Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім 11.4 А Биомедицина және биоинформатика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.4.4.3 - экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің маңызын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Оқушылар сабақта:

ЭКҰ маңыздылығын және этикалық аспектілерін анықтауды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері:

  • ақпаратты тақырып бойынша мазмұнды және түсінікті береді, талдау аспектілеріне қатысады.
  • қажетті терминдерге анықтама береді;
  • берілген әдістің иә және қарсы пікірлеріне дәлелдер келтіреді;

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология:

экстракорпоральды ұрықтандыру, интроплазмалық спермиді енгізу, донорлық ұрықтандыру, гаметаны жатырдың түтігіне енгізу; ағзадан тыс жетілуі, бедеулік, донорлық спермия.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Қауіпсіз ЭКҰ-дан жүкті болып және сау баланың туылуы үшін тағы қандай шаралар қолдану керек? Бірнеше жүктілік жағдайында не істеу керек? ЭКҰ этикалық аспектілеріне …..........

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Медицина: ұрықтану

Алдыңғы білімдер:

10 сынып. Жасушалык цикл және ДНК: митоз, мейоз, ұрық жапырақшалары, органогенез

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Ой қозғау.

Оқушылардан экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін тақтаға жазуды сұрау.

Мүмкін болатын жауаптар:

  • Ата-ана атану мүмкіндігін береді;
  • 100% кепілдік бермейді;
  • Жүктілік кезінде асқынулар бар;
  • Жиілігі: бір эмбрионды жатырға тасмалдау 10%, екі 20%, үш 25% ықтималдылықта болады. тб
  • Егер жатырда екіден көп ұрық пайда болса, онда мұндай жүктілікке төтеп беру өте қиын;
  • Бедеу жұптардың 95% дерлік ЭКҰ-ны бірнеше рет қайтара қолданғаннан нәтиже көрген;
  • Бірнеше рет ЭКҰ қолдану отбасы күйзелісіне әкелуі мүмкін;

Бірлескен талқылау.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 минут

Мағынаны тану.

Оқулық және интернет көзімен жұмыс жасау. Сынып оқушыларын 4 топқа біріктіру. Этические аспекты ЭКО танысып, топ ішінде бірлескен талқылау жасайды.

  • Этические аспекты ЭКО: 1.2.3.
  • Этические аспекты ЭКО: 4.5
  • Этические аспекты ЭКО: 6.7.8.
  • Этические аспекты ЭКО: 9.10

Оқушылар өз топтарында өздері оқып шыккан мәліметтер бойынша пікірталас ұйымдастыруға дайындалады. Топтан 2-3 оқушыны тандап, оларға сомдайтын рөлін бөліп береді.

Өзара бағалау жасайды.

Д. Тейлор,

Н. Грин,

У. Стаут. БИОЛОГИЯ,

т. 3 115 бет

Этические вопросы ЭКО

https://mama.ru/articles/eticheskie-problemy-eko/

15 минут

Пікір талас ұйымдастыру. Ол үшін барлық оқушылар дөңгелек үстелге отырып, өздерінің рөлдерін сомдайды. Нақты айтқанда дін өкілі, дәрігер, ата-ана, бала құқығын қорғаушы юрист, ғылыми зерттеушілер, психологтар деп жинақталып пікірталасты бастайды.

Бағалау критерийлері:

  • ақпаратты тақырып бойынша мазмұнды және түсінікті береді, талдау аспектілеріне қатысады.
  • қажетті терминдерге анықтама береді;

берілген әдістің иә және қарсы пікірлеріне дәлелдер келтіреді;

Пікірталас барысында:

  • Ана құрсағынын тыс ұрықтану, барлық діни қозқарасқа қарсы келеді, адамның жаратылысы анасының құрсағында табиғи жолмен болу керек;
  • Дәрігерлер өз қалауынша эмбрионды басқа да мақсаттарға қолдануы дұрыс па? Немесе бұл тек ата-ананың құқығы ма?
  • 14 күн ішінде эмбрион бөлініп, егіздердің пайда болуына ықпал етуі мүмкіндігін ұмытпауымыз керек;
  • Қалған эмбриондарды басқа зерттеулерге қолдану дұрыс па?
  • Келесі донор ретінде ата –ана эмбриондарды сақтап қоюына мүмкіндік алады;
  • Донор болған адам ата-ана ретінде құқығын сақтай алады ма?
  • Эмбрионды мұздатып сақтау эмбрионға қауіп төндіруі мүмкін бе?
  • Тұқымқуалайтын аурулардан сақтана аламыз ба?
  • Баланың жынысын таңдау дұрыс па?
  • Көпұрықтың болуы отбасының қаржы мәселесіне қалай әсер етуі мүмкін?
  • ЭКҰ жатырдан тыс жүктіліктің болуы мүмкіндігін арттырады;
  • Ата-анаға психологиялық күш түсуі жайлы;
  • ЭКҰ өте қымбат процедура;
  • Жасанды және табиғи жолмен ұрықтанған балаларда аномалиялардың болу ықтималдығы жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

Д. Тейлор,

Н. Грин,

У. Стаут. БИОЛОГИЯ,

т. 3 115 бет

7 минут

«Пікірталас өрісі» арқылы сабақты бекіту. Оқушыларға ЭКҰ этикалық аспектілері туралы тақтаға бірнеше сұрақтар жазуын сұрау. Оқушылар «ия, келісемін» және «жоқ, келіспеймін» деп береді.

Ия, келісемін ____Пікірталас сұрағы ____Жоқ, келіспеймін

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

«Нысана» әдісі бойынша.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде сұрақ-жауап. Бірлескен талқылау жасалады. Топтық жұмыстарда бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Өзара бағалау жасайды.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу