Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4.В Биосфера, экожүйе, популяция | Мектеп:
| |||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Мұғалім: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.3.1.2 - өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін пайдаланып зерттеу | |||||||||
Сабақ мақсаттары | • жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын зерттеу • жергілікті экожүйеде организмдердің көптігі мен таралуын анықтау үшін әртүрлі статистикалық әдістерді қолдану | |||||||||
Бағалау критерийлері | Жергілікті аймақтың экожүйесіне зерттеуді жоспарлайды және жүргізеді. Баяндама жасауда осы зерттеуге қатысты мүмкін қателіктерді бағалайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Зерттеу нәтижесінен X тобы Y деп тұжырымдайды. Құжат / зерттеу X сенімді (сенімсіз), өйткені бұл ... Олар Х түсіндіре алды ма? Мен бұлай емес екеніне сенімдімін | |||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар әр түрлі экожүйелерді сипаттаған кезде - экология, оқушылар шаршыны қолданып есептеуде математика пәнімен байланыс орнатады. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау Microsoft PowerPoint | |||||||||
Бастапқы білім | Экологияны зерттеу үшін қолданылатын құрал-жабдықтар мен әдістермен таныс болу. Статистикалық әдістерді қолдану тиісті математикалық дағдыларды қажет етеді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-3 | 1. Оқушылар презентациядағы суреттерге қатысты талқылау жүргізеді. • Іріктеу әдістерінің және олардың абиотикалық және биотикалық факторлардың өзгеруін өлшеуге қалай қолданылатынын түсіндіріңіз. Оқушылар зерттеудегі тиісті жабдықтарды анықтап ұсынуға талпыныс жасайды. Мұғалім оқушыларға осы тақырыпқа арналған лексика мен терминологияны қолдана отырып оқушылардың талқылауын бағыттай алады. Талқылау үшін диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасын пайдаланыңыз. 2. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы анықталады және сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері қалыптастырылады. | Презентация | ||||||||
Сабақтың ортасы 03-10 10-20 20-23 23-27 27-37 | 3. Бастапқы білімді жандандыру үшін мұғалім оқушылардан экожүйе туралы бейнені көруді сұрайды Оқушыларға арналған сұрақ: - Экожүйе дегеніміз не? Оқушылар жауаптарымен ауызша бөліседі. Мұғалім осы мезетте жауаптарды тексере алады және дұрыс ұсынылған жауапты негізге алып оқушылар дәптерлеріне жазады. 4. Экожүйені зерттеу.
Кездейсоқ таңдау: шаршыны қолдану (i) Пайыздық жиілік Бұл жаттығуда сіз өсімдіктің пайыздық жиілігін зерттейсіз. Бұл сапалы зерттеу өсімдік түрінің бар немесе жоқ екенін зерттеуде қолданылады. Бұл әдіс тіршілік ету ортасындағы түрлердің әртүрлілігі туралы түсінік береді. Бұл жаттығу үшін сіз кем дегенде 5 өсімдікті / баяу қозғалатын жануарларды анықтап, жазып алуыңыз керек және бейімделуіне қатысты жазба жүргізу қажет. Кіші зат (қалам) кездейсоқ түрде оқушылардың артына қарай лақтырылады, содан кейін қаламның үстіне шаршы қойылады. Егер түр бар болса, оны «√» белгісімен белгілейді, егер ол жоқ болса, оны «х» белгісімен белгілейді. Бұл 10 рет қайталанады. Түр көрсетілген шаршы саны пайыздық жиілікті алу үшін лақтырылған шаршылардың жалпы санына көбейтіледі. Мысалы, егер 10 шаршы лақтырылса және түймедақ гүлдері 7 шаршыда болса, онда тіршілік ету ортасындағы түймедақтың жалпы пайыздық жиілігі 70% құрайды. (ii) Жамылғы пайызы Бұл жаттығуда сіз өсімдіктің жамылғы пайызын зерттейсіз. Бұл әрекет үшін сіз торы бар шаршыны қолданасыз. Тордың көлденең және тік сызықтары болады, онда бұл сызықтар бір-бірімен қиылысады - «соққы нүктесі» болып табылады. Егер түр осы жерде табылса, ол «соққы» аймағы ретінде жазылады. Егер шаршы 5х5 болса, онда 25 тор бар, сондықтан бір шаршыда түрдің ең көп саны 25 болуы мүмкін. Шаршыны 10 рет лақтырып, нәтижелеріңізді жазыңыз. Әрі қарай әр түрдің пайыздық жамылғысын есептеу керек. Егер түймедақтың 10 шаршыдан 93 рет түскен болса, сіз келесідей есептейсіз: 1 Соққының жалпы саны = 93 2. Ықтимал түсулердің жалпы саны = 25x10 = 250 3. Жалпы соққыны мүмкін болатын түсулерге бөліңіз = 93/250 = 0.372 4. Жабынды пайызын алу үшін 100-ге көбейтіңіз = 0.372 x 100 = 37.2% Кездейсоқ емес іріктеу: Сызықты трансекта қолдану Бұл әрекетті орындау үшін сіз әрбір метрде белгіленген арқан / өлшеу таспасын қолданыңыз. Бұл тіршілік ету ортасындағы кеңістіктің ұзындығында өсімдіктердің өзгеруін көруге мүмкіндік береді. Әр метрлік белгіде тор шаршысы бар сызықта 10 іріктеу нүктесі бар. Әрбір метрлік белгіде сіз келесі абиотикалық факторларды өлшейсіз; жарық қарқындылығы = жарық өлшегіш, ылғалдылық = гигрометр, ауа температурасы = термометр, топырақ температурасы = топырақ термометрі, топырақ рН = рН метр. Сондай-ақ, сіз қандай өсімдіктердің тіршілік ететінін жазып, шаршының қанша пайызын алатындығын есептейсіз. 5. Сәйкестендіру. Оқушылар әр анықтаманы дұрыс терминмен сәйкестендіреді. Жауапты пайдалана отырып оқушылар жұптасып тексереді. 6. Шын немесе жалған Шынайы және жалған мәлімдемені анықтаңыз. «Ш» белгісі - шын, ал «Ж» - жалған. Егер мәлімдеме жалған болса, өз жауабыңызды түсіндіріңіз. Ауызша тексеру жүргізіледі. 7. Бекітуге арналған сұрақ. Мектептің экожүйесінде орманға қарағанда көбірек өсімдік түрлері бар-жоғын анықтау үшін қандай әдісті қолданғаныңызды сипаттаңыз. | Презентация https://www.youtube.com/watch?v=58rctRL_2g0 Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | ||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Сабақтың тақырыбы мен мақсатына қайта оралу Рефлексия «3 не!» • Жаңа сабақта не білдік? • Сабақта не қызықты болды? • Сабақ барысында сіз нені өзгертер едіңіз? | Жапсырма қағазы | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Дифференциация тапсырма бойынша, нәтиже бойынша, жеке қолдау арқылы, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын таңдау арқылы болуы мүмкін (Гарднердің көптік интеллект теориясы). Дифференциацияны сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады, тек уақытты басқаруды ескеру керек. Дифференциация топтық зерттеулердің презентациясы, әдістерді көрсету сияқты әр түрлі іс-әрекетке негізделуі мүмкін. Қабілетті оқушылар өз сыныптастарына көмектесе алады, мұғалім сабақ барысында қажеттілігіне қарай оқушыларды қолдай алады. Оқушылар экожүйені зерттеу әдістерін талдап түсіндіреді. Сонымен қатар шаршы және трансекта әдістерін салыстыра білуі керек. | Презентациядағы суреттерді қолдана отырып сыныпта талқылауды бақылау. Мұғалім оқушыларға жақын арадағы даму аймағын анықтауға сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. «Шын немесе жалған» тапсырмасы өзара тексеру жүргізуге мүмкіндік береді. Бекітуге арналған сұрақ оқушылардың оқу жетістіктерін айқындауға негізделген. | Үзіліс және физикалық жаттығулар. Сабақта, әсіресе оқушылардың қозғалысы кезінде орын алатын қауіпсіздік ережелері сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?