Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе №5 «Судың қайнау үдерісін зерттеу». Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Тарау: 7.1B Зат күйінің өзгеруі

Мектеп: Павлодар қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: құрастырушы Шорманов И.Р., аудармасы Маманова С.К.

СЫНЫП: 7

Сабақта қатысқаны:

қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе5 «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтеме)

7.1.1.6 қайнау үдерісін зерттеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар тиіс

Білу:

- қайнау, қыздыру қисығы, қайнау температурасы түсініктерін білу

Түсіну:

- қыздыру қисығы мен қайнау температурасы қандай факторларға тәуелді болатындығын түсіну

Орындай алу:

- қайнау түсінігін булану түсінігінен ажырата алу;

- суды қыздыру қисығының өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алу.

 Жетістік критерийлері

Неліктен әр заттың қыздыру қисығы әртүрлі болатындығын түсінеді.

Қыздыру қисығының сипатын қалай өзгерту керектігін түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Заттың табиғаты, қысым қыздыру қисығына қалай әсер ететіндігін ауызша қорытындылау.

Лексика мен терминология:

Температура кипения, парообразование, теплоемкость, концентрация

Диалог/жазылымға арналған сөздер/сөздер тіркестері:

Сұйықтық үстіндегі қысым неғұрлым аз/үлкен болса, соғұрлым қайнау температурасы төмен/жоғары болады.

Судағы еріген заттың концентрациясы неғұрлым аз/көп болса, соғұрлым қайнау температурасы жоғары/төмен болады.

Қыздыру қисығының сипаты заттың табиғатына тәуелді болады.

Құндылықтарды дарыту

«өмір бойы білім алу» мен «ынтымақтастық» құндылықтарын дарытуды сабақ барысында талқылау/әңгімелесу мен топтық және жеке жұмыс жасағанда жүзеге асыруға болады

Пәнаралық байланыс

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстарды қолдану дағдысының дамуына жағдай жасау

Бастапқы білім

Оқушылар білуі тиіс:

бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру;

температура мен жылу мөлшері арасындағы айырмашылықты түсіну және жылу энергиясы бөлшектердің қозғалысын өзгертеді;

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2 мин

Ұйымдастырушылық кезең

Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды белгілейді.

3-12 мин

13-19 мин

Ой қозғау

Мұғалім фронтальді сұрақ қою жүргізеді:

Заттың сұйық күйден газтәрізді күйге айналу үрдісі қалай аталады?

Оқушылардың болжалды жауабы:

Булану, қайнау, бу түзу

Мұғалім оқушыларды дәптерлеріне бу түзілудің анықтамасын жазуды сұрайды:

Бу түзу бұл сұйық (немесе қатты) агрегаттық күйден газ күйіне айналу үрдісі.

Мұғалім оқушларды жұпқа бөледі, ноутбуктер таратады, сұрақтар қояды:

Бу түзілудің қандай түрлерін білесіздер? (бу қалай түзіледі?) Бір-бірінен айырмашылықтары неде?

Кез келген оқушылар жұбының болжалды жауаптары:

бу түзудің 3 түрі бар: 1) қайнау, 2) булануе, 3) сублимация

Қайнау белгілі бір температурада және сұйықтықтың барлық көлемінде орын алады.

Булану әртүрлі температураларда және сұйықтықтың бетінде жүреді.

Мағынаны тану

Мұғалім ақпарат таратады, осының негізінде сабақ тақырыбына шығуды сұрайды:

Бүгін біз зертханалық тәжірибе жүргіземіз, алдымен сіздер мына ақпаратқа негізделе тақырыпты атасаңыздар:

Мұғалім ақпарат таратады:

Бұл үрдіс дезинфекциялаудың (зарарсыздандыру) тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл үрдіс энергияның шығынын талап етеді. Су осы үрдіс кезінде сәйкесінше дыбыс шығарады және күйік тудыру мүмкін.

Оқушылардың болжалды жауабы:

Қайнау үрдісі

Мұғалім:

Дұрыс!

Мұғалім зертханалық тәжірибеге арналған парақшаларды таратады және оқушылардан жұмыс барысымен танысуды сұрайды.

Оқушылар зертханалық тәжірибенің жұмыс барысымен танысады.

Мұғалім қауіпсіздік техникасының ережелерін еске салады және ҚТЕ өту бойынша журналда қолдарын қоюды сұрайды.

тақта, маркер, ноутбуктер, интернет

зертханалық тәжірибе парақтары, ҚТЕ нұсқаулығы

20-35 мин

36-38 мин

Бекіту

Зертханалық тәжірибе №5 «Судың қайнау үрдісін зерттеу» (қосымша 1)

Үй тапсырмасы

1. Қағаз қораптың ішінде ашық жалын үстінде суды қайнатуға бола ма? 

2. Етті биік тау үстінде пісіруге бола ма?

3. Виртуалды практикалық жұмыс жасап көріңіз

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b797d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/2_5.swf

Зертханалық құрал-жабдықтар, зертханалық тәжірибе парақтары

http://www.smekalka.pp.ru/physics/answer_physics_23.html

http://sandbox.openclass.ru/node/431379

39-40 мин

Рефлексия

Оқушылар сәйкес бағанда стикер жабыстырады (кесте тақтада ілініп тұрады).

Оқу мақсаты

Жеттім

Талпынамын

Соңына дейін жеткен жоқпын, сұрақтарым бар

1

7.1.1.6 қайнау үдерісін зерттеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру

Қызыл стикерді оқу мақсатына жетпеген бағанға қойыңыз.

Сары стикерді оқу мақсатына соңына дейін жетпеген бағанға қойыңыз.

Жасыл стикерді оқу мақсатына жеткен бағанға қойыңыз.

Түсті стикерлер, рефлексияға арналған

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет

қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыАКТ байланысықұндылықтармен байланысы (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: қайнау мен булану, қыздыру қисығын біледі Оқушылардың көпшілігі: қайнау температурасына әсер ететін факторларды біледі,

Тәжірибе негізінде қыздыру қисығын сызады

Кейбір оқушылар: қыздыру қисығының сипатының өзгеруін түсіндіре алады

(1) әр сабақ кезеңінде оқушылардан кері байланыс алу

(2) оқушылардың тапсырманы орындап жатқандығын қадағалау

(3) рефлексия нәтижесін талдау

Физикамен байланысты (жылу процесстері, денелердің қозғалысы)

Жұптық жұмыс және басқа оқушылармен, мұғаліммен талқылау басқаның пікірін сыйлау алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзімен жасты оқушылармен және үлкен адаммен қарым-қатынас жасай алу дағдысының дамуына жағдай жасайды.

Интернеттен ақпаратты табу және оны сараптау оқушылардың зерттеу қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары қолжетімді. Түсініктермен жұмыс істеу сәл қиындықты тудырды. Себебі бұл тақырып алдыңғы тақырыптарда өткен және оқушыларға қиын болған кейбір түсініктермен байланысты (агрегаттық күйдің өзгеру энергетикасы).

Оқушылар қайнау мен булану түсініктерінің айырмашылықтарын және су қандай температурада қайнайтынын ұғынды. Оқушылар химияның басқа ғылымдармен байланыстығын түсінді. Жұптық жұмыс оқушылардың табиғи дифференциалануларына жағдай жасады. Сабақ кезеңдері сақталды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  • Жұптық жұмыс
  • Тәжірибе

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  • Оқушылардың білімдерін тереңдету үшін уақытты реттеу, бақылау
  • Тәжірибелер санын арттыру

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. химияның бөлімдерінде кездесетін түсініктерді қайталауға уақыт бөлу.

2. физикадан білімдерінің деңгейіне сәйкес дифференциация жасауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?