Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалім үшін нұсқаулық
Сабақтың теориялық мазмұны, ұғымдар, анықтамалар және т.б.
Экожүйелер – энергия мен қоректік заттардың айналымы арқылы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатқан әр түрлі ағзалар жиынтығы мен олардың өмір сүру ортасы. Экожүйенің тірі құраушысы – қауымдастық (биоценоз). Экожүйелер кеңістіктік масштабы бойынша әр түрлі деңгейдегі мына экожүйелерді қарастырады: микрожүйелер, мезоэкожүйелер, макроэкожүйелер, үлкен экожүйелер. Өмір сүру ортасына байланысты құрлықтық және сулы экожүйелерді қарастырады. Экологиялық факторлар – экожүйедегі тірі ағзаларға қауымдастығы мен жалпы экожүйе тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған ортаның маңызды факторлары. Экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: биотикалық, абиотикалық және антропогенді факторлар. Абиотикалық факторларды тірі ағзаларға тікелей не жанама әсер ететін өлі бейорганикалық табиғаттың компоненттері мен құбылыстары құрайды. Негізгі әсер етушілерге климаттық, топырақтық не эдафостық, сулы орта факторлары жатады. Ағзалардың тіршілік әрекетінің басқа ағзалар тіршілігіне және өздерінің қоршаған өмір сүру орта компоненттеріне тигізетін әсері биотикалық факторлар кешенін құрайды. Антропогенді экологиялық факторлар адамның іс-әрекетінің тек тірі ағзаларға ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның абиоттік факторларына да әсерін көрсетеді. Олар адамның мақсатты бағытталған немесе кездейсоқ іс-әрекеттерінің нәтижесінде болатын және экожүйенің құрамы мен дамуына, биосфераның дағдарысына әсер ететін экологиялық факторлардың жиынтығы. Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек (трофикалық) – экожүйеде ағзаның қоректенуі кезіндегі органикалық заттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін ағзалар тізбегі. Продуценттер (ағылш. to produce - өндіру) – бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өндіретін ағзалар. Жер бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамыз. Консументтер (латын. консуме – тұтыну) басқа ағзалармен (продуценттермен) өндірілген органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Экожүйедегі бұл ағзалар гетеротрофты деп аталады. Редуценттер – органикалық заттар қалдықтарын бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.)
Демонстрациялық және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар.
Оқушылар жұмыс кезінде сынып ішінде қозғалуында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Сабақты ұйымдастыруға арналған қосымша нұсқаулар.
Сабақта уақытты үнемдеу үшін тапсырмаларды бағалау критерийлерін және оларға арналған нұсқаулықтарды мультимедиялық тақтаның (Active Board) экранында көрсетілгені жөн.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: (логикалық және дәйекті; сыныпта қолдануға ыңғайлы болу үшін нөмірленген)
1. Ой шақыру
Кіріспе – Taboo (Тыйым)
2. Сабақтың мақсаты
Тақырыпты, сабақ мақсаттарын және бағалау критерийлерін қалыптастырыңыз.
3 Мұғалімнің қысқаша таныстыруы. (Қысқаша мазмұндау арқылы негізгі ұғымдарды ұсыну, оқушылардың қатысуы, сабақтың мақсатын қайталау немесе негізгі ұғымдарға шолу жасау).
- Графикалық органайзерді қолданып
- Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.
1. Аллель жиілігін болжау
2. Генотип жиілігін болжау
3. Екі теңдеуді қолдану
- Сұрақ 1-4
Харди-Вайнберг заңы. Тапсырмаларды шешуде Харди-Вайнберг теңдеуін қолданады.
4 Бағалау:
Оқушыларға өздерінің оқуын бағалауға және қол жеткен жетістіктері туралы ойлауға мүмкіндік беріңіз. Олар өздерінің дағдыларындағы немесе біліміндегі қажеттіліктерін анықтап, жұмыстарын ұйымдастыра алады.
Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?