен бірізділігі сақталды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: түрлі жұмыс формаларының қолданылуы, оқушылардың өзіндік жұмыс жасаулары

2: оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалардың қолданылуы

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың өмірмен байланыстылығы. Таныс немесе таныс емес термин сөздердің маңыздылығы

2: Атом, молекула түініктері шығу тарихымен бейне баянда көрсетілді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылардың оқу стилін ескеруді ұмытпау. Бұл өте маңызды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?