Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі және оның маңызы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім 11.4 А Биомедицина және биоинформатика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі және оның маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.4.4.3 - экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің маңызын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Оқушылар сабақта:

ЭКҰ әдісінің қандай жағдайда жасалатындығын;

ЭКҰ технологиясын;

ЭКҰ маңыздылығын ұғынуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері:

  • ақпаратты тақырып бойынша мазмұнды және түсінікті береді, талдау аспектілеріне қатысады.
  • қажетті терминдерге анықтама береді;
  • берілген әдістің иә және қарсы пікірлеріне дәлелдер келтіреді;
  • ұсынылған әдістің өткізілу механизміне сипаттама береді.

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология:

экстракорпоральды ұрықтандыру, интроплазмалық спермиді енгізу, донорлық ұрықтандыру, гаметаны жатырдың түтігіне енгізу; ағзадан тыс жетілуі, бедеулік, донорлық спермия.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Қауіпсіз ЭКҰ-дан жүкті болып және сау баланың туылуы үшін тағы қандай шаралар қолдану керек? Бірнеше жүктілік жағдайында не істеу керек? ЭКҰ бағдарламасының қандай кезеңдері бар?

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершілігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Медицина: ұрықтану

Алдыңғы білімдер:

10 сынып. Жасушалық цикл және ДНҚ: митоз, мейоз, ұрық жапырақшалары, органогенез

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ой қозғау.

(Ұ) Оқушыларға әлемдегі бірінше «пробиркадан пайда болған сәби» Луиза Браун туралы видеоны көрсету

Л.Браунның қазіргі фотосуретін көрсетіп (табиғи жолмен дүниеге келген өзінің баласымен).

Оқушылардан экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің себептері мен қажеттілігі жайлы сұрау.

Қабылдауға болатын жауаптар:

-бедеулік, ананың денсаулық күйі, клондауды қолдану

Бірлескен талқылау. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

«Пробиркадан туған бірінше бала» видеосы (ағылш.):

https://www.youtube.com/watch?v=uoRhVmX8krM&t=179s

Сабақтың ортасы

3 минут

Сыныптық талқылау.

Дүние жүзі бойынша мемлекеттер арасында қосалқы репродуктивті технологияға тәуелді график көрсетіледі.

Мемлекеттерге талдау жүргізіп, кай мемлекеттерде қосалқы репродуктивті технологияға тәуелділік жоғары не төмен екендігін бірлесе талдау жасау. Себептерін болжау.

ФО: бірлескен талқылау. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Слайд 3

5 минут

13 минут

6 минут

2 минут

Мағынаны тану.

Бүкіл сыныппен ЭКҰ қалай жұмыс жасайтындығы жайлы видеоны көру. Видеоны көру барысында ЭКО-ң түрлі кезеңдерін талдау үшін секунд кідірістерді жасап, мұғалім тарапынан кішкене түсіндірмелер жасалады.

Топтық зерттеу жұмысы. Сынып оқушылары ақпарат және интернет көзін пайдаланып 3 топта экстракорпоральды ұрықтандырудың маңызды аспектілеріне зерттеу жасауды тапсыру.

  • 1-топ. ЭКО-ның тиімділігі және оған қалай дайындалу керек?
  • 2-топ. ЭКО-ға дайындық кезіндегі алгоритм
  • 3- топ. Егер жүктілік болмаса не істеу керек? Жүктілік сәтті болған жағдайда не істеу керек? Бірнеше жүктілік жағдайында не істеу керек?

Экстракорпоральды ұрықтандыру туралы плакат дайындау және плакат ішінде аталған зерттеме бойынша анықтамалар және иә/ қарсы дәлелдер, сонымен қатар оның механизмі көрсетілуі керектігін оқушыларға жетізу.

Топтар басқа топтарға баяндама жасайды. Әр топка баяндама үшін 2 минут беріледі.

Топтарды бағалау. Топтық жұмыстың бағалау критерийлері:

  • ақпаратты тақырып бойынша мазмұнды және түсінікті береді;
  • талдау аспектілеріне қатысады;
  • қажетті терминдерге анықтама береді;
  • берілген әдістің иә және қарсы пікірлеріне дәлелдер келтіреді;
  • ұсынылған әдістің өткізілу механизміне сипаттама береді.

3D animation of how IVF works https://www.youtube.com/watch?v=GeigYib39Rs

Ақпарат парақшасы

4 минут

Сабақты бекіту.

Пәндік лексика мен терминологияға қайта оралу:

экстракорпоральды ұрықтандыру, интроплазмалық спермиді енгізу, донорлық ұрықтандыру, гаметаны жатырдың түтігіне енгізу; ағзадан тыс жетілуі, бедеулік, донорлық спермия.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Қауіпсіз ЭКО-дан жүкті болып және сау баланың туылуы үшін тағы қандай шаралар қолдану керек? Бірнеше жүктілік жағдайында не істеу керек? ЭКО бағдарламасының қандай кезеңдері бар?

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия"+, -,?

"Оқушылар стикерлерде жазады:

"+"- сабақта не білді?

"- "- сабақты жақсарту бойынша ұсыныстар

"?"- сұрақтар

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде сұрақ-жауап. Бірлескен талқылау жасалады. Топтық жұмыстарда бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Өзара бағалау жасайды.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу