Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар. Химия, 7 сынып, презентация.


7.1.2.2 атом мен молекуланың айырмашылығын білу ОМ қайталау

Атом мен молекуланы ажыратыңдар:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтер.

Жай және күрделі заттар

Оқу мақсаты:

7.1.2.2 - әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;

7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;

7.1.2.4 - заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар білу керек:

Химиялық элементтің жеке бір атом түрі екенін;

Химиялық элементтердің таңбаларын;

Оқушылардың көбісі білуі керек:

Заттың құрамын және табиғатын;

Кейбір оқушылар білуі керек:

Химиялық элементтердің оқылуы бойынша химиялық формула жазуды;

Атомдарды металдар мен бейметалдарға жіктеуді;

Жай және күрделі заттарды ажыратуды.

Бағалау критерийлері:

Химиялық элементтің жеке бір атом түрі екенін білсе;

Химиялық элементтердің таңбаларын білсе;

Химиялық элементтердің қазақша атауларын, оқылуы мен айтылуын білсе;

Химиялық элементтердің оқылуы бойынша химиялық формула жазуды білсе;

Металдар мен бейметалдарды ажыратса;

Жай және күрделі заттарды ажыратса.

Химиялық элемент – химия ғылымының басты ұғымы.

Химияға бұл ұғымды алғаш енгізген – ағылшын ғалымы Роберт Бойль. Ол химиялық элемент деп заттың құрам бөлігін айтқан.

19 ғасырдың басында ағылшын ғалымы Джон Дальтон химиялық элементті атомдардың белгілі бір түрі деп санаған.

Қазіргі химия ғылымы химиялық элементті атомның жеке бір түрі деп қарастырады.

Әрбір элементтің өзіндік химиялық таңбасы бар.

Химиялық таңба (химиялық символ) берілген элементті және оның бір атомын көрсетеді.

Алғашқы химиялық элементтердің таңбасы

Химиялық элементтердің қазіргі таңбасы

Қазіргі таңбалануды ұсынған – швед ғалымы Йенс Якоб Берцелиус.

Сутек атомының таңбасы – H, оның латынша атауы – hydrogenium (гирогениум)

Көміртектің таңбасы – C (carboneum карбонеум)

Сынаптың таңбасы – Hg (hydrargyrumгидраргирум)

Кальцийдің таңбасы – Ca (calcium кальциум)

Тапсырма 1

Белгілі реттілікпен сызық арқылы байланыстырыңыз: «элементтің қазақша оқылуы» - «элементтің қазақша атауы» - «элементтің химиялық таңбасы»:

Тапсырма 1

Тапсырма 1

Егер атомдар саны бірнеше болса, оны таңбаның алдына сан түрінде жазады, ол коэффициент деп аталады.

Сутектің екі атомы – 2H (екі-аш)

Көміртектің үш атомы – 3C (үш-цэ)

Тапсырма 2. Атом санын анықтаңдар:

Магнийдің 1 атомы –

Күкірттің 8 атомы –

Фосфордың 4 атомы –

Калийдің 7 атомы –

Тапсырма 2.

Магнийдің 1 атомы – Mg

Күкірттің 8 атомы – 8S

Фосфордың 4 атомы – 4P

Калийдің 7 атомы – 7K

2Hg,

5Fe,

4O

Химиялық формула – заттың құрамы элемент таңбалары және индекстер көмегімен көрсетілетін шартты түрдегі жазу.

Индекс – химиялық элементтің атом санын көрсетеді, элемент таңбасының оң жақ төменгі жағына жазылады.

Коэффициент – қосылыстың молекула санын көрсетеді, формуланың алдына жазылады.

Химиялық формуланың оқылуы: төрт-литий-екі-эс-о-төрт 4Li2S O4

коэффициент

индекс

2

4

1

Тапсырма 3

Берілген химиялық формулалардың оқылуы бойынша жазыңыздар:

CuSO4 H3PO4 AgNO3 MgSO3 LiOH SiO2 Na2CO3 CaCl2 PbO2 MnO4 HgO CH4

Тапсырма 3

Мен барлығын түсіндім

Сабақта түсінбеген жерлерім бар

Мен ештеңе түсінбедім

Үй тапсырмасы:

Химиялық элементтердің таңбаларын, олардың қазақша атауларын, айтылуын және оқылуын жаттау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?