Өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.3.1.4 өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, χ2-критерий) қолданып зерттеу.

Сабақ мақсаты

  • экожүйенің статистикалық әдістерін зерттеу туралы білімін қалыптастыру
  • зерттеу дағдыларын қалыптастыру
  • өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, нәтижелерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • статистикалық деректерді талдаудың оңтайлы әдісін анықтау
  • зерттеу нәтижелерін дұрыс түсіндіру

Тілдік мақсат

Негізгі мәліметтерді тыңдау, түсіну және жазып алу.

Пәндік лексика және терминология: экожүйенің түрі, тұрақтылығы, эндемиктер, генетикалық әртүрлілік, экожүйелердің әртүрлілігі, , еркіндік дәрежесі, нөлдік гипотеза, баламалы гипотеза, байқалатын айнымалылар, күтілетін айнымалылар.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық дағдыны есептер шығару барысында қолданады.

Алдыңғы білімдер

Биосфера және экожүйе: 7, 9 сынып.

Қоректік тізбектер: 7 сынып.

Биосфера, экожүйе, популяция: 8 сынып.

Эволюциялық даму және селекция негіздері: 10 сынып.

Тірі организмдердің әртүрлілігі: 9, 10 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

7 мин.

5 мин.

5 мин

7 мин

10 мин

4 мин

2 мин

  • «Проблемалық сұрақ»

«Зерттеушіге қалалық саябақ пен қосымша қоректік базасы жоқ,үлкен өнеркәсіп ұйымы территориясының маңында мекен ететін құстар санының арасындағы байланыстың болуын құру керек»

  • Қалай ойласыздар, мұндай байланыс болуы мүмкін бе?
  • Мұны қалай зерттеуге болатындығын болжаңыз;

Проблемалық сұрақты талқылау.

Шешімі:

Зерттеуші үлкен өнеркәсіп ұйымы (Х) территориясы мен қала саябағы (Ү) территориясындағы жау торғай дараларын санады. Зерттелетін участоктің екеуінің де ауданы бірдей.

Зерттеуші болжамды тексереді; үлкен өнеркәсіп территориясы маңында қосымша қорекбазасы жоқ.

Алынғаннәтижелерден екі участоктегі құстардың арасында айырмашылық көрінеді. Үлкен өнеркәсіп ұйымы маңындағы құстармен салыстырғанда,қосымша азық базасы бар саябақ (саябақтағы демалушылар қоректендіруі мүмкін) территориясындағы құстар үлкен.

II. Жаңа тақырыпты игеру.

1. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен танысу

Мұғалімнің түсініктемесі. Күтілетін нәтижелер туралы бірлесіп талқылау, проблемалық жағдайға жауаптар ұсыну.

2. Видеоматериалмен жұмыс.

Бейнематериалды қарау кезінде оқушылар бейнематериалды түсіндіру ретінде қолданылған мысалын көрсетуі тиіс.

Оқушылардың жауаптарын талқылау

Бағалау: Оқушылардың кері байланысы.

3. Мұғалімнің түсініктемесі. "статистикалық әдістер және оларды қолдану" Мұғалім сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, есептің шығарылу жолын реттілікпен түсіндіреді.

4. Өзіндік жұмыс.

Оқушылар талдаудың қандай да бір әдісін таңдап, өзіндік тапсырманы орындайды.

Бағалау критерийі:

      • Гипотеза құрастыру.
      • Хи квадрат немесе t-тесттің мәнін түсіндіру.
      • Еркіндік дәрежесін анықтау.
      • Қорытынды жасау

Бағалау бағалау критерийіне сәйкес.

5. Венн диаграммасы

Стьюденттің t - критерийі мен Хи-квадрат арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетуді сұрау.

Ұқсастықтары:

  • екі группаны салыстырады;
  • гипотезаны қозғау (зерттеушілік, нольдік, альтернативті);
  • еркіндік дәрежесі есептеледі;
  • гипотезаларды қабылдау мен кестедегі дайын мәндерді салыстыру;

Айырмашылықтары:

  • теориялық мәннен ауытқуды есептеп шығару үшін есептеу;
  • әртүрлі формулалары бар;

Рефлексия: «БББ». Кестені толтыру: Білемін. Білдім. Білгім келеді.

Презентация

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=knOaA6mO_F8

Презентация

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциалды тапсырмалар, өзара оқыту. Талдаудың статистикалық әдісін дербес таңдау.

Зертханалық жұмысты өз бетінше орындау дәрежесі. кейбір оқушылар мұғалімнің қолдауын кажет етеді

Бірлескен талқылау. Мұғалімнің түсініктемесі. Бағалау критерийлері бойынша оқушыларды өзара бағалау.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу