Экология және қоршаған ортаға адамның әсері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ ПРОБЛЕМАСЫ
«Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді. Қанша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыздықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды. Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бастауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жиғызбай барады» /1/.
«Мәңгі жасыл құрлықтарды жаз ортасында қар басып, Гренландияның мұз құрсауларының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр. Ғаламдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктикамұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр»/2/.
Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. «Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрап, қауіптің деңгейі өсе түсті»/3/.
Иә, жаһандық жылыну аңыздан ақиқатқа айналды. Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісінің қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатқанына ешқандай күдік қалмады. Жер шары қызып барады. Өткен ғасырда ауаның температурасы бүкіл дүние жүзінде Цельсия бойынша 0,7 градусқа жылынған. Соның салдарынан Килиманджаро шыңдарын ғасырлар бойы құрсаған қарлар еріп, теңіз түбіндегі маржанды жартастар ізсіз жоғалуда.
“Ауа райының өзгеру құбылысын екі мың жылға тарта тарихы бар климатология ғылымы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасырдың соңына дейін бұл ғылымның ізденістеріне адамзат қауымдастығы тарапынан аса бір қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жатқандығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжамдарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүниенің төрт бұрышында да жердің жоғарғы қабатының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген тұрғыда емес, бұл проблеманың төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмендеуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін тигізген адамзаттың техногендік әрекеттерінің салдары ма деген тұрғыда өрбіп жатыр.
Сөйтіп, жер бетіндегі мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Гренландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктиканың мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға жетеді. Сонымен бірге Солтүстік Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз қабаттары4 метрқалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың мәңгі мұз құрсанған шыңдары бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып отырған күрделі қауіп те осы мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.
«Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеорология ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды».\4\
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл — ғаламдық жылыну.
Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы. «Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған».\5\ Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Болашақ қауiптiң алдын алуға жанталасқан Швейцарияда қазiр Альпi тауларының мыңжылдық мұздықтарының еру процесiн баяулату үшiн мұз бетiн полиэтилендi жабындымен жаппай қаптап, адам ойына келмейтiн iстердi атқаруда. Бiз қайтемiз?! Ұшар басындағы ақ қар, көк мұздары жылдам ерiп, күн өткен сайын аласарып бара жатқан мұзарттарымызды аман сақтау үшiн сиқырлы жабындылармен жабамыз ба? Алапаттың алдын алу үшiн өсiмдiк әлемiн мейлiнше көбейте түсу керек дейдi мамандар. 2020 жылға дейiн ауаны ластайтын парниктi газдардың шамасын 40 пайызға кемiтсе жетiп жатыр. Иә, айтар ауызға оңай болғанымен, өркениет дамыған сайын, Жер-ананың бауыры ластана бермек. Жалпы, ғаламдық жылыну – 40 жылдан берi қозғалып отырған мәселе.
«Қазақстанда да бұл – бұрыннан бар проблема. Өйткенi, таудағы мұздықтардың 40 пайызы ерiп кеткен»\6\. Ендi қалған мұздықтар бұдан да тез еруi мүмкiн. Бiздегi таулардың мұздықтары ғана емес, дүние жүзiндегi мұздықтардың барлығы дерлiк ерiп жатыр. Гималай, Кавказ, Альпi, Памир, Тянь-Шань, Анд тауларында да мұздықтар азайып барады. Сондықтан болашақта миллиондаған адам ауызсусыз қалуы мүмкiн. Бiр ғана Гималай тауынан бастау алатын өзендер Қытай мен Үндiстанды ауызсумен қамтамасыз етiп отыр. Сол сияқты елiмiз де мұздықтардан айырылса, ауызсусыз қалады. Бұл – бiр. Екiншiден, сел қаупi төнедi. Қалада жаңбыр жауса, тауға қар түседi. Ал егер мұздықтар ерiп кетсе, бiрден сел ағады. Онда Алматыны су шайып кетедi.
Бұл жаһандық жылынудың симптомдары. Зерттеушiлердiң болжамынша, алып мұздардың еруi келер ғасыр еншiсiне тиесiлi болатын. Бiрақ мұздар келер уақытты күтпей, қазiрдiң өзiнде-ақ су болып ерiп кетудiң алдында тұр. Антарктидада осы жылдың көктемiнде мұзды көпiр жарылды. Солтүстiк полюсте мұздардың ерiп кетуiнен жаңа аралдар пайда болды. Ғалымдардың есебiнше, Арктикадағы мұз осы ғасырдың орта шенiнде түгелдей ерiп бiтедi. Салдарынан әлемнiң көптеген қалаларын су басады. Онда Лондон, Нью-Йорк, Токио, Амстердам, Шанхай мен Бомбей қалаларының тағдыры қыл үстiнде тұр дей берiңiз.Енді ғаламдық жылулану проблемаларын қалай алдын-алуға болады?! Бірінші алапаттың алдын алу үшін өсімдіктер әлемін көбейте түсу керек . Қазіргі таңда “Парниктік эффект” деген ұғым кең қолдануда, ол дегеніміз не?! Әр түрлі зиянды газдардың мөлшерін азайту керекпіз. Ол үшін жеңіл көліктердің санын азайтып,оның орнына қоғамдық көліктердің санын арттыру керек, өйткені автокөліктердің түтінінен бөлінетін зиянды заттар бүкіл ағзамызды улауда .Бензинмен жүретін көліктердің мөлшерін қысқартып,газбен қуаттандырылатындарының санын арттыру саясаты жүргізілсе! Халық арасында “Қоршаған ортаны қорғау ” тақырыбында іс-шаралар жүргізілсе деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.http://tonykok.kz/290-arktikada-mz-zhyldam-erp-zhatyr.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?