Өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.3.1.4 өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, χ2-критерий) қолданып зерттеу.

Сабақ мақсаты

  • экожүйенің статистикалық әдістерін зерттеу туралы білімін қалыптастыру
  • зерттеу дағдыларын қалыптастыру
  • өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, нәтижелерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • статистикалық деректерді талдаудың оңтайлы әдісін анықтау
  • зерттеу нәтижелерін дұрыс түсіндіру

Тілдік мақсат

Негізгі мәліметтерді тыңдау, түсіну және жазып алу.

Пәндік лексика және терминология: экожүйенің түрі, тұрақтылығы, эндемиктер, генетикалық әртүрлілік, экожүйелердің әртүрлілігі, , еркіндік дәрежесі, нөлдік гипотеза, баламалы гипотеза, байқалатын айнымалылар, күтілетін айнымалылар.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық дағдыны есептер шығару барысында қолданады.

Алдыңғы білімдер

Биосфера және экожүйе: 7, 9 сынып.

Қоректік тізбектер: 7 сынып.

Биосфера, экожүйе, популяция: 8 сынып.

Эволюциялық даму және селекция негіздері: 10 сынып.

Тірі организмдердің әртүрлілігі: 9, 10 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. "Сәйкестікті тап»

Оқушыларды зерттеу әдісінің атауын тиісті суреттермен салыстыруды сұраңыз.

Өз таңдауын негіздеуді және осы әдістердің ерекшеліктерін түсіндіруді сұраңыз

Жұмыс түрі ауызша.

Бағалау: мұғалімнің кері байланысы

Презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

II Жаңа тақырыпты зерттеу.

1. Сабақтың тақырыбы, Оқыту мақсаты, бағалау критерийлерімен танысу

Мұғалімнің түсініктемесі. Күтілетін нәтижелер туралы бірлесіп талқылау.

2. Мұғалім оқушылармен зертханалық жұмысты орындаудың қадамдық нұсқаулығын талқылайды

3. Топтарды құру.

Презентация

15 минут

5 минут

2. Зертханалық жұмыстарды жүргізу

Зертханалық жұмысты жүргізу критериі

Бастапқы идеяларды жоспарлау (нөлдік және баламалы гипотезаны қалыптастыру).

1. Практикалық мысалдарды иллюстрациялаумен теорияда түсіндірілетін зерттеу кезеңдері.

2. Зерттелетін экожүйелердің иллюстрациялары (суреттер, фотосуреттер), оның ішінде орналасқан жері туралы карталар мен ақпарат, әдістер (көлденең кесік, квадраттар және т. б.))

3. Табылған немесе болжамды түрлердің идентификациясы / тізімі.

4. Деректер (мысалы, белгілі бір учаскеде түрлердің таралу %, учаскеде болатын түрлердің мәні мен жалпы саны)

5. Стьюденттің t-өлшемін есептеу./ хи квадрат

6. Деректерді талдау (статистикалық өңдеу).

7. Зерттелетін экожүйелерді салыстыру.

Зертханалық жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз нәтижелерін бөлісіп, талқылайды.

Бағалау: бағалау критерийлеріне сәйкес топтарды өзара бағалау.

Квадрат, халат, қолғаптар, жазуға арналған дәптер

Презентация

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:

  • Жұмыстың қай түрін орындау сізге қиыншылықтар келтірді?
  • Келесі сабақта сізге мұғалім тарапынан қандай көмек болғанын қалайсыз?

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциалды тапсырмалар, өзара оқыту. Талдаудың статистикалық әдісін дербес таңдау.

Зертханалық жұмысты өз бетінше орындау дәрежесі. кейбір оқушылар мұғалімнің қолдауын кажет етеді

Бірлескен талқылау. Мұғалімнің түсініктемесі. Бағалау критерийлері бойынша оқушыларды өзара бағалау.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу