Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.3.1.3 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

- Қазақстанда орналасқан қорықтардың атын және орналасқан орнын анықтау;

- Әрбір қорықтың флорасы мен фаунасын зерттеу;

- Әрбір қорықтың эндемиктері мен сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарларын білу;

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • берілген уақытқа сай жұмыс істейді;
  • берілген тақырыпқа сай жұмыс мазмұнының сәйкестілігі;
  • топтағы/жұптағы барлық оқушылардың қамтылуы;
  • көрнекі материалдардың сапалы болуы.

 Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология: түр, түрдің алуантүрлілігі, экожүйенің тұрақтылығы, эндемиктер, продуценттер, консументтер, қоректік торлар, автрофтар, гетеротрофтар, генетикалық алуантүрлілік, экожүйенің алуантүрлілігі, түрдің алуантүрлілігі, түрдің біркелкілігі

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Бұл …. әсерінен болуы мүмкін

Бұл былай болар еді ….

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

География: Қорықтың орналасу аймағы

Алдыңғы білімдер:

Биосфера және экожүйе: 7, 9 сыныптар

Қоректік тізбек – 7 сынып

Биосфера, экожүйе, популяция – 8 сынып

Эволюциялық даму және селекция негіздері: 10 сынып

Тірі организмдердің көптүрлілігі: 9, 10 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Ой-қозғау:

Сұрақ

Табиғатта сиреп немесе жойылып бара жатқан өсімдік немесе жануарды қалай сақтап қалуға болады?

Мақсатты тұжырымдау: Оқушылар өздіктерінен сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айқындайды.

Экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Мұғалім тақырыпты тақтаға жазады немесе интерактивті тақтада көрсетеді.

Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • берілген уақытқа сай жұмыс істейді;
  • берілген тақырыпқа сай жұмыс мазмұнының сәйкестілігі;
  • топтағы/жұптағы барлық оқушылардың қамтылуы;
  • көрнекі материалдардың сапалы болуы.

Слайд 1.

Слайд 2.

Слайд 3.

Сабақтың ортасы

11-16

17-20

21-54

Мағынаны тану:

Қорықтар туралы бейнежазба көрсету

Қорық ұғымының анықтамасымен оқушыларды таныстыру және оқушылар дәптерлеріне көшіреді.

Қорық - сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ

(Ж/Т) Оқушыларды 10 топқа бөлеміз. Топқа бөлу үшін «атомдар және молекулалар» әдісі қолданылады.

Оқушыларға презентация түрінде хабарлама дайындауды ұсыныңыз:

Жұмысты бастамас бұрын оқушыларды жұмыс ретімен таныстырыңыз. Қажетті құралдармен қамтамасыз етіңіз.

  • Презентацияға қолданатын қорық түрлерін бөлу үшін қорық атауын қағазға жазып, оны әр топ мүшелері таңдауды ұсыныңыз.
  • Әр топ/жұп өздеріне берілген тақырып бойынша ақпаратты «Аквариум» форматында презентациялайды.
  • Бір топ/жұп дайындаған материалдарын таныстырады, қалған оқушылар ұсынылған материалмен танысып, бақылайды.
  • Презентация дайындау уақыты 15 минут
  • Презентация қорғау уақыты 5 минут

Қазақстан қорықтары:

Ақсу-Жабағылы қорығы;

Алматы қорығы;

Наурызым қорығы;

Барсакелмес қорығы;

Қорғалжын қорығы;

Марқакөл қорығы;

Үстірт,

Батыс-Алтай қорығы;

Алакөл қорығы;

Қаратау қорығы;

(Қорықтар туралы материал қосымша 1)

Әр топқа көрінетіндей етіп дескрипторды іліңіз немесе тақтада көрсетіңіз, жазңыз.

Дескриптор

Презентация дайындау уақыты сақталды

Қорғау белгіленген уақыты сақталды

Қорық туралы тарихы қамтылған

Қорықтың құрылу мақсаты берілген

Қорықтың орналасқан орны көрсетілген

Қорықтағы өсімдік және жануарлар түрлеріне мысалдар келтірілген

Қорықтың эндемик түрі көрсетілген

Топтағы/жұптағы барлық оқушылардың қамтылуы

Ұсынылған материал көрнекі

Бейнежазба

Слайд 4.

Слайд 5.

Слайд 6.

А4 форматтағы қағаз немесе плакат, постерлер, түрлі-түсті қарандаш

Слайд 7.

Қосымша 1

Слайд 8.

Сабақтың соңы

55-70

71-80

Дескрипторлар арқылы оқушылардың жұмыстары бағаланады.

Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:

  • Жұмыстың қай түрін орындау сізге қиыншылықтар келтірді?
  • Келесі сабақта сізге мұғалім тарапынан қандай көмек болғанын қалайсыз?

Үй тапсырмасы: Мәліметті (интернет) дәптерде жазу.

Жергілікті жердің сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктері мен жануарлары (егер болса).

Слайд 9.

Слайд 10.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде «Блум түймедағы» әдісі қолданылады. Оқушылар мұғалімнің ұсынған бағалау критерийлері бойынша, сыныптастарын бағалайды.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу